Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абай Құнанбаевтың Евгений Онегиннен аудармасы

рістететін қозғаушы күш. Абай Онегині: айттым – болды, піштім – кесілді дейтін шешімінде қатып қалатын тұлға. Татьянаға турасын айтады. Адам бір өзінен басқа дос таппаса, өлген артық, бетіңді әрі бұрсаң, “шықты көзім, болдым көр” (Абай. 2 том. 45 б.) – дейді. Сол сөзінде тұрады. “Онегиннің өлердегі сөзін” айтқызушы – эпистолярлық романның бас кейіпкерінің қайсар характері.

Бар басылымдарда эпистолярлық романның ақырғы бөлімі – “Онегиннің өлердегі сөзі” тақырыбының қосалқы анықтамасы жақшаға алынған (“А.С.Пушкиннен)” деген сөзден тұрады. Бірақ Пушкинде ондай сөз жоқ және болуы да мүмкін емес. Пушкиннің Онегині – басқа характер. Бұл да мінезді бейне. “Я знаю: в вашем сердце есть И гордость, и прямая честь” (А.С.Пушкин. Соч., в трех томах. Том 3. Госиздат художественной литературы. М., 1964. С. 158), – дейді Татьяна сүйгенімен мәңгі қоштасар мезетте. Бірақ бұл Онегин реализмнің басқа шәрбетінен суарылған. Жар құша алмадым деп, Вертер я Қайыс сияқты “мәжнүнше” мүжіл­мейді. Романның Пушкин жазып бітіріп үлгірмеген оныншы тарауында ол декабристер қозғалысына қатысуға тиісті. Әлі жігер-қайраты кеміп таусыла қоймаған, бар өмірі – алда.

1937 жылғы мақаласында Мұхтар Әуезов Абайды Онегин образын түсінбеді деп сынайды. “Егер терең бойлап, Онегин образының логикасын түсініп, тамыр-түбін абайласа, аударманың аяғында оған мылтық ұсынып “енді өзіңді өзің өлтіруің-ақ қалды” деп дәмеленбес еді” (Мұхтар Әуезов. Жиырма томдық. 17-том. Алматы. “Жазушы”. 64 б.) – деп жазады. Абайдың бір қателескен жері, бірінші тарауда берілген сыпаттаманы ескермеген, дейді. Ескермегені рас. Оны бас абайтанушымыз дәл басып айтқан. Тек ол Абайдың “қателескен жері” емес, Онегин характерін өзінше алып бейнелеген ең табысты тұсы. Мұхтар Әуезовтің “эпистолярлық роман” деген анықтамасы тіліне сол кезде іліксе, бұл сынының орынсыздығын бас абайтанушының өзі де аңғарар еді.

“Татьянаның қырдағы әні” “Абай жолы” роман-эпопеясының кейінгі басылымдарында “Биікте” деп аталды. Татьянаның мұңына Пушкиннің өзінен кем соқпайтын тіл бітірген Абай, айтты-айтпады, эпистолярлық романында шығармагерлік шыңына көтерілген еді. Иә, Абайдың эпистолярлық романы замандастарының көңілінінің төрінен орын тапты.

“— Қайран Татьяна, қазақ қызынан да мұңдасыңды таптың ба! Талай шыншыл жасқа тіл бітірер-ау! – деген еді Ысқақ”. (Мұхтар Әуезов. Шығармаларының елу томдық жинағы. 23-том. 2005. 439 б.).

Шыншыл жасқа тіл бітірген, әрине, авторы. Абай хат түрінде жазылған шығармасымен күллі әдебиетімізді жанрлық жаңа өріске шығарды. Әдебиетімізде роман шымылдығын ашты. Сайып келгенде: дүние жалған, тағдыр тәлкегі тақырыбын қаузау арқылы өлең-хаттың эпикалық тынысын тереңдетті; махаббат драмасын лирикамен астастырды; ұлттық-поэтикалық соны дәстүрге жол салды. Қазақ өлең шығармасын роман етіп сөйлетіп, жаңа жанр тілін сындырды, стилін қалыптастырды; адамның ішкі өмірін, жан сырын жыр етіп төкті; психологиялық талдау өнерін бастады; ақжолтай болып, қазақ топырағында роман бәйшешектерін қаулатты.

Қазақтың “Бақытсыз Жамал” (1910), “Қалың мал” (1913), “Қамар сұлу” (1914) секілді алғашқы романдарының бас тақырыбы – тұрмыстық тақырып: әйелдің бас бостандығы. Жамал, Ғайша, Қамар арулар әрқайсысы дара туса да, Татьянамен мұңдас, армандас еді.

Поэзия көшінің тең-тең мүлкін шешкенде де айтулы шығарма әдебиетіміздегі өлең-роман жанрының алдында тұрғанын байқамауға болмайды. Мағжан Жұмабаевтың “Батыр Баяны” (1923) поэма аталады. Шын мәнінде ол – жаңа эпос. Роман жанрының бар қасиеті бойынан табылады, әсіресе психологизмі, суреткерлігі.

Дихан Әбілевтің “Алтай жүрегі” (1955), Софы Сматаевтың “Жарылғап батыр” (2000) сияқты өлеңмен жазылған романдары – ел өмірінің қиын-қыстау кезеңдеріндегі тарихи оқиғаларды, кешегі шындықты айнытпай жеткізетін арнасы құнарлы шығармалар. “Алтай жүрегін” Мұхтар Әуезов “мәйегі тоқ” роман деп әділ бағасын беру үстінде, кемшілігін қайсы эпизодтардың созалаңдау, жасандылау, қайсыбір оқиғалардың себептері нанымсыздау жағынан көрген. Сөз суреттілігіндегі алақол міні де байқалмай қалмаған. (Сонда. 19 том. 290 б.). Софының “Жарылғап батыры” да лайықты (Қазақ әдебиетінің тарихы. Тәуелсіздік кезеңі. (1991-2001 жылдар). Алматы. “Қазақпарат” 2006. 90-99 бб.) бағасын алып үлгерді.

“Онегин – Татьяна” романы күні бүгін жазылғандай толқытады, баурайды. Әдеби процестің қай кезеңінде де оның әсері ерекше. Әзілхан Нұршайықовтың бір романы “Махаббат, қызық мол жылдар” (1970) деп аталып, Абай өлеңінің жолын қайталаған. Ал, осы романның Меңтай мен Ерболдай кейіпкерлері тағдыры жағынан Татьяна мен Онегинге ұқсайды. “Тәңірі қосқан жар едің сен, Жар ете алмай кетіп ең” дейтін Татьянаның өкінішті зарын қайталайтындай. Тағы да бір қазақ романында Гете мен Абай екі жастың махаббат отын маздатуға себепкер. Осының бәрі кездейсоқ үндестікке жатпаса керек.

Абайдың эпистолярлық романының жарияланғанына енді бір-екі жылда ғасыр толады. Ғасыр бойы ол жан жадырататын, рух демдейтін құдіретті поэзиясына бөлеп келеді.

123
скачать работу

Абай Құнанбаевтың Евгений Онегиннен аудармасы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ