Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ағылшын абсолютизмі

e="margin-left: 21pt;">       Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, сілтемелерден, деректер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

           

                   I тарау. Ағылшын абсолютизмінің орнауы

1.1  Тюдорлардың абсолютті монархиясы

 

     Абсолютизм - шексіз монархия, - бұл басқару формасында императордың, корольдің, патшаның қолында түгелімен жоғарғы билік болады, яғни ол заң шығаруға, шенеуніктерді тағайындауға құқылы және халықтың қатысуынсыз мемлекет ақшасын жарата алады. Абсолютизм  сословиелік монархияны алмастырған феодалды мемлекеттің ең соңғы және жоғары дамыған стадиясы. Абсолютті монархия кезінде саяси орталықтану максималды болған.

    Абсолютизмнің орнауы және дамуы әр мемлекетте әртүрлі болды. Бірақ барлық елде К.Маркс айтқандай «ескі феодалдық сословиялар ыдырап, ал ортағасырлық қалалық сословиялар жаңа буржуазиялық топқа ауысқанда», яғни өтпелі кезеңде  пайда бола бастады. Осы кезде феодалды эксплоатацияға қарсы шаруалар күресі өрістеп, антифеодалдық қозғалыс максималды күшіне жетіп феодализм ыдырай бастайды, ал дворяндар болса өздерінің үстемдігін жалғастыру үшін ашық диктатура жолына түседі.

    Жалпы өзінің таптық мәні бойынша абсолютизм дворяндардың, помещик-жериеленушілердің диктатурасы болып табылады /10/. Осы диктатураны жүзеге асыру үшін, үстем етуші тапқа бағынбайтын, олардан тәуелсіз болатын, бірақ оның түпкілікті мүдделерін өздеріне ұқсағандықтан қорғайтын мемлекеттік аппарат құру керек болды.  Лениннің айтуынша «патшалық монархияның таптық мінезі патша билігінің және бюрократияның үлкен дербестігін және тәуелсіздігін жоя алмайды, яғни бұл деген самодержавиенің және монархияның жоғарғы таптарды билеуі». В.И. Лениннің бұл сөздері барлық елдегі абсолютизмге қатысты айтылған. Абсолютизм антифеодалдық күштерді жою үшін екі жолды таңдаған. Біріншіден – ол жаппай халық қозғалыстарын аяусыз басып отырды. Оның негізгі қызметі халықты, шаруашылық-плебейлік оппозицияны жүгендеу болған. Ал Сталиннің айтуы бойынша «экслоатацияланатын көпшілікті қатаң ұстау қажет» деген сөздер негізінен құлиеленушілік мемлекетте, феодализм және капитализм кезінде  негізгі мақсат болды /11/. Екінші жағынан абсолютизм антифеодалдық лагерьден бөлу саясатын жүргізіп,  сол  кезде антифеодалдық революцияны басқара алатын жалғыз күшті, яғни буржуазияны өз жағына тартқан.

   Сауданың және өнеркәсіптің дамуы, монархқа жаңа табыс көзі бола тұрып, оның сословиелік өкілдік органдардан тәуелсіз етіп, тек оған бағынған күшті басқарушылық-бюрократиялық аппаратты және тұрақты әскерді құруға мүмкіншілік берді. Сонымен қатар абсолютизм кезінде салық көбее бастады.  Монарх сословиелік өкілдік органдардан өз тәуелділігін жоя отырып, оларды шақыруды және олармен ақылдасуды тоқтатады. Енді биліктің тірегі  бюрократия және тұрақты әскер болады. Абсолютизмге өткен кезде шіркеулердің дербестігі жойылып, олар тікелей монархқа бағына бастайды. Дворяндарға сүйене отырып, дамып келе жатқан буржуазияны эксплоатациялап, феодалдарға күшті соққы береді /12/.

    Абсолютизм көптеген батыс-европалық елдерде 15ғ. пайда болды. Ал Англияда 1485 ж. Тюдорлардың билігімен басталды.

   16ғ. экспроприацияланған халықтың өрістеп келе жатқан наразылығы жоғарғы таптардың үрейін тудырғандықтан, дворяндар, дамып жатқан буржуазияшылдар халықты тоқтату үшін, король үкіметінің нығаюын  қолдай бастады. Король билігінің күшеюі буржуазияшылдарға және дворяндарға өте тиімді бола тұрып, елдің орталықтануына, феодалды анархияның  рецидивтерін жоюға және көпке созылған барон соғыстарын тоқтатуға керек болды /13/.

   Тек мықты король үкіметі ғана Англияның Европадағы жағдайын нықтап, теңіз жолдарын және басқа жердегі рыноктарды жаулап алып, сонымен қатар, ағылшын сыртқы саудасының мүдделерін қамтамасыз ете алды.

   Күшті король билігінің тенденциялары Эдуард IV-ші Йорк кезінен-ақ байқала бастады. Алайда абсолютті монархияның нағыз негізін қалаушысы, яғни Роза соғыстарынан кейінгі таққа отырған Генрих VII-ші Тюдор болған.  Тюдорлардың басқару периоды 125 жылдан сәл аз болған. Яғни Генрих VII-шіден (21 тамыз 1485ж.) оның немересі Елизавета (24 наурыз 1603ж.) қайтыс болғанға дейін созылған. Бұл жылдарды негізінен жаңа Англияның өркендеуінің негізі, ал 1485 ж. Тюдорлардың билігі өте маңызды болғандықтан Орта ғасырдан Жаңа ғасырға өту кезеңі деп атайды. Көптеген жылдар бойы Ұлыбритания Европаның шеткерленген жері деп саналып келген, тіпті Батыс Европаның рухани және көркем өнері оған қатысы болмаған. Осылай ғылымның қайта өрлеуі 15ғ. Англияға ешқандай әсер етпегендіктен оның интеллектуалды өмірі 13-14 ғ.ғ. қарағанда төмендеп кеткен болатын. Ағылшын ренессансы Тюдорлар кезінде ғана дами бастады. Жалпы осы Тюдорлар кезінде Англия Уэльспен жақсы қарым-қатынас орнатты. Англияға сол кезде елде бейбітшілік орнататын орталықтанған күшті билік керек болатын /14/.

   Генрих VII-ші (1485-1509)  жаңа дворяндар,  буржуазияның және көптеген орта феодалдық дворяндардың  көмегімен таққа отырған соң кәдімгі абсолютистік саясатты жүргізе бастайды. Ал оның алдында болған король узурпатор болған.

   Генрихке біріншіден тақта өзінің позициясын нықтау және король билігінің мәнің жоғары дәрежеге көтеру қажет болды. Роза соғыстары кезінде ірі феодалдық барондар әлсіресе де толығымен жойыла қойған жоқ. Осы бағынбайтын барондар бірнеше рет көтеріліс жасап король жағдайын қиындатқысы келген. Сонымен қатар бұндай көтерілістер Ирландияда және Корнуольде де болып отырды /15/. 

  Сөйтіп, 1487 ж. Дублинде 11 жасар Симнельді йоркистер Кларенс герцогінің қашып кеткен баласы және Йорк династиясының соңғы өкілі деген. Осыдан кейін барондар ереуілдері басталады: осы жалған баланы король деп тағайындап, олар Англияға әскер орнатпақшы болады. Алайда, ирландық және неміс отрядтары қанша күшті болғанымен 1487 ж. Генрих VII-шінің әскерімен толық жойылады. Тіпті өзінің күштілігіне сенген король Симнельді тұтқынға алып, оны жазаға тартпай ас ішетін бөлмеге көмекші ретінде қояды. Ал йоркистерді басыңқырау үшін өзінің әйелін Елизаветаны королева және Йорк династиясының мұрагері деп жариялайды.

    1497 ж. Корнуолледе екінші көтеріліс болып өтеді. Бұл көтерілістің басшысы Перкин Варбек болған. Барондардан басқа, бұл көтерліске салықтың жоғарлауына наразы болған шаруалар да қатысады. Перкин Варбек өзін Эдуард IV-ң  баласы Йорктік Ричард герцогінің (шынында Тауэрде қайтыс болған) кіші баласы деп санаған. Оның талабын көптеген феодалдар және Шотландияның королі мойындаған. Алайда көтерілісті басып тастағаннан кейін, оны тұтқынға алып, дарға асады /16/.

   Буржуазияның, жаңа дворяндардың көмегімен басып тастаған көтерілістер Генрих VII-шінің оппозициясының күшеюіне әкелетін.

   Ереуілшіл барондарға қарсы күрес жүргізген Генрих VII-ші 1488 ж. Мемлекеттік опасыздық биллі бойынша 8 мың адамды соттайды. Сонымен қатар, олардың жерлерін, мүлігін конфискілеудің және көптеген штрафтардың арқасында король қазынаны байытады. Генрих VII-ші ақша алу үшін және король қаржысын көбейту үшін әртүрлі жолдарды пайдаланған. Ол тіпті әскери іс жүргізбесе де, парламентті әскери мүдделерге қаржыны бөлуге міндеттеп, ал байлардан төменгі тапты эксплоатациялағаны үшін, субсидия алып отырады. Нәтижесінде Генрих VII-шінің өлімінен кейін қазынада тек 15 жыл бойы жинала алатын 2 млн. фунт стерлинг қалады. Ол сонымен қатар, кеме жасауға қаржыны көптеп бөліп, жаңа кемелердің жасалуы үшін субсидиялар бөліп отырды /17/.

   Барондармен күрес жүргізе отырып, король ливрейі бар феодалдық ақсүйектерге тыйым салатын заң шығарады. Ал көптеген лордтарда осындай ливрейлік ақсүйектер өте көп болған. Себебі,  господиннің бұйрығы бойынша олар барлығымен күресуге дайын болған. Уорикте -  «король дайындаушыда» өзінің сарайында вассалдар және парламентпен ере жүретін 600 әскери отрядтары болатын. Ливрейлік ақсүйектер – феодалдық соғыстарға, өзара қырқыстарға дайын әскерлер деп саналатын. Сол себепті Генрих VII-ші ақсүйектерді ұстауға тыйым салып, ал бұған бағынбайтындарға үлкен Алым-салықтар салатын. Енді корольдің осы заңына байланысты ақсүйектер тарқатылып, барондардың саяси үстемдігі біртіндеп әлсірей бастайды.

   Бұдан басқа Генрих VII-ші барондардан артиллерия ұстау құқығын алып тастап, енді артиллерияны тікелей тек өзіне бағындырады. Бірақ корольдің тұрақты әскері болмағандықтан ол тек лейб-гвардиясымен және біршама үлкен арнайы жалданған отрядпен жүретін /18/.

12
скачать работу

Ағылшын абсолютизмі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ