Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы

p>

Бұлардан тыс Құсайын Файызханов, Ілияс Бораганский, Бұқар жырау, Үмбетей, Махамбет, Шөже, Жанақ, Сәдір, Ақылбек Сабал, Ілияс Молдажанов шығармашылықтары туралы мақалалары мен Мұхтар Әуезовтің өмірбаяны хақындағы очеркі және Қазақ кеңес энциклопедиясының он екі томдығына жасаған сыни саралау қорытындылары – зерттеушіліктің үздік үлгілері.

 

Осы дәрежедегі туындылардың үлкен шоғыры “Абай мұрагерлері” жинағын құраған. Алаш ардагерлерін ақтаңдақтардан арылтып, мәртебелі орындарына оралту ісіне Қайым Мұхаметханұлының қосқан үлесі қандай екендігін осы жинақтағы ғұмырнамалық, өнернамалық очерктер куәландырады. Мысалы, ол Шәкәрім шығармашылығын ақтау мәселесіне қозғау салып, 1987 жылы Колбинге дәйекті негіздемелік материал жолдаған болатын. 1960 жылдан бастап Шәкәрімнің баласы Ахат екеуі бірлесе атқарған жанқиярлық қимыл-әрекеттер аз болған жоқ.

 

Қайым Мұхаметханұлының зерттеушілік ізденістері нәтижесінде әдебиет пен көркемөнердің және қоғамдық-саяси тарихтың мазмұнын байытқан өлшеусіз қымбат қазыналар, мұрағаттық құжаттар – өз алдына бір төбе. Мысалы, атақты қиссашы, ақын Ақылбек Сабалдың 43 мың жолдық өлеңмен жазылған өмірбаянын, 376 дәптерге толтырылған қарасөздерін тауып, Әдебиет және өнер институтында ғылыми хабарлама жасағаны мәлім. Академик Ахмет Жұбанов өзінің “Замана бұлбұлдары”, “Ғасырлар пернесі” монографияларында Мәди Бәпиұлы мен Естай Беркімбаев туралы құнды деректерді Қайым Мұхаметханұлы бергендігін риза­лықпен атап көрсеткен. Кезінде Мұхтар Әуезовтің тапсырмасы бойынша “Абай жолы” романына да қажетті деректерді тауып, Мұхаңның көңілінен шығып отырғандығы және бар. (Мысалы, төртінші кітапта Сармолланың қастандықпен өлтірілу уақиғасына байланысты “табыт қағу”, т.б.). Бұл жайды айғақтайтын ондаған хат 1951 жылы Қайым Мұхаметханұлы тұтқындалғанда тергеушілердің қолында кетіп, кейін қайтарылмай мүлде із-тозсыз жоғалған.

 

Ақын, драматург, ғалым Қайым Мұхаметханұлы жарты ғасыр бойы Семей мемлекеттік педагогикалық институтында ұстаздық етіп, Әзілхан Нұршайықов, Кәмен Оразалин сияқты бүгінгі ақсақал қаламгерлерден бастап, бір қауым шәкірттеріне ілім құтын дарытып, адамгершілік тәлімін берген.

 

Иә, өзгесін былай қойғанда, Қайым Мұхаметханұлы Абай шығармаларының аса беделді мәтінтанушысы екенін білікті мамандар түгел мойындаған. Ал, бүтіндей абайтанушылық еңбегіне Мұхтар Әуезов, Зоя Кедрина, Ысқақ Дүйсенбаев, Митрофан Сильченко, Ханғали Сүйіншәлиев, Рәбиға Сыздықова, Әбіш Жиреншин, т.б. әр кезде оңды пікірлер білдірген.

 

Бәрін айт та, бірін айт, Қайым ағаның ең зор бағасы, Абай сөзіндегідей, “Адам деген даңқы бар” екендігінде. Ұлтын сүйген, ұлтының ардағы Абай мен Мұхтар үшін отқа түскен, сталиншілдік зұлматқа қарсы тұра білген,

 

“Тусаң ту!” дейтін Азаматтығында!

Атақ емес, ғылым үшін жаралған...

 

Көрнекті ғалым Қайым (Ғабдұлқайым) Мұхаметханұлының туғанына 90 жыл. Ол – алаш арыстарының соңғы тұяғы, білімдарлығымен ғұламалыққа жеткен жан. Көзі ашық, көкірегі сәулелі, елшіл әкесі Мұхаметханның дастарқаны мен қаржы-қаражаты мол болған. Ол ырыс-дәулетіне мастанбай, ұлт мүддесіне жан байлығын да, мал байлығын да бүтіндей арнап, ерекше байсалды, өте мәдениетті ақсақал ретінде танылған.

 

Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Сұлтанмахмұт Торайғырұлы, Көкбай Жанатайұлы, Мұхтар Әуезов тағы басқа тарихи тұлғалар мұнда елдік істердің сан қилы мәселелерін талқылап, емін-еркін мәслихат құрған. Мұхаметханның үйіндегі жеке кітапханасында «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ», «Абай», «Сары Арқа» тігінділері мұқият жинақталып сақталған. Қазан төңкерісінен соңғы астан-кестен кезеңде байларды қудалау науқаны Мұхаметханға да ызғарын тигізген. Көреген, қамқор әкесі педагогтық курста сабақ беретін Ғалиақбар Төребаевқа баласын әкеліп, қанатының астына ала жүруді өтініш етеді. Қайымның Абай туралы тырнақалды ой-пікірлері осы курста оқып жүргенде білінген. Өлең жаза бастайды. Пединститутты үздік аяқтап, кафедрада оқытушылық қызметке қалдырылған соң, Қайымның зерттеушілік және ақындық шығармашылық ұмтылысы жаңа екпін алады. Ақылбайдың «Дағыстан», «Зұлыс», Мағауияның «Медғат-Қасым», «Еңлік-Кебек» поэмалары туралы, Әубәкір Ақылбайұлы Абай немересі, Әріп Тәңірбергенов өмірі мен шығармалары туралы мақалалар жариялайды. Пединститутта аға оқытушылық қызметке тұрады, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастырады.

 

1943-1944 жылдары Қабанбай батыр мен Бөгенбай батыр туралы халықтық тарихи дастандарды зерттеп, «Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томына енгізілетін материал ретінде дайындап бітіреді. Абай шығармашылығын зерттеулері үздіксіз жүргізіледі. Соның нәтижесінде, Абайдың туғанына жүз жыл толуына арналған 1945 жылғы мерекелік басылымда Мұхаметханов іздеп тапқан тоғыз өлең енген. «1945-1950 жылдарда Мұхаметханов Абай мұражайында, пединститутта, Жазушылар одағының Семей бөлімшесінде қызмет істеп жүріп, өзінің зерттеу тақырыбы бойынша он бір мақала жариялайды. «Абайдың әдеби мектебі» бойынша кандидаттық диссертациясын жазып, тәмәмдайды. 1951 жылғы сәуірдің 7-сі күні академик М.О. Әуезов жетекшілігіндегі сол диссертацияны Ғылыми кеңесте қорғап шығады. Өкінішке қарай, көп ұзамай, әйгілі зобалаңға ұшырап, сталиншіл зұлмат биліктің қанды шеңгеліне ілінеді. Сол жылғы желтоқсанда 25 жылға бас бостандығынан айырылып кете барады. Айып – ұлтшылдық. Ал ұлтшылдық өзегі не десеңіз, ол – Абайды қорғау, Әуезовты қорғау. Алматыдағы әркімге мәлім сұр ғимараттың ыстық-суық камераларындағы тамұқтық азаптардан соң Қарлагтың дәмін татып, үш жылдан соң 1955 жылы толық ақталып, Семейге оралды. 1955-1959 жылдарда Қайым Мұхаметханұлы абайтану бойынша он бір мақала, екі жеке басылымдық кітап («Мағауия Абайұлы Құнанбаев», «Абай шығармаларының текстологиясы») баспадан шығарды. 1959 жылғы маусымның 12-сі күні «Абай заманының ақындары» («Абай айналасының ақындары») деген тақырыппен бұрынғы қорғалған кандидаттық диссертацияны қайтадан қорғады. Жетекшісі Мұхтар Омарханұлы еді.

 

1960 жылдардан бастап Қайым Мұхаметханұлы Шәкәрім шығармашылығын зерттеуге бел буып кірісті. Докторлық диссертация нысаны ретінде ыңғайлады. Шәкәрімді ақтау бойынша 1959 жылғы «Қазақ әдебиетіндегі» белгілі жарияланымнан соң аудан, облыс көлемінде ширек ғасырдан астам уақытқа созылған игі ниеттегі қимыл-әрекеттердің басы-қасында жүрді. Ең соңғы Колбинге жолданған материалдың сірескен қалың сеңді қозғаған ықпалына қазір әдеби-мәдени орта тегіс қанық. «Қазақ әдебиеті» газетінде Бұқар жырау, Үмбетей, Махамбет, Сәдір, Шөже, Жанақ, Ілияс Молдажанов, Ақылбек Сабал т.б. туралы зерттеулері жарияланды. Қазақ кеңес энциклопедиясының он екі томдығына сыни сараптамалық әдеби-мәдени-тарихи ғұмырнамалық очерктері – ғылыми мынандай дәрежені, анандай дәрежені көксеп жүргендер орындай алса ғой дерлік дүниелер.

 

Ғұлама ғалым, Ұлы Абайдың 150 жылдық әлемдік тойы қарсаңында «Абайдың ақын шәкірттері» деген үш томдық монографиясын жазды. Ол нағыз ұстаз, шын педагог еді. Қаншама шәкірт алдында отырса, соның ең озық-зерегіне арнап, соған лайықтап сөйлейтін. Қызыл сөзді, қысыр сөзді жек көретін. Бұқпантайламай тура жүрген адамды ұнататын ағаның қасиеттері айта түскен сайын арта беретіні шындық.

 

Қадірбек Кәкімұлы,

Қинаят Шаяхметұлы,

Семей Педагогикалық институтының доценті, профессор

12
скачать работу

Абайтанушы ғалым Қайым Мұхаметханұлы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ