Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі

тығыз  қоныстанған   аймақ  болатын.  Жетісуда  Андронов   мәдениетінің   өзіндік  варианты   бартұғын.  Таңбалы мен  Қаратаусияқты    тастағы  аса  үлкен   шоғыры  тек Жетісу  мен  Қазақстанның  оңтүстігінен   ғана   табылды.    Жетісуға   Федоров  пен  Алакөл  тайпаларының  мәдениеттері  элементтерінің  араласып-құраласып  жататыны   тән  болып  келеді.  Федоров  дәстүрінде  қоршаулар  тікбұрышты   және   дөңгелек болып  келетін  қабырғалар   көбірек   кездеседі.  Жер   моллалар  мен   жәшіктерге таулы   аудандарда   қима  қабырғаларға  өліктерді   табытқа   салып   қою, өртеп   күлін  көмумен  ұштасып  жатады. 

Жетісудың орта   қола   дәуірін Таңбалы,  Қарқұдық  қорымдары   арқылы   көзге   елестетуге   болады.  Қазақстанның  оңтүстігінен,  Қаратаудан  Таутары   қорымы   қазылып   ашылды.

   Сырдарияның   төменгі   жағынан Арал   алқабынан қола   дәуірінің   бірегей   ескерткіші  Тегіскен   кесенесі  ашылды. Тегіскеннің  тым   ертеректегі   мазарлары  қамкірпіштен   салынған оны  жоспарлауға   негіз   болған   нәрсе  сыртқы   қабырғалар. Қыш  ұстындарға   қоса    оларды   қайталанғандай  ағаш   бағандар  тұр. Орталық   бөлмеге  қойылатын   өлікті   мазармен   бірге   өртеп   жүретін   болған.  Тегіскен   қорымдарының  мәдени   тегін   анықтау   өте қиын.  Бірінші   жағынан   алсақ  Бұдан  Андронов  мәдениетінің   дәстүрін   көруге   болады.  Тегіскен  мазарлары Дала  мен  отырықшылар   мәдениеттерінің   өзара   жақындасып,ықпалдасып  жатқан  бастапқы   кезеңдерінен  хабар   береді.

Тастағы   суреттер Дін  көп   жағдайда көкем   өнердің да  даму  жолын   анықтап   отырған.  Мәселен  құдайлардың   тас   бейнелері  үлкен   көркемдік   талғаммен  мейлінше   шынайы   жасалып   отырған.  Қола   дәуірінің   жартастар   бетіне   салынып  кілегей   қоңыр   қабыршақпен   жағылып  қалған   суреттерінің  өзіндік   ерекшеліктері  бар,  ертедегі   адамдар  жартастардың тегіс   бетіне   қатты да  үшкір   тас  сынықтарымен   жануарлар,  Күн  бейнелі   адамдар   суретін   соғыс  арбаларымен    соғыс   көріністерін   салған. Бұл  адамның   рухани  мәдениеті   және   оның   дүние  танымы жөніндегі   аса   бағалы   хабарлар  бастауы   болып   табылады.   Қазақстан  жартастағы   суреттер  петроглифтердің   саны  және   алуандылығы   жөнінен  әлемдегі   ең   бай   жерлердің  бірі.

      Таңбалы  мен   Ешкі  өлместен Қаратау мен Маймақтың  Тарбағатай  мен  Бөгентаудың  байлығы   жағынан  таңғажайып   тамаша  суреттерін  археологтарымыз    әбден  байыптай   зерттеп,  олар  дүниежүзі   мәдениетінің   қазыналы   қорына   қосылды.  Қола   дәуірінің  адамдары  ойлаудың   мифологиялық  сатысында болған.  Ежелгі  кісілер   үшін  өмір-тіршілік  табиғаттың  қайталанып  отыратын  мезгілдері-көктемдегі  күнмен  түннің  теңелуі, әрқайсына   құдай  жолы  деп  құрбандық атап   жасап  отырған.  Қола  дәірінде және   кейініректегі   кездері мұндай   қасиетті   орындар жартастар   жанында  болған.  Сол  себептіде  оқымыстылар   белгілі  бір   әдісті   қолдана   отырып  осынау   суреттер   шоғырын   уқыт   жағынан   қарастырып   алып олардың  әртүрлі  топтарымен  қатпарларын  айырып   талдайды.

    Ғалымдар   қола   кезеңіне  бірқатар   суреттерді сюжеттермен  композициларды  жатқызады.  Андроновшылардың  Жартастағы   суреттерінде   жиі   кездесетін  бейне  образдың   бірі –ор  мүйізін  алға   кезіп   жабайы   бұқаның   суреті.  Олардың   әуелгі   бейнесі  неолит   дәуірінде   пайда  болған.

    Турдан  басқа  қолға   үйренген  үй   бұқасыныңда   суреті   кездеседі.  Ол   жер  жыртқан  кезде  соқаға   немесе арбаға   жегулі   күйде   бейнеленген.  Әлемді   жарату  жөніндегі мифтерде  дүние- Күн   құдайы  Митра   құрбандыққа   шалған. Тумысынан  әуелгі  бұқаның  мүшелерінен  жасалған   делінеді. 

Айтпақшы  сол  Айгөлектің   өзі  күннің   бейнесі,  ал   қатысушылар   қимылы  - жарық  күннің көктегі  жайлы   жолын   көрсету.  Бұқа  бейнесі -  құнарлық пенқұдірет, қуат  идеясына   байланысты.  

     Жартас   көркем  өнеріндегі  сүйкімді   сюжет-қос өркешті бактриян   түйе.   Қола  дәуірінде  олжай   тұрған   күйінде   бейнеленген.   Қола   дәуірі   петроглифтерінің   арасында   соғыс   арбасын   бейнелеу  де кеңінен  таралған.   Қаратау  тастарындағы  суреттерде  соғыс   арбасы  49 жерде  кездеседі.Олар Таңбалыда да, Ешкі   өлместе  де   кездеседі.  Олардың   көпшілігінде   екі  доңғалақты  аңшы   және   соғыс     арбалары    көрсетілген.  Олардың  бәрі   бір   мәнерде  арба   бөлшектеніп,  доңғалақтары   алынып  оның  екі   жағына  қойылатын   тәрізді   етіп  салынған. 

    Тастағы  суреттер  ішінде   жер   жырту  көріністеріде  кездесіп   қалады,  оларда    соқаға   жегілген   бұқалар,  аттар   мен  ешкілер  бейнеленді.  Соқа   басында   адам  болады.Алтын   соқа  жайлы  және   бірінші   түрен   тарту   түсініктер, аңыз-  әпсаналар   көптеген   халықтарда   бар.  Ежелгі   түсініктердің   жұрнағы,  көбіне   көп  өзгертілген   күйде қазақтармен  Қазақстанды    мекендейтін   басқада   халықтар   арасында   сақталып қалғаның айрықша   атап   өту   керек.

12
скачать работу

Адронов мәдениетін зерттеудегі ең күрделі мәселелердің бірі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ