Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абайдың романы

ғы Онегин байғұс сүйгенін бір көруге зар.

Қазақ эпистолярлық романында образдылық ағыстан гөрі лирикалық ағыс басым. Онегиннің хаттарынан Татьянаның бет әлпетін анық айырып “көре” алмаймыз. Хат Татьянаға жазылып отыр. Бірақ қыздың портреті тым сараң, жалпылама шыққан. “Гауһарым”, “Піскен алма”, “ақ жүрек”, “ақ жүзің” деген ауыстыруларды есепке алғанның өзінде де, образдың нақтылы келбеті бұлдыр. Олай болуының өз себебі бар. Поэзия үшін “алтын иек, сары ала қыз” (Абай осылай мұқататын еді ғой) кескінін тәптіштеп түгендеп жатудың қажеті шамалы. Сүйген жүрек сырын ағыту ғашық образын жасауға әлдеқайда тиімді. Абай сол ежелгі поэзиялық заңды мүлтіксіз басшылыққа алған. Онегиндей кеудесіне нан піскен кісіге “Михрабым сен, бас ұрамын” дегізген сөзінің өзі ғашық әйелдің қандай екенін жүрек көзімен көріп ынтығуға жетіп жатыр. “Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы” деген бет пішіні ғана сұлу қыздан гөрі “Көзімнің қарасы” деген ішкі монологта, жан түкпіріндегі ең аяулы, ең сүйкімді сезімдерге тіл бітірген қыздың көркі әлдеқайда қымбат көрінетін сияқты.

Романдық лирикалық ағынның және бір ерекшелігіне бақсақ, хатпен жазылған туындыда ескі эпосқа тән бірсыпыра белгілер байқалмайды. Кейіпкерлердің іс-әрекеті, ғашықтық хикаялары Ләйлі-Мәжнүн дастанындағыдай жырланбайды. “Біле ме біздің қазақ ғашық жайын, Ұқсаңыз білгенімше сипаттайын”-ға (Шәкәрім Құдайбердиев. Шығармалар. Алматы. “Жазушы”. 1988. 349 б.) жатпайды. Эпистолярлық роман өлеңмен жазылса да, бұл машықты сөз оған үйлеспейтіндей. Онегин мен Татьянаның көңіл күйлері жырланбайды (не воспевается). Қыз бен жігіттің шері, жалындап сүйген жүректері өздері жыр ағытып, нөсердейін құйылып тұр. Олар есіліп майысқан мұңды-шерлі көңіл күйлерін “өздері” шертіп бейнелейді.

Абайдың лирикалық романының драмалық тектілікке де қатысы бар. Өмірден баз кешкен Онегиннің аяқ астынан ескі жараны білтелеп, ескі сертінен тайып өзгеруі, тірі адам қалыбына еніп, бойына қан жүгіріп, алас ұруы, жан айқайына көшуі лириканың драмалық әрекетшіл сюжетін қоюландырып мейлінше тартымды етіп тұр. Ғашық жүректің ауыр қасірет күй-жайы яки лирикалық ағын күші зор поэтикалық қуатпен тасқындайды.

Өлі бойға жан жүгірді,
Қайратым құрыш болды, нан.
Мұз жүрегім май сықылды
Еріп, от боп күйді жан. (Сонда. 44 б).

Жат жұрттық боп кеткен, бірақ әлі де сені сүйемін дейтін Татьянаға арнаған Онегиннің соңғы сөзінде лирикалық ағын драмалық қимыл-әрекетке ұласады.

Жарым жақсы киім киіп,
Келді жанға жылы тиіп.
Диуана болды бұл көңілім,
Басылмай бір құшып сүйіп.

Бойым тұр дал болып иіп,
Көңілім жүр құс болып шүйіп.
Есіркеп сүйгізіп еді,
Кетіппін жүз есе күйіп. (2 том. 54 б.)

Онегиннің қияли көңілінде ғашығы жақсы киім киіп келген. “Жақсы киім” нақтылы образға жатпаса да, кейіпкердің көңіл бұлтында екі жастың кездесуі әсері жағынан нағыз театр… Қазіргі тілмен айтқанда, виртуалды мизансцена. Ішкі күй-жайдың елесі. Ақтық көрінісі. Онегин есінен адасуға жақын. Шала-пұла сандырақтай бастаған. Тек өлім алқымынан алып шеңгелдегенде ғана көзін ашып жалған дүниеге бір сәт қайта оралғандай. Ақырғы демі таусыларда айтқаны: “Бір бұрмадың мойныңды”. Сүйгеніне өкпе-назы. Оған енді қайтып оралып түзеле ал­маспын дейтін шағымын қосады. Эпистолярлық роман драмасының соңғы актісінде амалы құрыған бас қаһарман “Атам, анам қара жер, Сен аша бер қойныңды” (Сонда. 54 б.), – деп жарық дүниемен қоштасады. Сорлыны жал­ғыздықтың жегі құрты жей-жей қиып түседі.

Абайдың романында өлім тақырыбы жайдан-жай тумаған. Қазақ версиясындағы Онегин өмірден орын таба алмай жүр. Қоғам оған жон арқасын береді. Болашағы және жоқ. Жалғыздық – қоғамнан әртүрлі себептермен сырттаған адам дерті. Драматизмі, тартыстың әлегінен жол таба алмай құсаға ұшырауы. Оның әлеуметтік һәм моральдық астары бар. Жалғыздық коллизиясы Абай шығармаларынан үзілмеген тақырып. Өтемістен он едік дегендей, Абай да он ағайынды. “Сегіз аяғында” жалғыздық көрер жерім жоқ дей келе, “Моласындай бақсының Жалғыз қалдым — тап шыным!” (1 том. 123 б.) деп кенет қайғыға салынады. Абай жалғыз­дыққа ұшырағанын “Сөзін ұғар елі жоқтығымен” түсіндіреді. Онегиннің қасіретті ахуалы – еш жерден орын таппай сергелдеңге ұшырауынан. Себебін өзіне теріс қарайтындардың жаулығынан деп біледі.

Абайдың эпистолярлық романында жалғыздық проблемасына байланысты айтқан ойлары қоғам мен адамның жарастығын көксейтін идеядан нәр алады. Қоғам адамға не адам қоғамға қас болса, жалғыздық ондайдың мойнын астынан келтіреді. Сыңарыңнан айырылу да жалғыздықтың бір парасы. Онегин осы екі түрлі жалғыздықтың екеуінің де уын ішкен адам. Сондықтан бұл Онегиннің – эпистолярлық романның бас кейіпкерінің жалған дүниені талақ етпесіне шарасы қалмаған. “Ғақлияның” отыз жетінші сөзінде Абай: “Жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның басында” (2 том. 183 б.) деп тегіннен тегін жазбаған. Бұл тезистің даналығы қазақтың және бір сұңғыласы – Сәкен Сейфуллиннің “Аққудың айрылуы” поэмасында поэтикалық анық ұсталықпен қуатталғаны мәлім.

Жалғыздық Құдайға ғана жарасады. Адамға жұпсыз күн жоқ. Алла солай жаратқан. Татьянаның “Осы екен ғой – сол” дейтіні іштей көп арман еткен сыңарын тапқаны. Махаббат дегеніміз Алланың жалғыздықтан құтқаратын сыйы. Сол сыйдың рахатына бөлену үшін адам не істемейді. Татьянадай он екіде бір гүлі ашылмаған ару шарасыздыққа ұшырап беттің арын белбеуге түйгендей болады.

Амал жоқ – қайттім білдірмей,
Япырмау, қайтіп айтамын?
Қоймады дертің күйдірмей,
Не салсаң да тартамын.

Татьянаның Онегинге жазған хатының алғашқы шумағы. Бір ғана шумақтың аясына романдық, психологиялық реуішті қаншама динамика, өзгерім сыйып кеткен. Татьянаның ішкі образы лирика толқынында қайың қабығындай қалқиды. Түрлі еңісті-дөңесті күйге түседі. Шумақтың төрт жолы ішінде қыз төрт рет құбылады. Және күрт құбылысының бәрін – көркем шындықтың көкесіндей қабыл аласың.

Шумақтың алғашқы екі жолынан көз алдыңда бетінен моншағы үзіліп тұрған қыз бейнесі көлбейді. Ұялшақ, ұяң бұрымдыға жаның ашиды. Бірақ сол байғұсың шумақтың соңғы екі жолында кілт өзгеріп шыға келеді. Махаббаттай жеңілуді білмейтін күштен қуат алып, тәуекелге бел байлайды. Бар жүкті нәп-нәзік иығымен көтермекке ниет еткен Татьяна қайратына сенесің, шешімді мінезіне сүйсінесің.

Лирикалық тебіреніс – жас жүректің толқыны. Онегин жауабында қыз хатының әсерін солай бағалайды. Таңғажайып хаттың әдептілігін, шыншылдығын атап та өтеді. Татьяна “мен сені сүйемінді” баттитып төбеден түскендей етіп айтпайды. Сүйетінін “Болмасам ашына мен сізге, Түспес ем мұндай бейнетке” деп орағытып айтады. Бірақ жігіттің құлазыған көңілі бастапқыда қыздың “ием – сенсің өлгенше” деген антына мән бермейді. Абай “Жарқ етпес қара көңілім не қылса да” өлеңінде “Шыдайды риза болып жар ісіне, Қорлық пен мазағына табынса да” (Абай. 1 том. 143 б.) — дейтін махаббат гимнін осы Татьяна сықылды сорлы асықтарға қаратып айтқан ба дерсің. Кейін ашыналық айту кезегі өзіне тиетінінен тәкаппар Онегин қайдан білсін.

Татьяна сөзі – оның өзінің ішкі портреті. Психологиялық күрделі, шиелі қатынастардан қаланады. Махаббатына тойтарыс алған балаң, шешімді де кесімді Татьяна жылдар өте келе өзгереді. Онегинді бұрынғысындай сүйгенімен, енді от-жалынды сезім ырқына көне бермейді. Көңілін салқын саналыққа билетеді. Бұрынғы бас иіп табынған кісісін мақтамен бауыздағандай етеді. Екеуін де жапа шектірген астамшылық екенін аяса да бетіне басады.

Татьяна бейнесін қол жетпес биікке көтеретін мінез – ғашығына кінә артпай, наз арта отырып, екеуінің қосыла алмауының ақиқат себептеріне үңіле білетін қасиеті. Қоғам кінәратын түсініп жеткендігі. Онегин жұртынан қамшы жеп, бар тірліктен баз кешкен. Дүние жалғанды талақ еткен. Тоң-мұз жүрегін ғашықтық оты да бастапқыда жібіте алмаған. Өзінінің де сорлы нәсібі неде екенін түсінеді. Осы жерде Татьяна тағы бір үздік қасиетімен көзге шалынады. Ол – биік ар-инабат иесі. Жеке басының кіршіксіздігін, өзін жат қораның тақтасында жатқандай сезінсе де, қол-аяғы бекілген босағаға адалдығын бәрінен жоғары қояды.

“Евгений Онегин” романында Онегиннің Татьянаға жазған хатында және Татьянаның Онегинге жауабында екі ғашықтың жұптаспауы жеке бастарының ебеп-себебімен түсіндірілген. Жігіт жеке басымның бостан болуын аңсап едім, оным қате екен деп опынады. Татьяна бар кінәні Онегиннің өркөкіректігіне артады. Енді тағдырым шешіліп қойғанда, менің соңыма түскеніңізге жол болсын дейді. Сізді сүйемін. Бірақ бөтен кісінің жары болдым. Жар борышынан айныман, деп жігітін соститып жалғыз қалдырады.

Эпистолярлық романда екі ғашықтың қосыла алмауларының түп себебі, қайталаса артықтығы жоқ, қоғам мен адамның бір-біріне өгейлігінде. Оның арты “жапалақты таспен ұрсаң да жапалақ өледі, тасты жапалақпен ұрсаң да жапалақ өледіге” әкеп соғады. Зардабы адам байғұсқа тиеді. Оны жалғыздық тауқыметіне ұшыратады. Хакім Абайды аз толғандырмаған ғұмырнама пәлсапасы. “Абай это рассуждение о жизни и смерти, вот что такое Абай” (Николай Анастасьев. Небо в чашечке цветка. Алматы. Өлке. 2004. 14 б.) деушілердің пікірін қуаттайды.

Тағы да бір себеп төркіні — бас кейіпкер Онегиннің характерінде. Адамзатқа жер ортақ, су ортақ. Бәрі бір күн шұғыласында өседі. Бірақ әр перзент дара жатында жаратылмақ. Сол заңдылық көркем шығармаға да тән. Эпистолярлық романның көркемдік төлтумалық бітімі қаһарман характерінен туындайды. Характер – сюжет моторы. Кейіпкерле

123
скачать работу

Абайдың романы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ