12 жылдық білім беру мақсаты
>
Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын қолдану – оқушының оқудағы танымдық іс — әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту технологиясы – шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау,тіл дамытуға бағытталған. [6; 13]
Бұл технологияның ерекшелігі: оқығанын пікірсайысқа салу, сабақ құрылымының тиімділігі, дидактикалық ойындар, өзіндік іс — әрекет қарқындылығы, сабақта әр оқушыға өзін — өзі көрсетуге мүмкіндік беретін педагогикалық жағдай құру.
Бұл технологияның бір ерекшелігі «жақсы», «жаман» оқушылар деп бөлмей, барлық баланың ой — өрісін дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы.
Коммуникативті оқыту технологиясы – сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайды жасайды. Коммуникативтік әдіс оқушылардың танымдық оқу іс — әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралы болып табылады. Коммуникативтік әдісті қолдану кезінде қарым – қатынас дағдысы, тұлғаның адамгершілік қасиеті, өзінің ортақ мақсаты тілегіне бағына білуін қалыптастырады.
Жоғарыда көрсетілген барлық технологияларды орынды, шеберлікпен қолдана білсе, үлкен нәтижеге жетуге болатынын және жоғары дидактикалық жетістіктерді байқауға болатындығы анық. Осыған орай жеке тұлғаны жан – жақты дамытуда жеке тұлғаға бағытталған сабақ құрылымының технологиясы да,мұғалімге қойылатын талап та өзге болуы тиіс.
Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз – оқушыға деген құрмет,ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты, «сахналық алаң». Осындай сабақты жобалау және өткізу технологиясы мұғалімді жаңа, бұрын таныс емес кәсіби позицияға қояды: әр баланың жеке даму процесіне,оның тұлғалық қалыптасуына кешенді педагогикалық бақылау жүргізетін, ол бір мезгілде пән мұғалімі де, психолог та болуы тиіс.
12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып,әрбір технологияны өздік жолда әдіс – тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін,өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез — құлқында — мінезі, темпераменті,талабы,көзқарасы,талғамы байқалып, үнемі өзін — өзі үйретуі, өзін — өзі тәрбиелеуі,өзін — өзі дамыту, өз іс әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы,өзін үнемі жетілдіріп отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді.
Балаларды сүйетін, өз пәнін жетік меңгерген,психология,педагогиканы терең меңгерген – жаңашыл мұғалімнің алдында білім алған бастауыш сатыны бітірген жеке тұлғаның бейнесі мынадай болуы тиіс.
| | скачать работу |
12 жылдық білім беру мақсаты |