Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

1960-90 Ж.ӘДЕБИЕТІ. ПРОЗАДАҒЫ ТАРИХИ ТАҚЫРЫП (І.Есенберлин, Ә.Нұрпейісов, Ш.Мұртаза, Қ.Жұмаділов, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, С.Елубаев т.б. шығ.нег.)



 Другие рефераты
Ж.ЖАҚЫПБАЕВ, Ж.НӘЖІМЕДЕНОВ, К.МЫРЗАБЕКОВ ПОЭЗИЯЛАРЫНЫҢ ЖАНРЛЫҚ-КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ПРОЗАДАҒЫ ӨНЕР АДАМДАРЫНЫҢ БЕЙНЕСІ (С.Жүнісовтің «Ақан сері», З.Ақышевтің «Жаяу Мұса» және Т.Әлімқұловтың шығ. негізінде) МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Лекция мақсаты: 1960-90 ж.әдебиетінің дамуына сипаттама беру. Прозадағы тарихи тақырыптың кеңінен өріс алуына тоқталу.

Сұрақтар:

1.. Қазіргі прозадағы тарихи тақырып. Әдебиеттің тақырып аясының кеңеюі, формалық жағынан түрленуі.

2.. І.Есенберлин «Алтын Орда», «Көшпенділер» трилогиясы.

3. Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» ғұмырнамалық эпопеясы

4. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясы.

5. Қ.Жұмаділов «Тағдыр», «Соңғы көш», «Дарабоз» туындылары

6. М.Мағауин «Аласапыран» дилогиясы, Ә.Кекілбаев «Үркер», «Елең-алаң» романдары, Д.Досжанов «Жібек жолы» романы, С.Елубаев «Ақ боз үй», «Мінәжат» романдары.

І.Есенберлин. Шығармашылық жолы. Туындыларының идеялық-көркемдік нысанасы. Көркем шығарма және жазушы позициясы. Уақыт және кеңістік. Аңыз, ауызекі әңгіме, халықтық мифтердің қолданылу сипаты.Халықтық бірлік, елдік ұйытқы, патриотизм сарындары. Туындыларының идеялық-эстетикалық сапасы, поэтикалық-жанрлық сипаты. «Алтын Орда», «Көшпенділер»  трилогиялары. Тарихи шындық және көркемдік шешім. Трилогиялардағы халық бейнесі. Халықтық тұлғалар. 15-19 ғасырлардағы қазақ қоғамының ішкі қарым-қатынасын, халықтың тәуелсіздігі үшін басқыншы жаулармаен күресін берудегі жазушы шеберлігі.Трилогиялардың қазақ әдебиетіндегі орны, мән-маңызы.

Жазушының бүгінгі күн тақырыбындағы туындылары, тақырыптық жүйесі. «Ғашықтар» романы, шығармадағы адамгершілік идея. Жазушы тәсілі. «Алтын құс» романы. Шығарма формасы, сюжеттің ой ағымымен берілуі. «Маңғыстау майданы» романы, тартыс кесектігі, мінез даралығы. «Аманат» романы, шығармадағы тарихи фактілер, ғылыми тұжырымдар. Ғылыми ізденістер психологиясы. «Айқас», «Қатерлі өткел», «Махаббат мейрамы» романдары, тақырып, идеясы. Образдар жүйесі. «Аққу құстар қуанышы» романы, тақырып обьектісі. Өнер адамдарының бейнесі. І. Есенберлин поэмалары. Тематика,проблематикасы. Көркемдігі, тілі.

Ш. Мұртаза. Шығармашылық жолы. «Қызыл жебе» ғұмырнамалық эпопеясы. Шығармадағы Т.Рысқұлов бейнесі. Психологиялық шешім. Авторлық баяндау мәнері. Лирикалық-философиялық ырғақ. Өмірлік деректер және көркемдік шешім. Туындының тарихи негізі. Сюжет сындарлығы. Көркемдік ерекшелігі. Жазушының повестері мен әңгімелеріндегі дәуір бейнесі, жастар өмірі. Ш. Мұртазаның драмалық шығармалары, тематика, проблематикасы, идеясы.

Ә. Нүрпейісов. Шығармашылық жолы. «Қан мен тер» трилогиясы. Шығармада көтерілген әлеуметтік мәселелер. Арал балықшыларының өмірі. Туындының тақырыбы мен идеясы. Сюжет пен композициясы. Образдар жүйесі. Еламан бейнесі. Ішкі-сыртқы сипаты. Достық қарым-қатынасы. Рухани қалыптасуы. Тәңірберген бейнесі. Болмыс-бітімі. Тәңірберген бейнесі және өмір шындығы.

Қ. Жұмаділов. Шығармашылық жолы. Жазушы шығармаларының тарихи негізі. «Соңғы көш», «Дарабоз» дилогиялары. «Дарабоз» дилогиясындағы Қабанбай бейнесі. «Атамекен», «Көкейкесті», «Тағдыр» романдары. «Тағдыр» романындағы Демежан бейнесі. Тарихи тұлға және дәуір. Образдар жүйесі. Жазушы туындыларының тақырыптық жүйесі. Шығыс Түркістандағы қандас бауырлар өмірінің шынайылықпен суреттелуі. Отаршылдық езгіге түскен қазақ қауымының тағдыры, адамдар психологиясы. Жазушының даралық келбеті.

М. Мағауин. Шығармашылық жолы. «Аласапыран» дилогиясы. Тарихи негізі. Ішкі логикалық ағын, уақыт тынысы. Идея бірлігі. Штрих, деталь. Көркемдік шешім. Психологиялық иірім. Ораз-Мұхамед бейнесі. Жазушының образ сомдау тәсілі. Образдар жүйесі. М. Мағауин – ғалым. «Қобыз сарыны» монографиясы. Құрастырылумен берілген «Алдаспан» антологиясы.

Х. Есенжанов. Шығармашылық жолы. Туындыларындағы дәуір шындығы. «Ақ Жайық трилогиясы», «Ағайынды Жүнісовтер» романы. Қазақстанның Батыс өлкесінде болған тарихи оқиғалардың суреттелуі. Жазушы романдарының тақырыбы. Қаламгердің өмір шындығын эпикалық кең көлемде суреттеуі. Образдар жүйесі. Тарихи тұлғалар. Трилогияның тарихи сипаты, фольклорлық, этнографиялық қырлары.

Ә. Кекілбаев. Шығармашылық жолы. «Үркер», «Елең-алаң» тарихи- философиялық романдары. Тақырыбы, идеясы. Композициясы. Тарихи негізі. Романдағы халықтық бейнелер. Әбілқайыр тұлғасы, тарихи шындық және көркемдік шешім.

Ә.Әлімжанов. Шығармашылық жолы. «Ұстаздың оралуы» романы. Әл Фараби бейнесі және тарихи шындық. Тарихи деректер және образдар жүйесі. «Махамбеттің жебесі» романы. Тақырыбы, идеясы. Махамбет және Исатай образдары, тарихи негізі. Шығарманың тілі, көркемдігі. «Жаушы» романы, туындының формалық жағынан түрленуі. Халық тарихының бейнеленуі.

Д.Досжанов. Шығармашылық жолы. «Жібек жолы» тарихи романы. Романдағы Қайырхан бейнесі. Кейіпкерлер жүйесі, оқиғалар желісі. Тарихи факті және көркемдік шындық.

С.Елубаев. Шығармашылық жолы. «Ақ боз үй», «Мінажат» тарихи романдары. Жазушының қамтыған тақырыбы. Қаламгерлік шеберлік. Образдар жүйесі. «Мінажат» романындағы Шеге, Хансұлу, Сұржекей, Қозбағар, Ждақай бейнелері. Шығарманың тілі, көркемдігі.

С.Сматаев. Шығармашылық жолы. «Елім-ай» тарихи дилогиясы. Тарихи шындық және көркемдік шешім. Образдар жүйесі. Шығарманың тілі, көркемдігі.

Өзін-өзі бақылау тапсырмалары:

1. Қазіргі прозадағы тарихи тақырып. Әдебиеттің тақырып аясының кеңеюі, формалық жағынан түрленуі туралы айтыңыз.

2.. І.Есенберлин «Алтын Орда», «Көшпенділер» трилогиясы.

3. Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» ғұмырнамалық эпопеясы

4. Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясы.

5. Қ.Жұмаділов «Тағдыр», «Соңғы көш», «Дарабоз» туындылары

6. М.Мағауин «Аласапыран» дилогиясы, Ә.Кекілбаев «Үркер», «Елең-алаң» романдары, Д.Досжанов «Жібек жолы» романы, С.Елубаев «Ақ боз үй», «Мінәжат» романдарына комплексті талдау жасаңыз.

Әдебиет:

1.     Қазақ әдебиетінің тарихы, 8-10 томдар.-Алматы, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, 2000-2005 жж.
2.     Дәдебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті: Лекциялар курсы.- А.: Қазақ университеті, 2003.- 284 б.
  1. Дәдебаев Ж. Қазіргі кезеңдегі қазақ тарихи прозасының дамуындағы М.Әуезов дәстүрі.-А.: ҚазҰУ, 1981, 47 б.
  2. Төлеубаева К. Қазақ романдарындағы драматизм.-А., 2004.-125 б.
  3. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы.- А.: Ғылым, 1979.- 240 б.
  4. Бердібаев Р. Замана сазы. Зерттеулер мен мақалалар.-А.: Жазушы, 1985.-320 б.
  5. Байжанов С. Замандас туралы толғау.- А.: Жазушы, 1973.-223 б.
скачать работу


 Другие рефераты
Ах, эти странные англичане!
Уголовно – правовое значение аффекта
Прилагательные
Дефицит государственного бюджета


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ