Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ағарту мен классика ғасырындағы мәдениет (XVIII-XIX ғ.ғ.)

уэньясы» ағылшын қоғамының екі жүзділігін әшкерлейді. Оның шығармашылығында жағдайлар комедиясынан мінездер комедиясына ауысу аяқталады. Европада жалпы қабылданған барокко және классицизм стильдерінен басқа XVIII ғасырда жаңалары пайда болды: рококо, сентиментализм, предромантизм. Алдыңғы ғасырлардан айырмашылығы дәуірдің біртұтас стилі, көркем тіл бірлігі жоқ. XVIII ғ. өнері алуан стильдік формалар энциклопедиясы болды, оны осы дәуір суретшілері, сәулетшілері, музыканттары кең қолданды.
Францияда көркем мәдениет сарай маңындағы ортамен тығыз байланысты болды. Француз өнерінің стилистикалық кезеңдерін корольдердің есімдерімен байланыстырады, регенттілік стилі, Людовик XIV стилі (1643-1715 ж.ж.), «Помпадур» стилі. Францияда айқын және жүйелі рококо стилі дамыды, француздың «рокайль» — формалардың раковинасы, күй таңдағыштығы және елестеушілігі стильге осы атауды берді. Кейбір өнер танушылар оны барокконың бір түрі деп санайды. Басқалар үшін рококо – бароккодан шыққан, бірақ кейбір қасиеттерін өзгерткен өзіндік стиль. Кез-келген жағдайда рококо — өнерде өз ізін қалдырған, ақсүйектер мәдениетінің стильдік жүйесі.
Рококо француз ақсүйектерінің ортасында пайда болған. Людовик XV (1715-1754 ж.ж.) «Бізден кейін топан су басса да» деген сөзі сарай маңындағы көңіл-күй сипаттамасы деп санауға болады. Қатаң этикеттің орнын жеңіл атмосфера, ләззат алу мен ойын-сауықты көксеу басты. Ақсүйектер топан су басқанға дейін керемет ойын-сауықтар атмосферасында көңіл көтеруді ғана ойлады, осы думандардың жаны мадам Помпадур болды. Сарай маңындағы орта қыңыр, күй таңдағыш формадағы рококо стилін қалыптастырды.
Кескіндемеде рококоның негізін қалаушы деп Антуан Ваттоны (1684-1721 ж.ж.) есептеуге болады. Ол сарай маңындағы кескіндемеші, король мен маркиза Помпадурдың сүйіктісі болды. Ватто өнері адамзат сезімдерінің әлемін ашады. Ол барокконың көпірме стилінен босатып, уақыт рухына сай табиғи сезімдерді ақтады.
Ватто өмірден кеткен соң, оның сарайдағы орнын Франсуа Буше (1704-1770 ж.ж.) басты. Оның типтік сюжеттері – «Венераның салтанат құруы», «Венераның киім-кешегі», «Диананың суға шомылуы». Буше туындыларында рококо дәуірінің мәнерлілігі мен эротикалығы ерекше күшпен бейнеленді, осы үшін оны ағартушы-моралистер кінәлады.
Ағартушылар суретшілерді үшінші сословиенің тұрмысын суреттеумен айналысуға шақырды. Осы жанрды бейнелеушілер Жан Батист Симеон Шарден (1699-1779 ж.ж.) және Жан Батист Грез (1725-1805 ж.ж.) болды. Шарден, Грез, Фрагонар шығармашылығымен қандай да бір позиция туралы түсінік байланыспайды. Бұлар натюрморттарды, әсем жанрлық сахналарды, мейірімді аналарды бейнелейтін бейбіт суретшілер болды. Шарден бейнелеген әйелдер («Түскі ас алдында намаз оқу», «Кір жуушы», «Кастрюль жуып жатқан әйел») Буше модельдерінің қазіргі өкілдері деуге сену қиын, бірақ олар сол кездегі Францияны анық көрсете білді.
Ағарту заманының идеологтары ақыл-парасат идеалдарымен байланысты өнердің этикалық құндылығын уағыздады. Француз революциясы кезінде өнерде жаңа классицизм үстемшілік жүргізді. XVIII ғасыр классицизмі – алдыңғы жүз жылдық классицизмінің дамуы емес – бұл принциптік жағынан мүлдем жаңа тарихи-көркем құбылыс. Жалпы сипаттамалары: антикаға норма және көркем үлгі ретінде қарау, сезімнен борыштың басым болуы, стильдің жоғары дерексіздігі, ақыл-парасат, тәртіп және үйлесім пафосы. Жаңа классицизм өнердің табиғи қарапайым және биік формаларын құруға ұмтылысында антика дүниесінің көркем мәдениетіне көңіл бөлді.
Классицизмді кескіндемеде суреттеген Жак Луи Давид (1748-1825 ж.ж.) болды. Оның «Горацийлер анты» картинасы жаңа эстетикалық көзқарастардың жауынгерлік жалауы болды. Рим тарихынан алынған сюжет (ағайынды Горацийлер әкелеріне борышына адалдық болу және жаулармен соғысуға дайын болу антын береді) революциялық Францияда республикалық көзқарастар бейнесі болды.
Испан суретшісі Франсиско Гойи (1746-1828 ж.ж.) әлемді танудағы ерекше қасиетімен Испан өнері үшін жаңа дәуірді ашты. Оның шығармашылығы келесі жүз жылдықта Европа романтизмінің қалыптасуына зор әсер етті. Гойи офорттарының ең белгілісі – 1793 жылдан 1797 жылға дейін салынған «Каприччос». Бұл нөмірленген және қол қойылған 80 бет. «Каприччос» туралы ең көп тараған пікір – бұл XVIII ғасырдағы испан қоғамына, әсіресе оның жоғарыда отырған ақсүйектері мен дін басыларына арналған сатира. Бірақ оның барлық мәнін қазіргі күнге дейін қажетті деп санауға болмайды. Серия өте символикалық. Гойи сериясы екі бөлікке бөлінеді: күндізгі, күнделікті адам әлемі және түнгі, ғажайып, жын-пері әлемі. Суретшіге оның ұқсастығының ұлы құпиясы ашылды. Бізге суретшінің қиялы тудырған дүниені түсіну қиын. Сірә, ол ақыл мен логикаға сыймайтын тұрмыс жағдайларына көңіл аударған болу керек. «Каприччос» графикасы өзінің құрылымы бойынша өте көп қабатты және оны талдау қиын.
Гойи жақсы график қана емес, керемет кескіндемеші де болды. Оның атақты «Махасын» («Киінген Маха» және «Жалаңаш Маха») Венеция Қайта Өрлеуінің кескіндемешілерінің ең үздік жұмыстарымен салыстыруға болады.
Англияның реалистік кескіндемесінің бастаушысы XVIII ғ. бірінші жартысында Уильям Хогарт (1697-1764 ж.ж.) болды. Хогарт өмірді, ақсүйектердің әдеттерін, қоғамдағы кеселдер – азғындықты, ысырапшылдықты, сатылғыш сотты суреттеді.
Реализм эстетикалық өнерге де басып кіреді. Классицизм өнерінің білімді, байыпты теоретигі, Британия көркем сурет академиясының бірінші президенті, белгілі саяси қайраткер, сәнді ақсүйектер салонының қожайыны Джошуа Рейнольдс (1723-1792 ж.ж.) дәстүрлі портрет жанрына тұлғаның психологиялық мінездемесін енгізді. Томас Гейнсбороның (1727-1788 ж.ж.) портреттерінде реалистік бағыт байқалады, ол пейзаждық кескіндемеде жалғасын тапқан. Гейнсборо портерттерінде қоғамдағы модельдің ролін ашатын ешқандай аллегориялар жоқ.Оларға жан дүниеге көңіл аудару тән. Бұл портреттерде пейзаждың мәні зор, ол да XVIII ғ. музыкалық шығармашылыққа көп жаңалық әкелді. XVIII ғ. музыка Қайта Өрлеу дәуірінен бастап гүлденіп жатқан басқа өнерлер деңгейімен қатар тұрды. Ақсүйектік мазмұндағы музыкалық концепциялар туды, жаңа формалар – фуга, симфония, соната дүниеге келді. Иоганн Себастьян Бах, Георг Фридрих Гендель, Кристоф Глюк, Франц Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Моцарт XVIII ғасырдың музыкалық өнерінің шыңында тұр. Ағарту дәуірі сана-сезімнің жаңа өткірлігін, жаңа сезімдер, көңіл-күй реңдерін өмірге әкелді. Музыканың өнердің жеке түрі ретінде гүлденуі адамның рухани әлемінің поэтикалық, эмоционалдық бейнеленуіне деген қажеттілігімен түсіндіріледі. Бах және Гендель шығармашылығында музыкалық дәстүрлердің сабақтастығы сақталып қалған, бірақ олар музыка тарихында жаңа кезеңді бастады.
Иоганн Себастьян Бахты (1685-1750 ж.ж.) полифонияның маңдай алды шебері деп санайды. Барлық жанрларда жұмыс істей отырып, ол 200 кантат, аспаптық концерттер, орган, клавираға арналған шығармалар жазды. Бахқа протестанттық хоралдың поэзиясымен, музыкасымен, халық мелодиясымен байланысты неміс көркем дәстүрінің демократиялық линиясы жақын болды.
Бах пен Гендель өнері Ағарту дәуірінің рухани бостандығының көрінісі болды. Музыкадағы прогрессивті бағыттарға тән барлық жаңалық австриялық композитор Вольфганг Амадей Моцарттың (1756-1791 ж.ж.) шығармашылығында көрініс алды. Франц Йозеф Гайднмен біріге отырып, ол Вена классикалық мектебін таныстырды. Гайднның негізгі жанры симфония, Моцарттікі опера болды. Ол дәстүрлі опералық формаларды өзгертті, симфониялардың жанрлық типтеріне психологиялық даралық әкелді. Оның 20 шақты операсы («Фигароның үйленуі», «Дон Жуан», «Сиқырлы флейта»), 50 симфониялық концерті, көптеген сонаталары, вариациялары, мессалары, атақты «Реквиемі», хорға арналған шығармалары бар. Моцарттың көп қырлы шығармашылығы Ағарту дәуірінің жалпы сипатымен байланысты. Ол сенімі бойынша революционер болған жоқ, бірақ оның ізгілігі, адамзат эмоцияларын эстетикалық қабылдауы ескі феодалдық дүние тану жөніндегі түсінікке қайшы болды. Оның музыкасына неміс Ағартушылығының және «Дауыл мен тықсыру» қозғалысының идеясы әсер етті.
Жаңа өмір салты және жаңа ойлау түрі жаңа мәдениет типін, жаңа көркем көріністі жасады, ол көркем қызметтің эстетикалық ұстамдарын түбірімен өзгертті.
Европа елдері арасында идеялармен және шығармашылық жетістіктермен алмасу күшейе түсті. Оларда білімді адамдар шеңбері кеңіп, ұлттық зиялы қауым қалыптаса бастады. Дамып келе жатқан мәдени алмасу адамзат қоғамының мәдениет бірлігі туралы түсініктерді таратуға мүмкіндік жасады.
XVIII ғ. өнерінде біртұтас жалпы стиль – алдыңғы дәуірлерге тән көркем тіл мен тәсілдердің стильдік бірлігі болған жоқ. Осы кезеңде идеялық-көркем бағыттардың күресі өткір байқалды. Ұлттық мектептерді қалыптастыру да жалғасып жатты.
XVIII ғ. өнерінде шартты түрде екі кезеңді бөліп көрсетеді. Біріншісі – 1740-50-ші жылдардың ортасына дейінгі. Ол барокконың кейінгі формаларының аяқталуымен және рококо стилистикалық бағытының бөлініп шығуымен байланысты. Екінші кезең – классицизмнің түрі өзгерген идеалдарының қайтып келуі және келесі жүз жылдықта жалғасын тапқан предромантикалық қозғалыстың және сентиментализмнің тууы. Классицизм сәулет өнерінде, мүсін өнерінде, кескіндемеде билік құрушы стиль болды, бірақ әдебиетте, театрда, музыкада предромантикалық бағыт дамыды.
Әдебиет пен музыка біртіндеп өнердің жетекші түрлеріне айналды. Осы формалардың көркем тілі өмірдің эстетикалық түсінігінде уақыт талаптарына сай келді. XVIII ғ. әлем картинасы алғашқы рет тұрмыстық ақиқат бейнелерінде беріліп, музыкада қарапайым адамзат сезімдері айтылды.
Ғасыр ортасында драматургия классицизм дәстүрінен реалистік және предромантикалық бағыттарға көшті. Театр жаңа қ
123
скачать работу

Ағарту мен классика ғасырындағы мәдениет (XVIII-XIX ғ.ғ.)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ