Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әдебиет пен сынның биік белесі

і поэтикалық аяда айшықтап жеткізу, стильдік тұрғыдан шегелей, ширықтыра қайыру мақсатында әдеби-теориялық терминдерді, халықаралық лексикадағы танымдық аясы кең, өткір, танымал сөздерді сыншы өте ұтымды ұстайды. Ұстайды да оларды контекст тініне ойнақы, тігісін жатқыза кіргізіп, киік сақасына қорғасын құйғандай, сөзіне салмақ үйіреді. Бұл сыншының ұтатын тұстары. Мысалы, көркемдік эволюция, сүреңсіздіктің барометрі, қайсар иммунитеті, барша парадокс, тағы басқа сол сияқты жеке сөздер, бірқатар сөз тіркестері бұған дәлел. "Жазушы Әбілқайыр, Тевкелев, Бөкенбай, Есет, Мәті, Тайлан образдарына ретушь жасамағандықтан, қайта тарих пен тарихи тұлғаның қоғамдық тұтас бірлігін құрайтын әлеуметтік шифрды, суреткерлік кодты, шығарманың саяси-философиялық тонусын дәл тапқандықтан бұл образдар өзінің биік көркемдік дәрежесіне көтерілген" ("Тарих және көркемдік шешім парасаты", 195-бет). Осындағы ретушь, шифр, код, тонус сөздері сыншының ой-арнасында жарасым тауып, көздеген нысанасын дәл тауып, дөп басуға, пікір байламын түйіндеп ұсынуға жол ашады.

Ал енді сыншының өткен жылы ғана жарық көрген соңғы еңбегі - әдебиет сынындағы жалпы соңғы жылдар белесінде оқырман қолына тиген әдеби-талдау, әдеби-сын еңбектердің ішіндегі жаңа белес десек артық айтпаймыз. Тахауи Ахтановтай қазақ әдебиетіндегі орны бөлек, қайталанбас қаламгердің сан қырлы шығармашылығының тереңіне бойлайтын бұл кітаптың басты құндылығы – жазушы портретінің бүгінгі тәуелсіз санамыздың, тәуелсіз танымның биігінен сомдалғандығы. Сыншының бұл жолы да қаламгер туралы өзіне дейінгі жазылған дүниелерді қайталамай, Т.Ахтанов қаламынан шыққан: “Қаһарлы күндер”, “Махаббат мұңы”, “Дала сыры”, “Боран”, “Ант”, “Шырағың сөнбесін”, “Күй аңызы”, “Жоғалған дос” сияқты көркемдік жаратылысы бөлек шығармалардың суреткерлік болмыс-бітімін, ең бастысы осынау туындылардың қазақ руханияты мен ұлттық мүдде тұрғысынан қандай олжа салғандығын тереңнен тартып сөз ететіндігі айрықша көзге түседі.

Бір ерекшелігі, сыншының әдеби-эстетикалық талдаудың тосын, әрі қызықты, әрі өнімді көрінетін әдісі – Тахауи Ахтановты Ахтановтың өз көзімен ашуға ұмтылуы әсерлі шыққан. Суреткер қаламгердің эстетикалық көзқарастарын – туындыларымен және әр алуан тақырыптағы әдеби-талдау мақалаларымен жарыстыра отырып, яғни сол кездегі әдеби процестегі қалам қайраткерінің көркемдік жүйесі мен жаңашыл ізденістерін қатар қарастырады. Сол тұста әдеби ағымдағы көзге түскен көркемдік ізденістердің барлығын жарыстыра, салыстыра қарастырып отырып, соның егіз өрім, бір өзек табиғатын, яғни талант тектоникасындағы ішкі әрі сәулелі қасиеттерін аршып көрсетеді. Осының барлығы өз кезегінде сыншы үшін қаламгер портретін іштен ашуға, іштен танытуға таптырмас кілт болған.

Сыншының Тахауи Ахтановтай суреткер қаламгердің шығармашылығына арналған осы еңбегін ҚР Ақпарат министрлігінің арнайы бағдарламамен мемлекеттік тапсырыс арқылы “Күлтегін” баспасынан жарыққа шығарғандығын үлкен игілік дейміз. Осы дәстүр жалғасып, мемлекеттік бағдарламамен қазақтың қайталанбас қаламгерлерінің: Тәкен Әлімқұлов, Бердібек Соқпақбаев, Жұбан Молдағалиев, Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған жеке-жеке сын кітаптары жарыққа шықса қанеки. Осынау қаламгерлерге арналған әдеби-сын еңбектер, зерттеулер қолжазбасының дайын мәтіні жекелеген зерттеушілер, әдебиетші-ғалымдар қоржынында бүгінгі күні дайын. Осы тұста сыншы С.Жұмабектің аталған еңбегі кейінгі жарық көретін жинақтарға жақсы жолашар, өнеге болар еді.

Сыншының осыдан біраз жылдар бұрын қазақтың тағы да бір еңбекқор, қабырғалы қаламгері Қалаубек Тұрсынқұлов шығармашылығын арқау еткен “Қазғұрт перзенті” атты сын жинағы әдебиетіміздің ең бір беделді, айбынды сыйлығы – “Халықаралық Алаш сыйлығына” ие болды. Тәкен Әлімқұлов, Асқар Сүлейменов, Зейнолла Серікқалиев, Қалаубек Тұрсынқұлов т.б. шығармашылығына сыншының әр жылдары қайта-қайта айналып соғып, олардың туындыларындағы көбіміз аңғармай, айта алмай жүрген көркемдік құндылықтарды тереңнен тартып, талдау арқылы жіліктеп, арналатып жазып жүргендігін айтқанымыз абзал. Сыншының шынайы әдебиет жанашыры ретінде осынау сирек таланттарға құрметпен қарап, олардың қаламынан қалған көркем дүниелерге бір-бір кітап арнап, немесе олардың таңдамалы жинақтарына алғысөз жазып, талдау мақалаларының арқауына негіз етуі танымдық астарын былай қойғанда, өнегелік, тағлымдық мәні зор қадам.

Жалпы, қазіргі қазақ әдебиетінің ең бір зәру, ділгір мәселелерін дер кезінде оқырман талқысына салып отыру, жекелеген қабырғалы қаламгерлеріміздің күрделі шығармашылығын да қалт жібермей, қадағалап, қадап жазып, олардың рухани мұрасына бір-бір әдеби-сын еңбек арнау мақсатында өнімді еңбек етіп, қазіргі қазақ көркем сынына сүбелі үлес қосып, ең бастысы осы жанрдың ауыр жүгін жарты жолда тастап кетпей, басқа жанрға бұрылып кетпей, соңғы отыз жыл бойында адал арқалап келе жатқан қажырлы сыншының жарық көрген еңбектері, қазақ әдебиетінде өз орнын анықтаған дүниелер. Сондықтан да өз шығармашылығында қандай тақырыптарды арқау етсе де, тереңнен қазып, көтеріп отырған мәселенің түп-төркініне үңілетін, соны барлық қырынан қамтып, төгілтіп, тебірентіп айтуды өз қаламына дарытқан дарынды сыншының алпыстың асқарына көтеріле отырып, бүгінгі қазақ сынының көшін бастап келе жатқанына қуанамыз. Ендігі шығармашылық белестерде де қазақ оқырманының қолынан сыншы Сайлаубек Жұмабектің тың туындыларын, жаңа кітаптарын көргіміз келеді. Туа бітті болмыс-бітімінде қанағат пен тұрақтылықты тұғыр етіп, парасаты мен кісілігіне қылау түсірмей келе жатқан еткен сын сардарына туған әдебиетінің тағдырынан артық бақыт жоқ.

12
скачать работу

Әдебиет пен сынның биік белесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ