Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АДАМ АҒЗАСЫНА ШУДЫҢ ӘСЕРІ

көрсетеді. Сондықтан есту қызметінің жағдайын бағалаудағы маңызды тексерулерге 4000 Гц жиіліктегі және сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының орташа көрсеткіштері болып табылады.

Аудиометриялық тексерулерді дәрігердің бақылауымен орташа медицина қызметкері жүргізе алады.

Аудиометриялық тексерулердің үш әдісі бар:

  1. Әдіс.  Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық  дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000, 3000, 4000 және 8000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Шудың әсерінен естуді төмендету кезінде 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерді анықтаудың маңызы зор. Қосымша аудиометрияның босаға үстілік тексерулері жүргізіледі. Осындай экспертизаларды жүргізуге құқығы бар  медициналық мекемелерде еңбек сараптамасын жүргізу үшін қолданылады.
  2. Әдіс.  Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық  дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз.     Алдын ала және кезеңді түрдегі медициналық тексерулер кезінде қолданылады.
  3. Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық  дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз.     Шулы өндірістерді қараған кезде, медициналық мекемелерде есту ағзасына бастапқы шудың әсерін анқтау үшін қолданылады.

Аудиометриялық тексерулер үшін тондық аудиометрия қолданылады, босағалық деңгейдің экиваленттері ГОСТ 13655-75 деңгейіне сәйкес келеді.  Аудиометриядағы тондардың өзгерістері біркелкі және баспалдақты болу керек, 5 Дб артық болмау керек.тексерулер үшін қолданылатын аудиометриялардың  ГОСТ 8.002-71 бойынша мемлекеттік тексеру куәліктері болу керек. Аудиометрияның кезеңді тексерулері жылына бір рет жргізіледі. Тексерулерлер алдында   аудиометриялық аппараттың инструкция бойынша  дұрыстығын тексеру керек, сонымен қатар кем дегенде 5 адамның «биологиялық» калибровкалары жүргізілді.

Аудометриялық тексерулер мекемелерде жүргізіледі, шулардың деңгейі аспау керек: 1 әдіс үшін – 15 дБА және 50 ДБА; 2 әдіс үшін – 30 дБА және 65 дБА; 3 әдіс үшін 35 дБА және 70 ДБА. Шуды арнайы шумомермен өлшейді оның класы  ГОСТ 17187 – 71 бойынша 2 төмен болмау керек. Бөлмеде эксперементті жүргізетін адам және тексерілетін адамнан басқа ешкім болмау керек.

Аудиометриялық тексерулерді 80 дБА жоғары деңгейі бар кәсіпорындарда  есту қабілетін қалыптастыру үшін 14 сағат ішінде жүргізеді. Есту босағалырының уақыттық ығысуларын шудың әсері тоқтағаннан кейін 5-ші минутта жүргізеді. Тексерулер кезінде  арнайы  шарттар бар, ол тексерілуші аудиометрияның панелін көрмеу керек және манипуляцияны жүргізетін адамның түрін көрмеу керек.

Есту босағасын анықтауды келесі келесі дыбыс жиіліктерін өткізу тәртібімен жүргізген дұрыс: 1000, 2000, 3000, 4000, 6000, 8000, 1000, 500, 250 және 125 Гц -  1 әдістер үшін; 1000, 2000, 4000 — 2 әдіс үшін; 1000 және 4000 Гц  3 әдіс үшін.

Есту босағасын анықтау  дыбысты ауалық өткізумен арнайы оң және сол  құлақтарға сәйкес әрбір құлақтар үшін аудиометр телефондары арқылы анықталынады,  ал 1 әдісті қолданған кезде сүйектік телефонды қолданады. Тексерілуші әр жиіліктегі тондардаың естілулерімен таныс болу керек. Дыбыс пайда болған кезде сигнал кнопкасын басады (саусағын көтереді), ол жоғалған кезде кнопканы түсіреді. (саусағын түсіреді); жауаптардың дұрыстығын сигналдардың үзілістерімен тексереді.

Егер нәтижесінде  3 сәйкестік болса, есту босағасы осы жиілікте бекітілген болып саналады.

Аудиомериялық тексерулердің ұзақтығы 30 минуттан аспау керек.

Жұмысшылардың есту жағдайлары кереңдікке байланысты анықталады, естудің аудиометриялық тексерулер нәтижесі кестедегі естудің сандық критерилері бойынша анықталады (Остапкович В.Е., Пономарев Н.И.,1977ж).

 

Есту қызметтерін бағалау критерилері

 

 

 

Естуді жоғалту деңгейі

 

Тондық баспалдақты аудиометрия

Сыбырлап сөйлеуді қабылдау

 

 

 

 

 

500, 1000 және 2000 Гц дыбыс жиіліктерінде (орташа арифметикалық мәні) ести алмау(дБ)  4000 Гц және тербелістердің мүмкін болатын шегінде ести алмау (дБ)
Есту ағзаларын шудың әсер ету белгілеріЕстудің жеңіл дәрежелі төмендеуімен кохлеарлы неврит

Естудің шамалы төмендеуімен кохлеарлы неврит

Естудің ауқымды түрде төмендеуімен  кохлеарлы неврит

10 дейін

11-20

21-30

31-45

50±20

60±20

65±20

70±20

5±1

4±1

2±1

1±0,5

 

1 дәрежесі – есту ағзасына шудың әсер ету белгілері. Қарқынды өндірістік жағдайында шумен жұмыс істейтін жұмысшыларда осы түрі қолданылады. Естудің бұл жағдайы сөзді қабылдау аймағында естудің босағасы 10 дейінгі дБ жоғарлауы, 4000Гц  — тен 50 дБ(±20); сыбырлап сөйлеуді қабылдау 5м дейін (±1).

2 дәрежесі — Естудің жеңіл дәрежелі төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі  сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының  11 ден 20 дБ жиілігінде, 4000 Гц 60-қа дейін дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 4 м (±1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.

3 дәрежесі — Естудің шамалы төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі  сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының  21 ден 30 дБ жиілігінде, 4000 Гц 65 дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 2 м (±1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.

4 дәрежесі – айқын дәрежелі естудің төмендеуімен кохлеарлы неврит.  Осы дәрежедегі естудің төмендеуі  сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының  31 ден 45 дБ жиілігінде, 4000 Гц 70 дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 1 м (±0,5м) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.

Ағзаға шудың арнайы емес әсері. Күшті шу деңгейлері орталық жүйке жүйесіне жарақаттық әсер етуі мүмкін және естен тану жағдайларын, эпилепсиялық ұстамаларды, психикалық бұзылыстарды шақыруы мүмкін. Осындай жағдайдағы жұмысшыларда дисциркуляторлы энцефалопатия  синдромы бақыланды, ол церебралды микроорганикалық симптоматикалармен сипатталып, басқа этиологиялы энцефалопатиялардан ерекшеленбеді. Соңғы он жылдықта   тәжірибеде шудың осы ақаулары кездеспейді.

Жұмысшыларды тексеру кезінде орталық жүйке жүйесіндегі шудың арнайы емес өзгерістері шамалы айқындықтағы неврастения синдромы түрінде және сирек вегетативтік-тамырлық дисфункция (нейроциркуляторлы дистония) түрінде анықталынады. Қарқынды шу жағдайларында  ұзақ уақыт жұмыс істейтін адмдарда тұйық сипаттағы маңдай және самай аймақтарындағы бастың аурулары; көбінесе жұмыстың соңында немесе одан кейін ауыспалы сипаттқа көшеді.  Сонымен қатиар тітіркендіргіштік, жылауықтық, ұйқысының бұзылулары(жиі үзікті ұйқы, ұйқысыздық, сирек ұйқысының келуі), жоғары шаршағыштық, жүрек айсағындағы ауырсыну, басының айналуы(денесін басқа жағдайға ауыстырған кезде көзінің қарауытуы), есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тершеңдік. Ер адамдарға қарағанда әйелдер шуға бейім болып келеді.

Терең зерттеулер нәтижесі бойынша үлкен стажы бар жұмысшыларда вегетативті жүйке жүйесі жағынан өзгерістер болады. Симпатикалық жүйке жүйесі жағынан көрінетін өзгерістерге пиломаторлы рефлекстің төмендеуі (Дрогичина Э.А., 1957ж), адреналинді тері ішіне енгізген кезде тері реакциясының әлсіреуі (Милков Л.Е., 1963ж), несептегі тәуліктік катехоламиндердің құрамы төмендейді (Макотченко Л.Е және т.б., 1978).

Шудың әсерінен вестибулярлы, көру және тері анализаторларының қызметтері өзгереді, қолды созған кезде саусақтардың треморы байқалады, айқын жағдайларда көзді жұмып Ромберг позасында тұрған кезде  тұрақсыздық байқалынады.

Аяқ қолдардың дисталды бөліктерінде ауырсыну сезімдері анықталуы мүмкін. Қабылдау вибрациясының арнайы  рецепторлары болып саналатын вибрациялық сезімталдықтың төмендеуі.

ЭЭГ мәліметтер ретикулярлы формацияның әлсіреуін және басқада қыртысты құрылымдардағы қыртыс асты түзілістердің  өзгерістерін көрсетеді. Баяу регулярлы белсенділік, қалыпты ЭЭГ өзгерістер, альфа-белсенділіктің төмендеуі дені сау адмдарда да және шулы жағдайларда ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарда да кездеседі (Дрогичина Э.А және т.б

1234
скачать работу

АДАМ АҒЗАСЫНА ШУДЫҢ ӘСЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ