Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫ

т, дегенмен, мемлекет пен азаматтардың мүддесінде бұл бостандыққа шектеу орнатуы тиіс.

Әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда, білім алу құқығы – бұл білім саласындағы адамның заңды міндеттері мен бостандықтары, сонымен қатар мемлекеттің әр адамның білім алу құқығын қамтамасыз ететін қарсы міндеті мен субъективті құқықтарын қамтитын әлеуметтік феномен.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бастап білім қатынастарын реттейтін заңнамасы, республиканың басқа заңнамалары сияқты, даму мен қалыптасу кезеңдерінен өтті. Білім саласындағы заңнамасын реформалаудың бастапқы кезеңі Қазақстан Республикасының 1992 жылғы «Білім туралы» және 1993 жылғы «Жоғары білім туралы» Заңдарының қабылдануымен байланысты. Бұл кезеңде білім саласындағы кейбір сұрақтар бұрынғы СССР заңнамасымен реттелгенін атап өту қажет. Қоғамдық қатынастарының қарқынды жаңаруы мен нарықтық механизмдердің енгізілуі білім саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу жолдарының өзгеруін талап етті. Сонымен қатар, қолданыста болған заңнама 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес болуы қажет еді. Аталған заңдарды қолдану тәжірибелерінің жинақтауын ескере отырып, сонымен қатар Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіне қосылуының халықаралық міндеттерінен туындайын (1997 жылы Еуропалық өңірдегі жоғары білімге жататын біліктіліктерді тану туралы Конвенциясын ратификациялады; ТМД аясында бірыңғай білім кеңістігін құру және оның қызмет етуі туралы келісімінен бастау алатын белгілі міндеттер және т.б.) 1999 жылы білім қатынастары заңнама базасынының реформалау мен дамуының жаңа кезеңін ашқан, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы әзірленіп, қабылданды.

Қазақстан Республикасы «Бала құқықтары туралы» Конвенциясын ратификациялаумен байланысты 2002 жылы «Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Дүниежүзілік бала құқықтарын қорғауға бағытталған заңнама базасын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Парламентімен «Отбасы типтегі ауылдар мен жасөспірімдер үйлері туралы», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және дәрігерлік-педагогикалық түзетуге жәрдем көрсету туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары қабылданды.

Білім саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін жеке нормалар Қазақстан Республикасының мынадай заңнама актілеріне енгізілген: «Білім туралы», «Неке және отбасы туралы», «Жалпыға бірдей әскери міндет пен әскери қызмет туралы», «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы», «Қазақстан Республикасында ауыл, село және агроөнеркәсіп кешенін дамыту артықшылықтары туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңдары және басқалары.

Қазақстан Респуликасы Президентінің нормативтік құқықтық актілері білім саласындағы заңнама жүйесінде айтарлықтай маңызды рөл атқарады. Қазақстан Респуликасы Президентінің нұсқаулары мен өкімдермен білім саласындағы мемлекеттік саясатын анықтайтын «Білім» Мемлекеттік бағдарламасы; Орта білім жүйесін информатизациялау бағдарламасы; Оқушы жастарға құқықтық білім беру, этномәдени білім және мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамалары сияқты құжаттар бектілді [6].

Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің төрайымы Динар Нукетаева, Мәжілісте өткен «Білім туралы Заңға тузетулер енгізу» атты Домалақ үстелде былай деді: “Отандық білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет білім беру сапасын халықаралық деңгейге көтеру, сапасын арттырып отыр. Жас ұрпақты қалыптастырушы жоғары оқу орындарына талапты заманның өзі қояды. XXІ ғасыр білімнің, ақпараттың, жаңа технологияның өрістеу ғасыры. Ендеше, мамандарға қойылатын заман талабы – кәсіби жоғары білім, түрлі күрделі жағдайлардан шығып кетудің ойлы жолын таңдап ала білу. Осыған байланысты жоғары оқу орындары ал­дын­дағы міндет тек білім берумен ғана шектелмейді. Әрбір жас ұрпақ жоғарғы оқу орнының қабырға­сы­нан ұлтжандылық, отансүйгіштік, тағы да басқа адами қасиеттерді бойына сіңіріп, заман талабына сай жұмыс істей білудің әдістемесін игеріп шығуы қажет.

Осыған орай, қазіргі таңда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында ҚР Үкіметі, «Нұр Отан» ҰДП «Қазақстандық білімнің әлемдік стандарттарға жақындауы» атты бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған заң жобасын қабылдады.

Халықтың білім деңгейіне мемлекеттің  мәдени, әлеуметтік — экономикалық дамуын ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің тәуелсіздігін сақтап қалу да тәуелді.

2007 жылдың 7 шілде айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы білім саласындағы қоғамдық қатынастарды реттей отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді. Бұл Заң ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен тәжірибедегі жетістіктер негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы, дамуына қажетті жағдайларды жасаудың құқықтық негізін қалады.

Қазіргі таңда қоғамның экономикалық, саяси және мәдени бағыттардағы үдемелі даму «Білім туралы» Заңға тиісті түзетулер енгізу қажеттілігін туғызады. Осыған орай, ұсынылған заң жобасының оң жақтарын атап өту қажет: «Тұңғыш Президенттің 20 интеллектуалды мектептері» атты жобасын жүзеге асыру мақсатында құқықтық базаны бекіту; білім алушылардың мемлекеттік шәкіртақысы мөлшері мен оған қосылатын үстемелерді бекітетін сұрақтарды, мемлекеттік білім беру мекемелерінің жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін ие болған гранттарын қолдану тәртіптері, сонымен қатар білім алу үшін әлеуметтік көмек алатын азаматтар санатының тізімін бекітуді реттейтін жеке нормаларын енгізу” [7].

Қорыта келгенде, адамның білім алу құқығы табиғи құқық болып табылады. Әр бір адам азаматтығына қарамастан бұл құқықтарын еш кедергісіз жүзеге асыруға құқылы. Ал, мемлекет, өз тарапынан барлық адамдарға бұл құқықтарын жүзеге асыруға тиісті жағдайлар жасауы тиіс. Дегенмен, өз мүддесі мен азаматтардың да мүддесінде кейбір шекетулер жасауы қажет.

Жаңа замандағы әлеуметтік-эконмикалық және техникалық қайта жаңарулар оңай емес міндеттерді алға қояды, олардың көбісі білім институтын қалыптастырумен байланысты. Осыған орай, қазіргі заманғы қоғамдық дамудағы білім, бүкіл мемлекеттің және әрбір адамның бәсекелесуге қабілеттігін арттырудың негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Ұлттық білім беру жүйелері дүниежүзілік білім кеңістігіне ықпалдаусыз дами алмайды.

Қазақстан білімге негізделген қоғамды құрудағы ең тиімді әлемдік тәжірибелерді өз білім жүйесінде қолдануда.

Елбасымыз Нұрсылтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, білім реформасы  «мемлекетіміздің әрбір азаматы, тиісті білім және біліктілікті алғаннан кейін, әлемнің кез келген мемлекеттерінде талап етілетін маман бола алатындай» деңгейге жетуі тиіс [8].

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, эконмикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.

Осы орайда, қоғамдық даму деңгейiнiң, елдiң экономикалық қуаты мен ұлттық қауiпсiздігiнiң өлшемдерi ретiнде бiлiм беру жүйесiнiң, адам ресурстарының рөлi мен маңызы арта түседi. Қоғамдық қатынастар жүйесiндегi өзгерiстер бiлiм беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнiң болмысына барабар әрекет етудi және экономиканың даму қажеттiктерiне сай болуды талап ете отырып әсерiн тигiзедi.

 

Пайдаланылған әдебиетер:

  1. Корельский В.М.  Перевалова В.Д.  «Теория государства и права».   М.,  1998.
  2. Лукашева Е.А.   «Общая  теория  прав  человека».   М.,   1996.
  3. Джеферсон   Т.   «О демократии».   СПб.   1992.
  4. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы. – Алматы: Заң әдебиеті, 2004.
  5. 2007 жылғы Қазақстан Республикасыныңы Конституциясы.
  6. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минисрлігінің ресми сайт материалдары. www.edu.kz
  7. Поправки в Закон об Образовании – круглый стол в мажилисе. Цель – реализация програмной установки НДП «Нур Отан» — «Приближение казахстанского образования к мировым стандартам». www.parlament.kz ресми сайтының материалдары.
  8. Выступление Министра образования и науки Республики Казахстан Ж.К.Туймебаева на тему: «Цели высшего образования Республики Казахстана на пути к Болонскому процессу» 5 февраля 2009 г., Алматы КазНУ им. Аль-Фараби

 

Бекмуратова С.Н.

Л.Н.Гумилёв атындағы Еуразия Ұлттық Университеті Заң факультеті Халықаралық құқық мамандығының 2-курс магистранты

12
скачать работу

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМ АЛУ ҚҰҚЫҒЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ