Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АДАМ АҒЗАСЫНА ЛАЗЕРЛІ СӘУЛЕНІҢ ӘСЕРІ

ларға жатқызуға болмайды.

Астениялық және астеновегетативті синдромдар, сонымен қатар вегетотамырлық дистония лазермен жұмыс істейтін науқастарда жиі кездесетін  клиникалық синдромдарға жатады. Жұмыс стаждарының ұлғаюларына байланысты науқастарда гипертониялық ауру дамуы мүмкін.

Лазермен жұмыс істейтін жұмысшыларға тән шағымдарға жоғары шаршағыштық, жалпы әлсіздік, жұмыс күнінің соңында өзін нашар сезіну жатады. Обьективті бұзылыстарға келетін болсақ, жоғарғы тітіркендіргіштік, жылағыштық, ұйқысының бұзылуы, басының ауруы және жиі бас айналу, сонымен қатар жүрек аймағындағы жағымсыз сезімдер мен сұққылап ауырсынулар болады. Осы шағымдардың сипаты бойынша, олардың көбі ОНЖ қызметінің бұзылыстарына, жүрек дистониясына негізделген.

Обьективті неврологиялық симптомдар негізінен сіңір рефлекстерінің  пайда болуымен, қол треморларымен, дермографизмнің тежелуі немесе күшеюімен, жалпы және жергілікті гипергидрозбен көрінеді.

Лазермен жұмыс істейтіндерде орталық генездің басымдылығымен вестибулярлы анализаторлардың қызметтерінің бұзылыстары анықталынады. осы вестибулярлы бұзылыстар әдетте есту ақауларымен қатар тепе теңдіктің бұзылуларымен және бастың айналуымен сипатталады.

Жүрек-тамыр жүйесінің бұзылыстары пульс және АҚ тұрақсыздығымен сипатталады. Жиі аритмия анықталынады, аускультацияда жүрек ұшынан  жүрек тонының тұйықталуы естіледі.

Шеттік қанда эритроциттердің санының күрт жоғарлауы, сирек ретикулоциттердің жоғарлауы, түсті көрсеткіштермен гемоглобин деңгейлерінің шамалы төмендеуі, аз мөлшердегі лейкоцитоз анықталынады. стажы жоғары жұмысшыларды қанның қызыл түйіршіктерінің сандық емес сонымен қатар сапалық өзгерістеріде байқалады, яғни эритроциттердің диаметрі мен көлемінің өзгеруі, эритроциттердегі қышқылдық фосфатазасының белсенділігінің жоғарлауы. Гемостаз жүйесіндегі өзгерістер шамалы тромбоцитопения, протромбин құрамының төмендеуі, қан ағу уақытының ұзаруы түрінде көрінеді.

Бірқатар ферменттер мен медиаторлардың(холинэстераза, гистамин, сілтілі фасфатаза, катехоламин)  белсенділігінің өзгерістері, белок, май, көмірсу және минералды алмасулардың айқын ығысулары  биохимиялық зерттеулер кезінде анықталуы мүмкін.

Емі.  Аурудың бастапқы кезінде арнайы дәрілік ем қажет емес, ол ддемалыс және еңбек тәртібін сақтаған кезде қайтады. Айқын көріністер кезінде науқастар амбулаторлы  немесе стационарлық емді қажет етеді.

         Симптомды және комплексті ем ағзаның қызметтерін қалыптастыруларға бағытталған. Дәрілік емді(седативті, транквилизаторлар)  бас ауруын немесе бас айналуын  қайтаратын, вегетотамырлық бұзылыстарға негізделген (галбваниялық жаға, массаж және т.б физиоемдік процедуралармен кезектестіру керек.  Невростениялық синдромдар кезінде сумен жасалынатын физиоемдік процедуралар нәтижелі (жалпы ванна, душтар). Құрамында витаминдері жеткілікті жоғары калориялық диета тағайындалады. Ем еңбек және демалыс тәртіптерімен сәйкес келуі керек.

Еңбек ету қабілетінің сараптамасы.  Лазерлі сәуленің әсеріне негізделген патологияларды анықтаған кезде, дәрігердің іс әрекеті бұзылыстардың айқындылық деңгейімен сипатына байланысты. Роговицадағы өзгерістер тұрақсыз болады, емнен кейін қайтады. Хрусталикпен торлы қабаттағы өзгерістер тұрақты динамикалық дәрігерлік көмекті қажет етеді. Аурудың өршуі кезінде науқасты лазермен жұмысты шегеру керек. Вегетотамырлық дистония, астениялық, невротикалық синдромдары бар науқастар дәрігердің динамикалық бақылауында болуы керек. Бұндай жағдайларда жұмысшыны уақытша жұмыстан босатумен сәйкес ем жүргізіледі. Егер көру, нерв және жүрек тамыр жүйелеріндегі өзгерістер лазермен жұмыс істеген кезінде пайда болса және анамнезінде осы ауруды тудыратын басқа көрсеткіштер болмаса, терең клиникалық тексерулер және кәсіптік аурулар клиникасында немесе бөлімшеде  ем жүргізу керек. Бұндай адамдар дем алу үйлеріне және профилакторияларға, санаторлы курортты емдеу орындарына жолдама алу керек.

         Алдын-алу.   Санаторлы курортты  шаралар арасында жұмыс орындарындағы лазерлі сәулелердің РБД жүйелі түрде бақылануы, сәулелену  көзінен сақтану шараларын жүргізу, автоматты түрде блокировка жасау, лазер шоғырларын шектеу, дистанционды басқару, сонымен қатар жеке басының қорғанысының шараларын , яғни арнайы киімдер, көз әйнектер және т.б.

         Міндетті түрде алдын ала (жұмысқа орналасқан кезде) және кезеңді (12 айда 1 рет, окулист – 3 айда 1 рет) медициналық қараудан өту, онда терапевт, невропатолог, окулист қатысады. Медициналық қараулар кезіндегі сапалы тексерулерге лазерлі сәулелерге сезімтелдығы жоғары ағзаларды тексеру жатады. Емдеу сауықтыру шаралары медициналық алдын алуларға жатады. Жұмыс кезінде 10-15 минут арнайы физкультура жаттығуларын жүргізу ұсынылады. Қыс көктем мезгілдерінде жұмысшыларды витаминмен қамтамасыз ету керек, витаминмен қамтамасыз  ету үшін аэровит препараттын қолданамыз. Аэровитті 30-60 күн ішінде күніне бірден қолданамыз. Аэровит болмаған жағдайларда В1 виаминін және аскорбин қышқылын қолданады.  Витаминнен бөлек глютамин қышқылының, аминалон  және т.б профилактикалық курстар ұсынылады.

Лазерлі құрылымдармен жұмыс істейтін жұмысшыларда функционалды бұзылыстардың диапазоны кең болғандықтан ағзаның әртүрлі жүйелерін қалыптастыруға және белсенділігін арттыруға әсер ететін кең спектрлі дәрілерді қолданады. Осындай заттар ретінде адаптоген тобының препараттары, оның ішінде қоршаған ортаның физикалық және химиялық әсерлеріне ағзаның қарсылығын күшейтетін элеутерококты қолдануға болады. Элеутероккокты тәулігіне 1 рет 1 ас қасықтан тағайындайды, 1 ай бойы, емдеу курсын 2-3 айдан кейін қайталайды.

 

Білімдерін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Қайсысы арқылы лазер сәулесі биологиялық әсер бере алады?

  1. фотоэлектрлік әсер
  2. фотохимиялық әсер
  3. жылулық және соққылық (удар) әсер
  4. осының барлығы дұрыс
  5. лазер сәулесі биологиялық әсер бермейді

 

2. Лазер сәулесінің ерекше қасиеті?

  1. монохроматиялылығы
  2. когеренттігі
  3. тек тура бағытталуы
  4. түзілетін энергиясының жоғарғы қарқындылығы
  5. осының барлығы дұрыс

 

3. Лазер сәулесінің әсеріне қауіпті ағзалары деп қайсысын айтады?

  1. өкпе, жүрек
  2. бауыр, көкбауыр
  3. тері мен бүйрек
  4. көз, тері
  5. орталық жүйке жүйесі мен бауыр

 

4. Биологиялық тінге лазер сәулесінің әсері қандай қасиетіне байланысты?

  1. жергілікті температурасының кенеттен көтерілуіне
  2. химиялық құрамының өзгеруіне
  3. клетка мембранасы өткізгіштігінің өзгеруіне
  4. тіннің биопотенциалылығының өзгеруіне
  5. осының барлығына

 

5. Лазер сәулесінің негізгі қасиеттерін атаңыз?

  1. төменгі қарқындылық
  2. сәулелерінің кеңінен таралулығы
  3. толқындарының әртүрлі ұзындықта болуы
  4. осының барлығы дұрыс
  5. ешқайсысы дұрыс емес

 

6. Көз ағзасына лазер сәулесінің әсері қайсысына әкеліп соғады?

  1. хореоретиналық күюге
  2. хрусталиктің лайлануына
  3. нұрлы қабаттың мөлдірлігігінің төмендеуі
  4. көздің көруінің төмендеуі
  5. көру нервісінің семуі

 

7. Лазерлі сәулелердің биологиялық эффектісіне жатпайды:

  1. термиялық
  2. механикалық
  3. фотоэлектрлік
  4. фотохимиялық
  5. иондаушы

 

  1. Лазерлі сәулелердің әсері кезіндегі шеткі қандағы сурет:
  2. нейтрофиллезбен лейкоцитоз
  3. лейкоцитоз, лимфоцитоз
  4. эозинофилия, нейтрофиллез
  5. лейкоцитоз лейкоцитозбен, лимфоцитопения
  6. панцитопения
  1. Ағзаға лазерлі сәулелердің әсерінен пайда болған симптомдарға барі тән, тек:
  2. жұмыс кезінде көздің шаршауы
  3. көру аймақтарының түсіп қалуы
  4. ұйқының бұзылуы
  5. және жылағыштық
  6. жүрек қағу ұстамасы

 

  1. Адам ағзасына лазерлі сәулелердің әсерінен туындағанөзгерістер терапиясында қолданылады, тек:
  2. беллатаминал
  3. биологиялық адаптоген
  4. транквилизаторлар
  5. антиконвульсанттар
  6. антидепрессанттар
12
скачать работу

АДАМ АҒЗАСЫНА ЛАЗЕРЛІ СӘУЛЕНІҢ ӘСЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ