Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абай шығармаларындағы нәзирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы

мен жазылғандығына күмәнданады. Осыған қарағанда бұл поэма туралы көптеген ойға қаламыз.

«Әзім әңгімесі»Абай жинағына алғыш рет 1933 жылы енгізілген. Оған дейін ол Абайдың туысы және ақын шығармаларын жинақтаушы Ырсаев Ысқақ деген адамның қолында сақталған. Бұл шығарма Абайдың 1909 жылы Санк - Петербургта шыққан тұңғыш жинағына да енбей қалған. Мүрсейіт қолжазбаларының ішінде де жоқ.

Сондықтан кейбір зерттеушілер поэманың идеялық мазмұнына қарап, көркемдік анализге сүйене отырып, «Әзім әңгімесі» Абайдың шығармасы емес деседі. М.Әуезовтің өзі де «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904)» атты монографиялық еңбегінде: «Біздің ойымызша, 1927 жылы осы поэманың тексін Абай шығармаларын жинаушыларға табыс еткен Ырсайдың Ысқағы Абай поэмасының ұмытылған немесе ескірген, қолжазбадан өшіп қалған кейбір жолдарын өз жанынан да төлеу салып, аламыштап жіберген сияқты. Өйткені, поэманың кейбір ұйқастары, кей кезде жол ішінде сөз құраулары Абайдың ақындық шеберлігіне, поэтикалық лексикасына жанаспайтыны да бар.

Бұлай болмаса поэма Абайдың тіпті ерте кездерде, өзінің ақындық күшін алғашқы тәжірибе ретінде, әр тақырыпты байқастап жүрген кезінде туған, алғашқы черновик есепті бір нұсқа болуға керек. Қалай да  «Әзім» поэмасы ең әуелі бітпеген шығарма болғандықтан, екінші көркемдік, шеберлік жағынан көңілдегідей қалыптаспаған дастан болғандықтан, бұл поэма жөніндегі түсінік сөздерді осы жоғарыдағы айтылған жайлармен аяқтаймыз» -дейді.  «Әзім әңгімесі» туралы Әуезовтің пікіріне тоқталған ғалымдардың бірі─Қайым Мұхаметханұлы. Ол- Абайдың туған-туыстарымен, замандастарымен жүздесіп, көп әңгімелескен зерттеуші. Өзінің «Абай шығармаларының текстологиясы» атты еңбегінде Архам Ысқақов пен Рақымжан Мамырқазов: ««Әзім әңгімесі» Абайдың шығармасы емес, Ырсайдың Ысқағы жазған деді» - дейді.

Сөйтсе де «Әзім әңгімесі» 1933 жылдан бастап, қазақ және орыс тілінде шыққан Абайдың толық жинағына енді. «Әзім әңгімесі» ─ қазақ әдебиеті тарихынан өз орнын толық алмаған шығарма.

Енді Абай поэмалары қашан жазылған деген сұраққа тоқтала кетейік. Абай поэмалары негізінен ешбір датасыз шығып отырды. Тек қана «Масғұтқа» 1887, «Әзім әңгімесіне» 1806 деген даталар көрсетілген. Әдетте зерттеушілер Абай үш поэмасын да өмірінің бір кезеңінде жазған деп топшылайды. Мысалы, Абайдың 1966 жылы Москвада шыққан жинағының кіріспе сөзінде: «Вероятнее всего, что поэмы эти были им написаны в ранний период творчества» делінген. Осы пікірге басқа  әдебиетшілер де қосылады.

«Масғұттың» сюжеті Н.С.Тургеневтің «Шығыс аңызы» атты шығармасының сюжетіне ұқсас екені белгілі. Ғалымдар осыған жаппай келіскен. Қара сөзбен жазылған «Шығыс аңызы» атты шығарма ең алғашқыда «Вестник Европы» журналының 1882 жылғы 6-томында басылыпты. Семейде алғаш кітапхана 1883 жылдың 20 қыргүйегінде ашылды. Осы кітапханада  «Шығыс аңызы» 1882  жылғы басылған «Вестник Европы» журналының болуы, оның осы кітапханаға ара-тұра  келіп жүрген Абайдың қолына тиюі ықтимал. Рас, 1882 жылы Семейде кітапхана болған жоқ, бірақ «Вестник Европы» журналын жергілікті чиновниктер  жазылып, алып тұрған. Саяси жер аударушылар да журналға көп көңіл бөлген. Бұған Гоголь атындағы кітапхананың қорында «Вестник Европы» журналының 1870 жылдан бергі сандарының осы күнге дейін сақталғаны дәлел. Кітапхананың алғашқы қоры туралы деректер сақталмаған.

 «Кітапхана құрушылардың және оқырмандардың кітап сыйлауы оларға әбден абырой әперерлік. Олар менің көңілімде Семей туралы ең жақсы пікір қалдырады» дейді ол. Орыс кітап, журналдарынан не бар, не жоғын осыдан да аңғаруға болатын сияқты. Бұл болымсыз мәліметтің өзі кітапхананың сол кезде әжептәуір болғанын, мұны құрушылардың білімді, көзі ашық адамдар екенін білдіреді. Ендеше, осындай кітапханада Ресейдің басты журналы - «Вестник Европы» болмады деу қиын» [4, 4].

Егер Абай «Масғұтты» жас кезінде жазды десек, онда дастанның сюжеті мүлдем өзгереді. Себебі, Абай сол кезде Шығыс әдебиетіне көп еліктейтін. Бірақ бұған қарсы дәлел бар. Мүрсейіттің 1907 жылғы қолжазбасында поэма сюжеті Тургеневтен делінсе, Тұрағұл өзінің «Әкем - Абай туралы» деген естелігінде ««Масғұт» өлеңін 1887 жылы жазды» деген. Бұл дата абайтанушы ғалымдардың «Масғұттың» сюжеті Тургеневтен алынған деген дәлеліне келіп тұр.

«Әзім әңгімесі» Абай жинағына отызыншы жылдары енсе, «Ескендір» мен «Масғұт» 1909 жылғы жинақта жарық көрді. 

Абай Шығыс шайырларының жырларын жоғары бағалап, ұлы сөз зергерлерін өзіне ұстаз тұтты.

                                                      Физули, Шәмси, Сәйхали,

Науаи, Сағди, Фирдоуси,

Хожа Хафиз-бу Һәммәси

                 Мәдәт беря шағири фәрияд [5, 33].

 

Шығыс ақындары жаңа ғана өнер жолына түскен Абайға даналық пікірлерімен, терең ойларымен, нәзік сырларымен қатты әсер еткен еді. Шәкірт Абай кезінде Рудаки, Омар һайам, Хафиз, Сағди ғазалдарын құмарта оқыды. Бұлар бала Абайдың ойын оятып, оны адалдық пен парасаттылыққа, адамгершілік пен жақсылыққа, сұлулық пен нәзіктікке талпынуға баулыды. Абай дамытқан нәзира дәстүрінің белгілері туралы айтқанда ең алдымен, «Ескендір» поэмасы ойға оралады. Бұл сюжетті Абай өзінше жырлап, жаңаша философиялық түйін жасады. Абай жасаған Ескендір бейнесі Фирдоси, Низами, Әмір Хосрау, Жәми, Науаи, т.б. жырлаған Ескендірге мүлдем ұқсамайды. Шығыс классиктері Ескендірді барынша мадақтап, оны халықтың қамқоршысы етіп көрсеткен, Абай оны талай елді зар жылатып басып алған тонаушы ретінде бейнелейді.

Ескендір бейнесі Шығыс әдебиетінде мейлінше ең көп тараған болатын. Бірақ оның бәрі тарихтағы шын Ескендірдің бейнесі емес, халықтың «әділ патшасы» жөніндегі арманынан, қаламгердің қиялынан туған Ескендірдің бейнесі еді.

Көркем әдебиетте Ескендірдің бейнесін жасау біздің заманымызға дейінгі VІ ғасырдың өзінде-ақ әдеби дәстүрге айналғаны мәлім. Ескендірдің өмірі мен қызметі туралы нақтылы тарихи деректер болмады. Мұның өзі әрбір автордың Ескендір бейнесін өз қалауынша жасауына мүмкіндік берді. Әрбір қаламгер ең әділ, ең жақсы патша қандай болу керек деген сауалға өзінше жауап берді. Олар өнегелі патшаға тән ең жақсы қасиеттердің бәрін Ескендір бейнесіне үйіп-төкті. Бұл туралы Е.Э.Бертельс: Ескендір жөніндегі туындылар─бұл тек көркем шығарма ғана емес, сонымен бірге, ел билеушілерге жол-жоба  көрсетіп отыратын  «киелі айна» секілді ерекше шығарма, әрі әрбір дәуірдің саяси даналығының жинағы екенін айта келіп, Низами, Хосрау, Жәми, Науаи жазған Ескендір жөніндегі дастандардың кіріспе бәйіттерін бір-бірімен салыстырып талдайды. Ғалымның осы салыстыруын тәржіма жасамай сол күйінде, яғни орыс тілінде оқырман қауымға ұсынуды жөн көрдік: «Сравним вступительные бейты всех четырех крупнейших авторов «Искандар-наме».

Низами:

О боже, господство над миром-тебе,

                  От нас служение происходит, господство- тебе.

Амир Хосров:

О царь, над миром господство-тебе,

                      От предвечности до бесконечности царство-тебе.

Джами:

                      О господи, совершенство божественности - тебе,

   Красота господство над миром - тебе.

Навои:

О боже, господство, бесспорно - тебе,

                                Один шах но привычка его-нищенствовать перед тобой.

 

Сопостовление этих четырех бейтов очень показательно. Во-первых, совершенно ясно, что бейт Низами задал основной тон и что все три преемника с этим в полной мере считаются. Это понятно, ибо это одно из условий назира. Но далее интересно расхождение четырех авторов. Основная мысль у всех четырех примерно одна и та же, но модификация ее оформления различна» [15.382-383].

Бүгінгі таңда қазақ әдебиетінің өзге халықтары көркем сөз өнерімен сан ғасырлық байланысын, тарихи тамырластығын танып-білудің мәні ерекше зор. Қазақ әдебиетінің Шығыс классикалық поэзиясымен арасындағы осындай рухани байланыс негізінен нәзира дәстүрі арқылы жүзеге асады. Ал біз нәзирагөйлік дәстүрін зерттеу ісіне тарихи жалғастық тұрғысынан келіп, нақты әдеби деректер бойынша талдау жүргіздік. Өйткені қазақ әдебиетіндегі көркемдік тәсілдердің бірі саналатын нәзира дәстүрінің қалыптасуы, даму жолдары, қайнар–бастаулары мәселелері күні–бүгінге дейін арнайы зерттеу объектісі болған емес.

 Абай ақын ретінде әбден қалыптасып, реалистік дәрежеге көтерілген шағында

123
скачать работу

Абай шығармаларындағы нәзирагөйлік дәстүрдің зерттелу жайы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ