Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АДАМ АҒЗАСЫНА УЛЬТРАДЫБЫСТЫҢ, ИНФРАДЫБЫСТЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІ РАДИОТОЛҚЫН СӘУЛЕЛЕРІНІҢ ӘСЕРІ

амиялық синдромы және гипертониялық түрдегі нейроциркуляторлы бұзылыстары бар науқастарға аз мөлшерде транквилизаторлар (седуксен, тазепам және т.б) және антигистаминді препараттар, сонымен қатар тамырды кеңейтетін және гипотензивті заттарды тағайындайды. Коронарлы жетіспеушілігі бар науқастарға миокардтағы қан айналымды жақсартатын және тәжді қан айналымды жақсартатын препараттарды тағайындаймыз.

Симпатикалық адреналды криз типі бойынша ұстамалар болған кезде тамырларды кеңейтетін дәрілермен қоса аз мөлшерде аминазинді тағайындайды және ауырсынуды басатын заттарды иньекция түрінде қолданады.  Наркотикалық препараттарды сақтықпен қолдану керек. Терапевтік комплекстің құрамына емдік гимнастика, гидротерапия, мойынның вегетативті түйіндеріне эуфиллинмен фонофорез, массаж, сонымен қатар психотерапия қолданады.

Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Аурудың бастапқы кездерінде еңбек ету қабілеттері сақталынады. Осы жағдайларда амбулаторлық, стационарлық және санаторлық жағдайларда міндетті түрде арнайы ем жүргізіледі. Емнен соң және бұзылған қызметтердің қалыптасқанынан кейін бұрынғы жағдайда жұмысын жалғастыра береді.

Шамалы айқындық кезеңдерінде стационарлық жағдайда арнайы ем жүргізіледі және рационалды түрде еңбекке орналастырып, санаторлық курорттық ем ұсынылады. Бұндай адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде өзіндік қиындықтары бар. Кейбір жағдайларда ондай адамдарды дәрігердің қарауымен және радиотолқындардың аз мөлшердегі байланыстарымен  сол жұмыстарында қалдырады.

Айқын кезеңінде, әсіресе, жиі церебралды криздермен диэнцефалды жетіспеушіліктер кезінде сәулелерді бөлетін жұмыспен байланысты үзу керек. Жалпы қабылданған критерилер бойынша мүгедектікке акуысчтыру сұрақтары шешіледі. 1-2 жылдан кейін егер науқастың жағдайы жақсарған болса науқастың мүгедектігін алып тастайды. Катаракта анықталған кезде процестің өршу қауіпіне байланысты жұмыс істеу көрсетілмеген. Жалпы соматикалық аурулардың айқын түрлерінде басқс жұмысқа ауыстырылады. Әйелдердің жүктілік кезінде және бала емізу кездерінде, сонымен қатар 18 жасқа толмаған жасөспірімдер жұмысқа  жіберілмейді.

Алдын алу. Радиотолқындардың әсерлерінен пайда болған ауруларды алдын алу үшін, арнайы инженерлік техникалық шаралар жүргізілу керек, қатаң түрде техникалық ережелерді сақтау керек, еңбек және демалыс, рационалды тамақтануды ұйымдастыру керек.

СВЧ әсері бар жағдайларда жұмыс істеген кездерде, 12 айда бір рет окулист, невропатолог, терапевтің қатысуларымен кезеңді түрде медициналық қараулардан өту керек, ал  УВЧ (ультра қысқа толқындарда) және ВЧ әсерлері кездерінде 24 айда бір рет  өтіп отыру керек.

         Инфрадыбыстың әсері. Төмен акустикалық тербелістер аймағы 20 Гц төмен болады. Осы  жиіліктер естілмейтін жиіліктер диапазонына жатады. Инфрадыбыс қарқындылығының ддеңгейі децибелмен (дБ) көрінеді.

         Инфрадыбыстардың  ерекшеліктеріне толқындардың үлкен ұзындығы және аз мөлшердегі тербеліс жиілігі жатады. Ауада инфрадыбыстардың жұтұлуы аз болғандықтан олар олар ауада аз энергияны жоғалтумен жақсы таралады. Инфрадыбыстардың осындай физикалық қасиеттері шудың деңгейін төмендетуде қиындықтарды тудырады.

Өндірістік инфрадыбыстар – акустикалық тербеліс аймағы 20 Гц төмен. Өндірістік орындардың кез келген аппаратының барлық спектрлерінен инфрадыбыс бөлінеді, ол кей жағдайларда есту диапазонының жиілік деңгейін жоғарлатады, дыбыс қысымының максималды деңгейі 8, 16, 31, 5 Гц құрайды

Су және ауа транспорттары, өздігінен жүретін машиналар, дизелді двигателдер, айналмалы бөлшектері бар ауыр машиналар, мартеновты және электрлі доғалы пештер, вибрациялық алаңдар, өндірістік вентиляторлар, кондиционерлер, компрессорлар қазіргі кездегі өндірістердегі және транспорттардағы инфрадыбыстардың көздері болып табылады.

Инфрадыбыстардың әсер ету патогенезі толығымен оқылмаған. Адам ағзасы төмен жиіліктердегі дыбыстардың  тербелісіне сезәмтелдықтары жоғары болып саналады. Тітіркендіргіштерге жауап ретінде сәйкес рецепторларда (тері, есту анализаторлары) нерв импулстары пайда болады, олар бас миының қыртысты орталығына ең алдымен таламиялық орталыққа түседі. Адам ағзасында өзіне тән тербеліс жиіліктері болғандықтан, инфрадыбыстардың әселері кезінде, ағзада жағымсыз сезімдер туу мүмкін.

Инфрадыбыстар ағзадағы жүйке, жүрек тамыр, тыныс жүйелерінің, сонымен қатар кохлеовестибулярлы анализаторлар қызметтерінің бұзылулары инфрадыбыстардың әсер ету ұзақтықтарына, жиілігіне, деңгейіне байланысты.

Инфрадыбыстардың ұзақ уақыт әсер ету нәтижесінен астения, еңбек ету қабілетінің төмендеуі, вегетоневротикалық симптомдар пайда болады: тітркенгіштік, жүрек айну. Инфрадыбыстардың есту босағасы төмен деңгейде орналасуына қарамастан, инфрадыбыстардың тербелістерінің жоғары деңгейлері есту ағзасымен қабылданады. Осы қабылдау ортаңғы құлақта инфрадыбыстардың әсер етуі кезіндегі дыбыс жиіліктерінің гармониктерінің орналасуына байланысты.

Көптеген зерттеушілердің айтулары бойынша инфрадыбыстардың тербелістері вестибулярлы анализаторларға әсер етеді.  Тексерілген адамдарда бас айналу және тепе теңдіктің бұзылулары анықталған.

Инфрадыбыстардың әсері кезіндегі  жүрек тамыр жүйесі жағындағы өзгерістерге жүректің жиырыду жиіліктерінің бұзылыстары, көбінесе брадикардаия, диастолалық қысымның жоғарлауы  жатады.

Осыған байланысты инфрадыбыс жалпы биологиялық тітіркендіргіш болып табылады.  Сенсорлы жүйенің вестибулярлы, жүйке және жүрек тамыр жүйесі инфрадыбыстарға өте сезімтал болып табылады.

Емі: симптомды шаралар жүргізіледі.

Алдын алу: жұмыс орындарындағы инфрадыбыстар деңгейі гигиеналық тиалаптарға сәйкес болу керек. Міндетті түрде жеке бас қорғаныс заттарын қолдану кеерк. Терапевт, невропатолог, оториноларинголог дәрігерлерінің қатысуымен 24 айда бір рет кезеңді түрде медициналық қараудан өту керек. Жұмысқа қабылдаған кездегі медициналық қарсы көрсеткіштеріне  жатады: құлақтың сүлелі аурулары, вестибуллярлы аппараттың қызметінің бұзылыстары, наркомания, токсикомания, гипертониялық аурулар.

         Ультрадыбыстың әсері. Ультрадыбыс дегеніміз 2 х 104 нен 1013 Гц жиілік толқынды айтады. әдетте 20 КГц жиіліктегі механикалық тербелістер адам құлағымен қабылданбайды. Ол дыбыс қысымының бірлігі  децибелмен өлшенеді.

         Ультрадыбыс табиғатта кеңінен таралған. өндірісте ол шудың қосымшасы болып, мысалы реактивті двигателдер жұмысында, газ трубалары және басқада процестерде.

Ультрадыбыстар механикалық және электромеханикалық  әдістермен алынады. өндірісте магнитострикциялық және пьезоэлектрлік сәулелерді қолданады. Біріншісі төмен жиіліктегі ультрдыбыстарды алу үшін  алу үшін (200 КГц), екіншісі 50 МГц дейінгі  жиіліктегі ультрадыбыстарды алуға қолданады.

Төмен жиіліктегі ультрадыбыстар ауауда жақсы таралады. Ол жоғарлаған сайын ауадан таралу  жиіліктері  төмендейді. Қысқа толқынды жоғары жиіліктегі ультрадыбыстар ауада мүлдем таралмайды. Газды сұйықтыққа қарағанда ультрадыбыстар аз жұтады. Ультрдыбыстардың тесуші әсері медицинада және өндірісте кеңінен қолданады.

Ультрадыбыстың көмегімен сварка, пайка, бөлшектерді тазалау, сұйықтықтарды стерилдеу, бұрғылау, кесу, шлифовка және полировка жүзеге асады. Сонымен қатар ультрадыбысты молекулярлы физикада, биологияда және медицинада әртүрлі химиялық реакцияларды жүргізу кезінде еру процестерін жеделдету үшін қолданылады. Жұмыс орындарындағы дыбыс қысымдарының жиілік деңгейі 18, 20, 22, 24 КГц – тен 80-нен 120 дБ және одан жоғары  деңгейде тербеледі. Санитарлық талаптар мен ережелерге сәйкес кәсіпорындарындағы дыбыс қысымының өндірістік орындарындағы   ультрадыбыстардың рұқсат етілетін жиіліктері 20 КГц  дыбыс қысымы 100 дБ-де, 40 КГц – 110 дБ құрайды.

Ультрадыбыстар жүйке жүйесіне әсер етіп, жүрек тамыр, эндокриндік жүйедегі зат алмасу процестерінің бұзылыстарына әкеледі. Сонымен қатар клетка мембраналарының өтімділігінің бұзылыстарына әкеледі.

Кавитирлеуші сұйықтықпен қатынаста болған қол қолдың кәсіптік ауруларына әкелуі мүмкін. Церебралды микроорганикалық симптоматика болуы мүмкін.

Клиникалық ағымына байланысты 3 кезеңін бөледі:

1)      алғашында — вегетатамырлы дистонияның аяқтардағы вегетативті невралгиялық синдромдары басымырақ болады;

2)      шамалы айқындықта – астеновегетативті синдромдар мен қолдағы вегетативті полиневропатия симтомы;

3)      айқын – таламиялық гипоталамиялық көріністермен диэнцефалды патология.

Аз энергия мен жоғары жиіліктегі ультрадыбыстармен байланыстары  бар еңбек гигиенасы сұрақтарының маңызы зор. Ультрадыбыстардың әсеріне жүйелі түрде әсер ететін жұмыспен әсері бар мамандарда қолдардың вегетативті полиневриті дамуы мүмкін.

Негізгі шағымдары – алақанның тершеңдігі, қол саусақтарының жансыздануы. Қолдардағы гипестезия түріндегі полиневрит анықталынады, тырнақ капилляроскопиясы кезінде  капиллярлардың спазмдары немесе спастикалық атониясы дамиды.

Емі. Вегетативті полиневрит кезінде  емдік шаралар қолданылады.

Процестердің айқындылық деңгейлеріне байланысты қолдың вегетативті полиневриттері кезінде еңбек ету қабілетінің сараптамасының сұрақта

123
скачать работу

АДАМ АҒЗАСЫНА УЛЬТРАДЫБЫСТЫҢ, ИНФРАДЫБЫСТЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОМАГНИТТІ РАДИОТОЛҚЫН СӘУЛЕЛЕРІНІҢ ӘСЕРІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ