Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абай әлемі

ет-шапқат иесі болу.
Абай осы түбегейлі идеясын бірде ғақлия сөзіне, бірде өлеңіне өзек етіп, дамыта береді. Тағы бірер мысал алайық.
«Ауруды жаратқан — Құдай, ауыртқан Құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан – Құдай, бай қылған, кедей қылған Құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе жоқ» (28-сөз) дейді Абай. Бұл жерде де әділет-шапқатқа меңзелгені сөзсіз. Осымен, данышпан Тәңірінің әділет заңын орындау я орындамау, яғни бақытқа жету-жетпеу әр пенденің өз ырқы екенін білдіреді.
Әділеттік, арлылық, махаббат пен –
Үй жолдасың қабірден әрі өткенде, -
дей келе:
Ғадәләт пен мархамат — көп азығы,
Қайда көрсең, болып бақ соған көмек, —
(«Көк тұман-алдыңдағы келер заман» 1897 жыл).
деп түйін түйеді Абай. Келер жылы тағы бір әйгілі өлеңінде:
Махаббат ғадауатпен майдандасқан,
Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? –
(«Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма» 1898 жыл).
деуінде не сыр бар? Ақын жүрегі неліктен майдан алаңы, махаббат сезімі не үшін майдандасты? Әділет үшін. Мұны осы кездерде жазылған «Жүрегім менің – қырық жамау» өлеңінде:
Жүрегім менің – қырық жамау,
Қиянатшыл дүниеден, -
деп ойшылдың өзі паш етеді («қиянатшыл» сөзі «әділетсіз» сөзіне синоним).
Сонымен, Абайдың поэзиясында, әсіресе, кітап «Ғақлия» атты мұрасында «қалың елі, қазағын», өзге халықтар қатарына қосу, яғни «ел қылу» идеясы бүкіл қоғамда әділдікті орнықтыру идеясымен қабыса табысқанына көз жеткіземіз. Бұл ерекшелікті ғұлама М.Әуезов бізге былайша білдіреді: «…Ылғи ғана таза адамшылық жолын үгіттейді. Әділдік, шыншылдық, махаббатты – бауырмалды арлылық, ойшылдық, сыншылдық сияқты адамды адам қылатын жан тәрбиесінің барлық негізін қолданады».
Енді Абайдың екінші қолжазба кітабы — «Ғақлиат-тасдиқат» (қазіргіше 38-ші қарасөз) мазмұнына көшелік.
Алдыңғы кезеңде, яғни өлеңдері мен «Ғақлия» кітабында қадау-қадау көрінген әділет-мархамат концепциясы 1898 жылдан беріде жүйелі ілімге айналуы, жаңа сатыға көтерілуі заңдылық. Абайдың екінші кітабы — «Ғақлиат-тасдиқат» міне осының асқақ айғағы. Бұл даналық еңбек басты үш бөліктен тұрады: бірінші — Алланы тану (мұсылманша мағрифатулла), екінші — әділет, махаббат Тәңірінің ісі, хикметі екенін дәйектеу (Абайдың өз сөзімен айтқанда: «Алла тағаланың пенделеріне салған жолы қайсы?» екенін білу), үшінші — адамның кәмалатқа жету шарттары немесе «ғадалетті адам» идеалын сомдау.
Біз алдарыңыздағы мақалада қойылған міндетке орай, ойшылдың әділет-махаббат Тәңірінің заңы екенін дәйектеген ой-пайымдарын ғана шолып өтпекпіз.
«Адам баласынан махшарда сұрау алатұғын қылып жаратқандығында һәм ғаделет, һәм махаббат бар» дейді Абай трактаттың мағрифатулла бөлігін аяқтаған тұсында.
Осыдан соң, ғұлама Алла тағаланың адам баласының пайдасына жасаған несібе, нығметтерін түгелдей тізбелеп айтып: «Бұл хикметтерінің һәммасында мархамат һәм ғаделет заһир тұр екен» деп түйін түйеді. Он сегіз мың ғаламның бір тәртіпке бағынып, аса күрделі зор мәшина сияқты таңғажайып үйлесімділікпен жұмыс жасауы енді түсінікті: Құдай ісінің бәрі мархамат-ғаделеттің көрінісі екен.
Әрі қарай Абай ғаламдық көріністерден адам баласының іс-әрекеттері қалайша мархамат-ғаделетті болмақ деген мәселеге ауысады.
«Енді белгілі, иман құр инанышпенен болмайды, ғаделет уә рафғатпенен болады, — дейді данышпан. — Ғамалус-салих (жақсы істер) ғаделетті мархаматты болмақ. Күллі тәнмен қылған құлшылықтарың ешбір ғаделетті мархаматты бермейді. Көзің күнде көреді намаз оқушы, ораза тұтушылардың не хәлетте екендіктерін, оған дәлел керек емес». Демек, иман шын болудың маңызды шарты –көпке пайдасы тиетін ізгілікті істер — ғамалус-салихтерді атқару, қысқасы, «мархамат-ғаделетті иманның шартынан хисап қылу».
«Алла тағаланың пендесіне салған жолы қайсы?» деген бүкіләлемдік сұраққа ұлы Абайдың берер жауабы міне осы.
Даналық трактат — «Ғақлиат-тасдиқатта» (қазіргіше 38-ші қарасөз) жүйеленген әділеттілік ілімі жайлы сөзіміз осымен тәмам.
Төрткүл дүниені төңкеріп өткен талай ұлы төңкерістерді білеміз. Олардың әділет сезімге сүйенбегені, оны желбіреген туына жазбағаны кәне. Бірақ бұл «әділет» пен Абайдың «ғаделеті» арасы жер мен көктей алшақ. Алдыңғысы бір қоғамды түбірімен қопарып тастап, келесісін орнатуға бағытталса, Абайдікі Тәңірінің ісі, заңы сапасында болғандықтан жұртшылықты тыныштыққа, береке-бірлікке ұйыстыруға қызмет етеді. Кемеңгердің жай ғана «әділет» демей, оған міндетті түрде шапағат, махаббат, мархамат ұғымдарын қосақтауының мәнісі осы арада, осылайша жаңа сападағы категорияны, кеңірек алғанда ілімді қалыптастырған деуге керек.
Абайдың әділет, махаббат іліміне Шәкәрімнің «ар ілімі» сабақтасады. Мысалға Абайдың әйгілі концепциясы «үш сүю» — дің бірі — әділет. Яғни Абай Алланы сүй, адамзаттың бәрін сүй дей келе, үшінші әділетті атайды:
Және хақ жолы осы деп әділетті.
Шәкірті Шәкәрім бұл идеяны:
Тәңірі жолы – ақ жүрек,
Сайтан деген – қиянат.
Ақ жүректі ертерек,
Ескер-дағы қыл әдет, -
деуімен қуаттайды. Абай: «Бұл ғаделет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі — ғалым, сол — ғақыл» деп түйіндесе, Шәкәрім:
Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,
Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес, -
деп шегелейді.
Соңғы айтар жай, Абай ашқан әділеттілік ілімі, заңы сияқты рухани компас бола алатын тың танымға, темірқазық идеяға адамзат көші аса зәру. Адамзаттың тыныштығы ғаделет-мархаматпен болса, әлемдік діндерге ақиқат таным арқылы ғана жан бітеді.
Таяу күндерде елордамыз — Астана төрінде өтетін әлемдік діндердің ІІІ форумында береке, тыныштық іздеген ғұламалар игі мақсаттар үшін бас қоспақ. Олардың ой-толғауларында махаббатты, әділеттілікті орнықтыру жетекші идеяның бірі боларына сенімдіміз.

12
скачать работу

Абай әлемі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ