Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

1921 жылғы аштық:себептері мен салдары

жатқан жағы аш губерналарда. Бұл аш губерналардың астық расхоты һәм жетпей жатқаны төмендегіше:

Аш губерналардың жалғыз келесі жазғы салатын егінге керекті тұқымының өзіне 5 630 000 пұт астық керек (1 200 000 десятина). Биылғы шыққан егіннен алған барлық астығы ендігі жазғы тұқымына да жетпейді. Біз бұл жоғарыда көрсетілген сандарменен аштықтың ауданын көрсетіп отырмыз. Әйтпесе өзі аштан қырылып жатқан адамдар ендігі жылғы тұқымына биылғы астығын қалдырар ма. Оның өзін осы биыл жеп тауысып та қойды.

Кімді аш деп есептеуге болады

Аштардың санын алу өте қиын болды. Кімді аш, кімді аш емес, өз тамағын өзі асырай алады деп есептеу үшін қандай белгілі негізге қойылып, қандай шаруасы бар үйлер аштарға қосылу керек? Қазақ Республикасының санақ басқармасы 1920 һәм 1921 жылғы алынған сан бойынша былайша есептеген.

Шаруа ретіменен бөлектеу (группировка)

1920 жылдың санағы бойынша аш губерналардың шаруасы екі түрлі белгіменен бөліктенген: Егінжай ауданы һәм мал санына қарап. Бұдан соң жер һәм шаруа түріне қарап районға бөлінген. Районға бөлінгенде шаруаның өзі үш түрге айрылды:

1. Егін кәсібін қылатын район

2. Егін һәм мал бағу кәсібін қылатын район,

3. Көшпелі жалғыз-ақ мал бағатын район.

Отырықшы егін кәсібін қылатын һәм егін мен мал бағу кәсібін қылатын екі район да негізгі шаруаға егін, көшпеліде мал есепке алынды һәм әрбір шаруа бөлімінің жан, мал, һәм егін десятинасының орын саны есептеліп шығарылды. Әрбір түрінің (районының) есебін есептеп ұзын санын 1920 жылдың 1-ші алынған санақ пен 1921 жылдағы алынған санақты салыстырып, қаралып түзетілді. Сөйтіп, әрбір үйдің мал, егін шаруасына қарап, мал саны, егін саны бірдейлерді бірге жинады. Мәселен, 1921 жылы аш губерналарда екі қарасы жеке бір десятина егін салғандардың саны қанша екен, содан соң 1921 жылы мұның қаншасы кеміген. 1920 жылы бір қаралы бір мың жан болса 1921 жылы бір қаралы он жан болған. Міне осылай ылғи қара саны егін десятинасы бірдейлерді бірге жинап егіні, малы бар қанша үй, олардың бұл егін малы неше ай өздерін асырап, сақтап, шыдауға жарайды. Һәм мүлде жоқ құр қара мен сақа басы қалғандардың санын есептеп білген.

Егін салатындар салған егін десятинасына һәм алған астығына қарап былай бөлінген:

1. Астығы жоқ бір десятина үшке шейін

2. 3-тен 5-ке шейін, 5-тен 8-ге

3. 8-ден 9 һәм жоғары.

Мал бағатын районда әр үй шаруасының мал саны былайша бөлініп бес бөлікке бөлінген:

1. Бір қарадан 3-ке шейін

2. 4-8;

3. 9-15;

4. 16-25;

5. 26-һәм бұдан көп.

Биылғы салынған егіннің десятинасына алынған астық бүтін есептелгенде әр бөлімге егін шығысы бірдей деп ойланған.

Бұл есептен мал саны жеке екі десятинасының саны кем болмаса артық есептелді деуге болмайды. Себебі қазақ шаруасы жылдан жыл кеміп, азайып бітуге жақындап келе жатқанын басында жазып өттік һәм әркімге де айдай ашық белгілі.

Жоғарыдағы шаруа ретіменен бөлінгенде Сырдың егін һәм малы 5-ші һәм 6-шы бөлікке тура келетіндерді, яғни 8 десятина егін еккен 25 қарасы барлар биылғы алған астығына қарамай, аштар санына қосылмай шығарылып қалынды. Қалған бөліктердің биылғы алған астығы һәм малы неше күн күнкөруге жететінін есептеп, қолындағы астығы таусылғанынан аштар қатарының есебіне кіргізілетін қылынды.

Осылай есептегенде аштардың саны мынадай:

Осы күні декабрь менен январьда аштардың саны 2 039 900 жан. Бұл аш губерналардағы барлық жанның жүзден 59-ы (59%).

Аш губерналардың соңғы хабарларына қарағанда күннен күнге өсіп, көбейіп барады. Нан таусылды. Жұрт шөп жеп, ағаштың тамырын, өлексе жиюшы еді. Оның өздерінің аздығы һәм аузына түскенді жеп тамақ қылып аштан, аурудан өлгеннің көбейгендігін білдіреді.

Аш губерналардың қолдарындағы бар астықтан тамақтық нәрседен басқа жіберген өкімет халықтың бір үйіне тиісті астықтың саны аштарға беретін өлшеумен айына 16 қадақтан.

Аш губерналардың барлық ішермендікке керек астығы 6 575 000 пұт. Бұған келесі жазғы тұқым астықты қосқанда 1 320 000 пұт болады. Бұл халыққа ең аз өлшеумен бергендегі керектісі. Мұны патшалық беруге міндетті. Егер де астық табылмаса, халықтың бәрі аштан өліп, құрып таусылмақ. Қазақ Республикасындағы жергілікті халық қазақ халқы мәдениет жүзінде әбден кейін қалған көшпелі жұрт. Далада астық апаратын шойын жол, ауруларын қарайтын аурухана, бастарын қосып, бір жерден асырауға жері шалғай бытыранды. Аштықтан сау жаққа көшіруге жылы киімі жоқ. Ауырып, аштан қырылып жатыр. Соның үшін қалғанын аман сақтап, алып қалу үшін жылдамырақ жәрдем ісіне қатынаспаса, қазақ халқынан тарихта бар еді, жоқ болды деген сөз ғана қалмақ.

12
скачать работу

1921 жылғы аштық:себептері мен салдары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ