Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Адамзат қоғамының эволюциясы

табылатын индивидтерден құралған ұжым болды.

Туыстық қауымның  ертеқауымдардан айырмашылығы –қалыптасқан адамзат қоғамы еді.  Бұл қоғамда алғашқы қауымдағы ұжымшылдық бастамалары мен адамдар арасындағы тығыз қатынастар жоғары дәрежеде дамыды, оның үстіне этнографиялық аналогиялар негізінде байқалғандай, туыстық қатынастар экономикалық қатынастар ретінде, ал экономикалық қатынастар – туыстық қатынастар ретінде қалыптасты.

Жоғары палеолитке өту кезеңінде туыстық құрылымның пайда болғанына кейбір археологиялық мәліметтер қосымша дәлел бола алады. Мысалы, жоғары палеолитік Венералар деп аталатын әйелдердің мүсіндері.

П.П.Ефименкодан кейін көптеген археологтар оларды алғашқы аналық культтің дәлелі деп қарастырды. С.А.Токарев бұл мүсіндер туыстық топтардағы тіршілікті білдіретін от басының қорғаушысы, иесі деп қарастырды. Екінші бір көзқарасты жақтаушылар, көптеген этнографиялық мәліметтерге сүйенді. Осы пікірлердің барлығы да бұл мүсіндер тіршіліктегі және қоғамдық көзқарастағы әйелдің ролін білдіріп, аналық-туыстық культтің пайда болғанын көрсетеді.

Туыстардың тағы бір маңызды белгісі – зкзогамия, туыстастардың бір-біріне үйленуіне тиым салу болды. Ю.И.Семенов экзогамияның шығуы алғашқы қауымдық ұжымдар ішіндегі шаруашылық тіршіліктің реттелуі үшін қажет болды деп түсіндіреді. Олардың пікірі бойынша, жыныс аралық қатынастар кезінде үздіксіз қақтығыстар болып, олар ертеқауымның қоғамдық және шаруашылық роліне нұқсан келтірді. Осыған байланысты қоғамда біртіндеп жыныстық шектеулер енгізіліп, соңында топ ішіндегілер арасындағы жыныстық қатынастарға тиым салынды.

Жыныстық шектеудің бір түрі – инициация деп аталатын жасөспірімдерді кәмелетке толуына байланысты ересектер қатарына қабылдау болды.

Инициацияның негізгі мақсаты – жастарды отбасылық өмірге дайындау болды. Инициация кезінде оларға түрлі әдет - ғұрыптар туралы айтып қана қоймай, сүндетке отырғызу, т.б. рәсімдер жасалатын болған. Әсіресе ер балаларды сүндетке отырғызу кең тарап, ол иудаизм мен ислам дінінде осы кезге дейін сақталып қалды. Бұл әдет-ғұрыптың шығу себебі ғылымда түсініксіз. Кейбір жорамалдар бойынша, осы арқылы жасөспірімдердің жыныстық өмірге мерзімінен бұрын  ерте араласуына тиым салынған болуы мүмкін. Бұдан басқа әдет-ғұрыптар, мысалы, Австралияның аборигендерінде жасөспірім қыз балалардың кеудесін маймен сылау арқылы оның өсуін жақсартуға болады деп санаған.

Кейбір ертедегі алғашқы қауымдарда ересектер - әйелдер бір бөлек, ерлер бөлек топтанып өмір сүрген. Жекелеген ерлер үйлері болып, оларда түрлі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер (инициациямен қоса) жүзеге асырылатын болған. Бұған Сібірдегі Мальта қалашығынан табылған археологиялық қазбалар дәлел бола алады.

Неке және отбасы.Туыстық құрылымның және оған тән экзогамияның пайда болуына байланысты алғашқы қауымдық қоғамда неке, яғни жыныстар арасындағы қатынастарды реттейтін ерекше институт пайда болды. Онымен бірге және кейбір басқа да түсініктер бойынша, кейінірек, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарды реттейтін отбасылық институт пайда болды.

Некенің алғашқы түрі жөніндегі мәселе әлі күнге дейін толығымен шешілген жоқ. Этнографиялық мәліметтер бойынша, тарихи реконструкциялар екі түрлі. Біріншісі, некенің алғашқы түрі – топтық неке болып, ол кейінннен жеке неке мен  отбасының түрлі нысандарына  алмасты. Екіншісі -  қоғам дамуының ең алғашқы кезеңінен - ақ жеке отбасы болған деген пікір.

Бірінші пікірді ең алғаш ұсынған Л.Г.Морган. Ол біртіндеп алмасып отырған отбасының 5 түрін атады. Олар: қандас туыс, пуналуалды (индусша: пуналуа -құрдастар), жұптық, аралық патриархалдық және моногамды. Алғашқы екі түрі топтық некеге, ал қалғандары жеке некеге негізделеді.

Ғалымдардың екінші бір тобының пікірі бойынша, дамуы жөнінен артта қалған ертедегі аңшылар, балықшыларда және т. б. жұптық неке мен отбасы болған. Осы кезеңде жұптық неке мен отбасының болғанын бірқатар археологиялық мәліметтер дәлелдейді.

Алғашқы қауымда сақталып қалған еңбектің табиғи бөлінуі жыныстары мен жастарына байланысты ерекшеленген топтардың тіршілік етіп, олардың құқықтары мен міндеттері, әдет-ғұрыптары қалыптасты. Дамудың дәл осы кезеңінде жалпы мәдени деңгейдің жоғарылауына байланысты осындай топтардың институттары құрылды (жеке бастылар, жігіттер, қыздар, әйелдер үйлері, т.б.). Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары – ерлер топтары, әсіресе, еркектер үйлері болды. Оларда еркектердің жиналыстары өтіп, түрлі әдет-ғұрыптарға байланысты жұмыстар жүргізілді, қонақ күтілді және т.б. Әйелдер мен иниципияланған жасөспірімдерге еркектер үйіне кіруге рұқсат берілмеді. Көп туысты қауымдарда әрбір туыстың жеке еркектер үйі болды.

Жынысқа байланысты бөліну тек кеңістіктік қана болған жоқ, көбіне еркектер мен әйелдер бөлек жұмыс істеп, бөлек тамақтанды да, олардың жеке меншіктері де өз алдына бөлек болды. Көптеген папуас тайпаларында еркектер өздері отырғызған ағаштарға, малдарға, еңбек құралдарына иелік етсе, әйелдер өздері еккен бақша дақылдарына, ас үй жабдықтарына иелік етті. Тек қана балалар мен әйелдердің тұратын үйлері ортақ болып саналды.

Жыныстары мен жастарына байланысты бөлінген топтардың орны олардың еңбекті бөлудегі рөлінен және туыстық жеке меншікке қатынасына байланысты анықталды. Егін және мал шаруашылығында тек қана еркектер емес, әйелдер де жұмыс істеді. Осы кезеңде адамдар өмірінің ұзақтығының жоғарылауына және әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты ересек еркектердің басқаруы анығырақ байқалды.

Алғашқы қауымның соңғы кезеңдерінде де жұптық неке үстем болды. Бұл неке екі жақтың кез келгенінің ұйғарымы бойынша оңай бұзылатын еді. Кейбір тайпаларда көп әйел алушылық жиі кездесті. Ал екінші бір тайпаларда полиандрия (бірнеше күйеу болу), әсіресе левиратты – ағайындыларға күйеуге шығу көп кездесті. Алғашқы кезде шаруашылықтың екі түрі де болғандықтан кейде полигиния мен полиандрия қатар жүрді.

Мысалы, ХVІІғасырдағы егін шаруашылығымен айналысатын гурондар мен ирокездерде ерлерінің  қосымша әйелдері, ал әйелдерінің қосымша күйеулері болды, ал гурондарда бұлардан басқа аңға шыққанда әйелдері ретінде алып жүретін аңшы қыздар болған. И.Е.Вениаминовтың айтуы бойынша алеуттер мен тлинкиттерде әйелдердің екі күйеуі, біреуі негізгі, екіншісі көмекшісі болған. Бұл кездері біраз уақыттарға дейін некелер кросскузенді болып, қауымдық туыстық ұжымдар арасындағы байланыстардың ұлғаюына байланысты кросскузендік некелер бірте-бірте жойылып кетті. йленудің түрлі дәстүр

123
скачать работу

Адамзат қоғамының эволюциясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ