Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

16 ғасырдағы Жетісу аймағындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

інде ноғайларға қарсы күрескендігі туралы орыс деректерінде кездеседі [11].

Сонымен Қазақстанның біресе Жетісу аймағында, бірде Оңтүстік Қазақстанда, бірде Батыс Қазақстанда болуының өзі оның Қазақ хандығының территориясының көрсетілген аймаққа ие болғандығын көрсетеді. Бұл жағдайды М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда Жошыдан кейін атақты Қасымдай хан болған жоқ. Ол бүкіл Дешті Қыпшаққа билік жүргізді дейді [12]. Тарихшының бұл мадақтауынан Қасымханның кезінде Қазақ хандығының нығайып жері кеңейіп, халқының саны бір миллионнан асып, халықаралық тарих сахнасына шыққанын көреміз. Сонымен Қасымханның кезінде Қазақ хандығының шекарасы оңтүстігінде Сырдарияның оң жағалауына жетіп Түркістан аймағындағы қалаларды өзіне қосып, оңтүстік-шығысында Жетісудың таулы етектері мен жазықтарының едәуір бөліктерін қосып алған. Ал терістік шығыс жағында Ұлытау мен Балқаш көлінің аймағына Қарқаралы тауларына дейін, ал терістік батысында Жайық өзені аңғарына дейін алып жатты [13].

Қазақ хандарының ішінде өресі ең биік болған Қасымға дейін ол туралы жоғарыда айтылды. Оның және бір басты дәлелі ел аузында аңыз болып осы уақытқа дейін сақталған. «Қасымханның қасқа жолы» деген аңыз. Бұл жол туралы әртүрлі талас та бар. Бірақта оның жазба деректерде сақталмағандығы. Кейбір зерттеушілердің қарастырғаны ма жоқ әлде халқымыздың әдет-ғұрып, салт-санасына байланысты ойлап жатқандарыма ҚазақССР қысқаша энциклопедиясының І-томының А., 1984 жылы, 295-бетінде Қасымханның қасқа жолынан деп бес түрлі ережені көрсеткен онда [14]: 1. Мүлік заңы (жер дауы, мал, мүлік); 2. Қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу); 3. Әскери заң (аламан міндеті, қосып жасау т.б.); 4. Елшілік жоралары (шешендің, халықаралық қатынаста сыпайылық, майталмандық, әдептілік); 5. Жұртшылық заң (ас, той, мереке үстіндегі ережелер т.б.). Міне осындай ел ішінде заңдар қолданғандықтан да Қасымхан мемлекетті басқаруда оны ұйымдастыруда көптеген жетістіктерге жеткен атақты парасатты хан. Бұл ереже ешбір өзгеріссіх ХVІІІ-ғасырдың басына дейін жерін Тәуке хан өз кезіндегі билер кеңесінде «Жесір дауы» мен «Құн дауын» қосып «Жеті жарғыға» жеткізген деген пікір туады. Қасымханның туған, қаза болған жылдары туралы нақты деректер жоқ. Ғалымдардың шамалы болжау пікірлеріне қарағанда 1445 жылы туып 1521 жылы қаза болған [15]. Сарайшық қаласына жерленіп басына күмбез тұрғызылған. Қасымханның кезінде Қазақ хандығының беделінің өсіп жері кеңейгенімен, бір орталыққа бағынған тас-түйін мемлекет болмаған. Оны ол қаза болғаннан кейін ел ішіндегі талас-тартыстың әсерінен хандықтың әлсірей бастағанынан толық көруге болады. Қазақ Ордасын алғаш тұтастырушының жолын көп жылдарға созылған қантөгістерден соң, соң Хақназар хан ғана жалғастыра білгені тарихтан мәлім.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     М.Х.Дулати. Көрсетілген еңбек, 270 бет.

2.     М.Х.Дулати Көрсетілген еңбек, А., Тұран баспасы, 2003, 270-бет.

3.      М.Х.Дулати Көрсетілген еңбек, 30-бет.

4.     Қазақстан тарихы ІІ-том, А., 1992, 374-бет. (Академиялық здания көне заманнан бүгінге дейін бес томдық)

5.     М.Х.Дулати Көрсетілген еңбек, 307-бет.

6.     М.Х.Дулати Көрсетілген еңбек, 307-бет.

7.     М.Х.Дулати Көрсетілген еңбек, 309-310-беттер.

8.     М.Х.Дулати Көрсетілген еңбек, 310-бет.

9.     А.П.Чулошников. Очерки по истории казак-киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских племен. Ч.1. Древнее время и средние века. Оренбург, 1924, 125 бет.

10.           МИКХ, 177 бет.

11.           А.Исин. Материалы  Посольского приказа русского государства о казахском ханстве Х‡І-начало Х‡ІІІ вв. Мына кітап: Вопросы историографии  источниковедения Казахстана (дореволюционной период) А., 1988, 165 бет.

12.           М.Х.Дулати Көрсетілген еңбек, 111-бет.

13.           Қазақстан тарихы, 2-том, А., 1998, 375-376 беттер.

14.           Қазақ ССР қысқаша энциклопедиясы, І-том, А., 1984, 295 бет.

15.           Б.Кәрібаев. Аты аңызға айналған хан. Қазақ тарихы, №2, 1996, 29 бет.

12
скачать работу

16 ғасырдағы Жетісу аймағындағы Қазақ хандығының саяси жағдайы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ