Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Адамды саудаға салу қылмысының криминологиялық сипаттамасы және осы қылмыстың жасалуымен күресудің кейбір шаралары

лған түрі. Бұл тәсілге душар болушылар алдын-ала білуі де мүмкін – қайда бара жатқандығын, не істеу үшін екендігін. Жетінші кең тараған түрі – «неке агенттіктері», яғни шетел мемлекеттерінде жақсы жігіттермен таныстырып, дәулетті үйге әйелдік ету сияқты, т.с.с.

Бұл тәсілдер туралы сөз қылғанда, біз газет беттеріндегі қарапайым, еш заңбұзушылығы жоқ хабарландырулар да осы қылмыстың бастауы екенін атап өткеніміз дұрыс. Көптеген агенттіктер мен фирмалар  18 бен 30 аралығындағы қыздар мен әйелдерді шетелдік жақсы беделді фирмаларға жұмысқа тұрғызу мақсатында барлығын ресми түрде рәсімдеп , жөнелтіп жатады. Кейін, олардың қайда жоқ болып кеткенін, неліктен хабарсыз кеткенін — ешкім білмей қалады. Бұл — адамды саудаға салудың құрбаны болғандығының  басты белгісі.

Сонымен қатар, жиі жағдайларда,  әйелдер мен қыздар бұндай әрекеттердің құрбаны болып қалуына достық та себеп болады. Бір таныстары екінші таныстарына айтып осындайға душар етеді. Бұл – біз жоғарыда атап өткен, «екінші толқын» әрекеттері. Адамды сатуды ұйымдастырушы 200 доллардан 5000 долларға дейін сыйақы алады. Сол себепті, бұл әрекеттер — олар үшін табысты, өнімді болып табылады.

Балалар мен әйелдерді саудаға салушылар  сатылған адамдарды  шекара арқылы түрлі тәсілдермен өткізеді. Кейде олар формальды тұрғыда еңбек агенттіліктері арқылы, туристік агенттіктер арқылы әрекет етеді. Ал кейде тіпті қолдан жасалған жалған құжаттар арқылы да жөнелтіліп жатады. Бұндағы ерекшелік,  сатылып жатқан адамның өзі қандай мақсатты көздеп бара жатқандығын білер-білместігінде. Егер де білетін болса, онда оларды жалған құжаттар арқылы өткізу ешқандай проблема туындатпайды. Ал егер де білмесе, онда біз атап өткен формальды құжаттар өз «көмегін» көрсетеді.

Енді күресу мәселесіне келетін болсақ. Бұл қылмыспен күресу ретінде Қазақстан Республикасының көптеген шетелдік ұйымдармен біріге қызмет етуін атап өтуге болады. Ең қомақты әрекеттердің бірі ретінде АҚШ пен Қазақстанның ұйымдасқан қызметін атауға болады. Бірнеше қылмыстық істер бойынша қылмыскерлер ұсталып, олардың барлық жасалған әрекеттері ашылып, құрбандары мүмкіндігінше табылып, отандарына қайтарылып, ал қылмыскерлердің өздері жазаларын өтеуде.

Адамды саудаға салудың құрбаны болғандарға көмек және қорғау көрсету мақсатында құрылған арнайы ұйымдар мен мекемелер бар, сол сияқты арнайы орталықтар да көмек көрсетіп жатыр. [4].Бұқаралық ақпарат құралдары көмегімен де бұл мәселе туралы аз ескертіп жатқан жоқ. [5].

Көптеген күресу және алдын алу жұмыстарын мемлекеттік емес ұйымдар атқарып жатыр. Олар ақпараттық кампаниялар жүргізуде, қатер қаупі туындағандар үшін тренингтер өткізуде, шетелге шығушы азаматтар үшін ақпараттық ескертпелер жасау, т.с.с. Олардың оң әрекеттері пайдасын тигізіп жатыр.

Жалпы әлемді шырмаған бұл мәселенің алдын алу үшін біздің елімізде де барлық шаралар қолға алынуда.Бірақ, ең бастысы, қауіпсіздік шараларын күшейтіп, жер-жерде ақпараттық қамтамасыз етуді, халыққа сақтық мәселесін кеңінен түсіндіруді қолға алған жөн. Сондықтан, әлемдік ауқымды бұл проблеманы алдын алуда, тым болмаса, мынадай шараларын жүзеге асыру қажет:

- кез келген құлдық көріністеріне және құлдық саудасына қатаң тыйым салу, егер кей жерлерде болсын құлдыққа сату байқалған жағдайда, оған қатаң жаза шараларын қолдану;

- жоспарланған құлдық және құлдыққа сатуды жасауға дайындалғандарды, яғни зорлау сияқты әрекеттерге жазалау шараларын барынша қатаңдату;

- жоспарланған құл саудасын жасаған адамдарға жеткілікті түрде жазалау шараларын белгілеу;

- мемлекеттің құлдық және құлдыққа сатудың алдын алу мен болдырмау шараларын қатаң қадағалануы.

Осыған орай, қазіргі таңда, құлдыққа құрығына түспеу шараларын құқық қорғау органдары әр түрлі жолдармен жасап отыр. Мысалы, 2002 жылы визаның жаңа түрі пайда болды. Бұл визада «Т» деген белгісі болған. Бұл виза құлдыққа түспеу үшін берілген. Ол визаны құқық қорғау органдары шетелге жұмыс іздеп бара жатқандарға қызметтес болуға және байланыста болу жағдайда деген шартпен береді. Құлдыққа түскен құрбандар, тұрған жерлерінде өзіне және өз отбасына уақытша түру азаматтылығын ала алады, мысалы АҚШ мемлекетінде мұндай жағдай қарастырылған.

Сондықтан, адам саудасына жаппай тосқауыл қою мәселесіне біздің ел азаматтары да барынша көңіл бөліп, осы бір келеңсіз құбылыстың жолын кесуге өз үлестерімізді қоссақ екен дейміз.

Тәуелсіз еліміздің ертеңінің бүгінгіден нұрлы болуының өзі осыған байланысты екенін әсте естен шығармаған дұрыс.

 

Сілтемелер:

[1] Адамды саудаға салу – проблема ретінде: ЕҚЫҰ тапсырмалары: ақпараттық құжат 1993/3 / ЕҚЫҰ конференциясына шолу. Қыркүйее 1999. Варшава, 2002 . С. 8.

[2] Волошин. А. В. Незаконные сделки в отношении человека: проблемы криминализации и пенализации [Электронный ресурс]. – Режим доступа:http://sartraccc.sgap.ru/Pub/voloshin(23-07).htm

[3] Бұл да сонда

[4]Электронный бюллетень «Остановим торговлю людьми ». 2004. Вып. 1 [Электронный ресурс]. – Режим доступа: http://www.owl.ru/cgi/Content/ runbroker.cgi?broker=Brokers::Showcontent&action=printversion&id_news=53570.

[5] Бұл да сонда

 

Қолданылған материалдар:

1. Нормативтік-құқықтық актілер

2. Буряк, М.Ю. Криминологический анализ жертв торговли женщинами // Новые проблемы юридической науки: Материалы конференции молодых ученых, аспирантов и студентов. Владивосток, 29 апреля2004 г. -Владивосток.: Изд-во Дальневост. ун-та, 2004. С. 214-227.

3. Буряк, М.Ю. Мониторинг осведомленности о проблеме торговли людь- . ми среди женщин социальных групп риска (на материалах Дальневосточного региона) / Л.Д. Ерохина, М.Ю. Буряк // Вестник ДВО РАН. -2003.-№5.-С. 61-70.

4. Буряк, М.Ю. Правовая борьба с перемещениями женщин и детей: сравнительно-правовой анализ // Злочини проти особистсн вол1 людини:

5. Зб1рник матер1шпв м!жнародного науково-практичного семшару (Харюв, 19-20 вересня 2000 р.). Харюв, 2002. — С. 117-124.

6. Буряк, М.Ю. Правовая борьба с торговлей людьми // Транснациональная организованная преступность: дефиниции и реальность. Монография. -Владивосток: Изд-во Дальневост. ун-та, 2001. — С. 209-222.

7. Конвенция о ликвидации всех форм дискриминации в отношении женщин от 18 декабря1979 г. // Противодействие торговле людьми: Сборник нормативных правовых документов / под ред. Н.И. Абубикировой — М.: Изд-во «ЭКСлит», 2004. С. 37-45.

8. Конвенция Международной организации труда № 105 об упразднении принудительного труда от 25 июня1957 г. // Противодействие торговле людьми: Сборник нормативных правовых документов / под ред. Н.И. Абубикировой М.: Изд-во «ЭКСлит», 2004. — С. 168. 9. Конвенция относительно рабства 25 сентября1926 г., с изменениями, внесёнными протоколом от 7 декабря1953 г. // Противодействие торговле людьми: Сборник нормативных правовых документов / под ред. Н.И. Абубикировой М.: Изд-во «ЭКСлит», 2004. — С. 18-20

10. Пекинская декларация, принятая на IV Всемирной конференции ООН по положению женщин,1995 г. Электрон, ресурс. Доступно из URL: http://www.womnet.ru/library/intdoc/pecin/declaration.htm [Дата обращения: 28 ноябр. 2003]. 11. Пекинская платформа действий, принятая на IV Всемирной конференции ООН по положению женщин,1995 г. // Противодействие торговле людьми: Сборник нормативных правовых документов / под ред. Н.И. Абубикировой М.: Изд-во «ЭКСлит», 2004. — С. 69-71

 

ӘОК 434.34

Алькенов Абылай , Қарағанды «Болашақ» университеті

Ғылыми жетекші – доцент Какимжанов Т.С.

12
скачать работу

Адамды саудаға салу қылмысының криминологиялық сипаттамасы және осы қылмыстың жасалуымен күресудің кейбір шаралары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ