Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Абылай хан

нде катаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жүрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықгарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні катгы болған. Абылай сан жағынан әлдекдйда басым жаумен шайкасудан еш тайынбасган және көбіне үстем шығып отырган. Абылай казақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан куатты мемлекетке айнылдырды.

1771 ж. жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбетгің інілерінің бірі, не үлкен үлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз калауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының (хандығының) үлы ханы бодцы. Тарихи деректер, аңыз-жырлар да Абылайдың Үш жүздің әміршісі ретінде ардақталғанын көрсетеді. Қытай императоры, Жонғария хаңдығы, Орта Азия мемл-тері Абылайды бүкіл қазақ ханы деп ресми түрде танығанымен, Абылай ханның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы Екатерина II Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Бұл бір жағынан "Бөліп ал да, билей бер" саясатының көрінісі еді. И.И. Негопоевтің: "Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын, зиянды да болуы мүмкін" деген пікірі мүны айғақтай түседі.

Ш. Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие болған бір де бір қазақ ханының болмағанын, оның мемл. билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттерін, "ханның бшлігін алкалы кеңес арқылы шектеп отыратын ру басылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін" тыйғандығьш жазды. Шоұадн: "Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша касиеті бар киелі, керемет қүдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігімен каһармаңдығы жыр дастандардың арқауына айналған", — деп атап көрсетті. Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін басып отырып, оған ақыл-кеңес айтумен өткізген Бұқар жырау Қалқаманүлының ханға "Алтын тақтың үстіңде, Үш жүздің басын құрадың" деуінің негізіңде тарихи шындық жатыр. Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Казақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Кытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мүсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен катынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 ж. қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен "Қасірет белдеуі" ("Горькая линия") бойындағы орыс бекіністерін шапты. Ш. Уәлиханов: "1771 жылы хан сайланғанда да, ол орыс шекарасына барып, ант бергісі келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықты қойғанын, Көктің үлының және өкілеттік қағазы барын желеу етті", - деп жазды. 1779 ж. 4 казанда Орынбор әкімшілігіне жолданған патша жарлығыңда: "Ордадағы Абылай ықпалын әлсірету мақсатында, онымен тайталасқа түсе алатын адам табу" шаралары да қарастырылады.

Абылай каһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани касиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі.Ол — "Ақтолқын", "Алабайрақ", "Бүланжігіт", "Дүние қалды", "Жетімторы", "Қайран елім", "Қара жорға", "Қоржынқақпай", "Майда жел", "Садаққаққан", "Сары бура", "Шандыжорық", т.б. күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өз. жағасыңда қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қ-ндағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 үл, 40 қызы қалды (қ. Абылай хан әулеті). Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемл. қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік үранға айналды.

Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты Бұкар, Үмбетей, Шәді төре Жәңгір ұлы жырларында, ақындар Көпбай Жамантайұлы, Мәжит Айтбаевтың дастандарында, I. Есенберлиннің, Ә. Кекілбаевтың Қ. Жұмаділовтың, т.б. туыңдыларында сомдалды. Оның ұлағатты өмірі мен ішкі, сыртқы саясаты отандық және шетел ғалымдарының (Ш. Уәлиханов, В.В. Бартольд, Н. Мыңжани, Р.Б. Сүлейменов, М. Мағауин, М.Б. Ожотт, Дж. Уилер, т.б.) назарын аударып келеді.

12
скачать работу

Абылай хан

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ