Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ағылшын абсолютизмі

омпитентті кеңесшілерді таңдауға шебер бола тұра қоғамның позитивті көзқарасына иеленуді жөн көрді. Ал діни сферада өзінің алдындағы корольдердің саясатын қайталамады. Епископ орындарына және Кентерберий архиепископ орындарына вакансияны онымен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүргізгісі келген қалыпты дінбасыларына берді. Сонымен қатар Елизавета парламент заңды өзгертпегенінше латын әдет-ғұрыптарын сақтаған. 1559ж супрематия туралы акт Генрих VIII-ші кезінде қабылдаған актіні бекітеді: Эдуардтың «жалпы сыйыну туралы кітабына» дінге консервативті сенушілерге жағымды болатын бірнеше өзгертулер енгізіп, біркелкі актісін қабылдайды. Алайда көптеген компромистердің себебінен оның саясаты қоғамды толығымен қанағаттандырмаса да кейін халықтың көпшілігі оны қабылдайды. 1570 ж. Папа булласы королеваны және оның қызметкерлерін коронаға сенімділігінен босатады. Королеваны таққа отыруға құқығынан айырған соң, осыған байланысты парламент акт қабылдағанда католиктердің Англияда жағдайы нашарлай бастайды.
Елизаветаның билігінің бірінші жылдарында оның оппозициясы әлсіз болады, бірақ 1569 жылы солтүстікте Ағылшын ақсүйектерінің король билігіне қарсы көтерілісі болады.
Сыртқы саясатта Елизавета Франция және Испания арасында бәсекелестікті қарқынды жүргізді. Ол кейде өзі француз гугеноттарына, голланд кальвинистеріне көметектесті, ал кейде өзінің қызметкерлеріне көмек беруге міндеттеді. Оның бұндағы мақсаты тек протестантизм басына отыру ғана емес, көтерілістерді қолдау арқылы Францияның және Испанияның жағдайын нашарлату.
1568 ж. тақтан бас тартқан Мария Шотландская Англияға келіп Елизаветадан көмек сұрайды. Себебі шотланд лорд-пресвитариандары абсолютизмнен және католицизм дінінің орнауынан қорқып 1567ж. Мария Стюартқа қарсы көтерілісті ұйымдастырады. Филипп II Испанский және рим папасы Англияға соғыс жариялауы үшін көптеген себебі болған. Себебі теңіз ұрлықшылары Елизаветаның атынан испан-американ порттарын, испан коронасынан алтын толған кемелерді тоңаған және ағылшын әскерлері Голландияда Вильгельм Оранскийдің жағында Филиппке қарсы соғысып жатқан. Сонымен қатар Англияның да Испанияға претензиялары болған. өйткені, Филипп агенттері Елизаветаға қарсы қастандықтар ойластырып, Ирландиядағы көтерілісшілерге көмек көрсетіп, антиабсолютистік қозғалыстарды жандандырып отырған.
1587ж. ағылшын-испан соғысы барысында елде феодалды-католиктік топтардың реакционды істері жандана түседі. Олар Мария Стюартты босатып, ағылшын королевасы етіп сайламақшы болады. Бұл идеяны Филипп II Испанский қолдайды. Сөйтіп, католиктік государьларды Англияға қарсы қойып, антиабсолюттік қозғалыстарды қолдап, Мария Стюарттың Англия тағына претензиясын жүзеге асыруды жөн көрді. Бірақ бұны білген Елизавета I-ші осыған қарсы алдын-ала шаралар қолданып, Испаниямен соғысты бастатпас үшін, Елизавета Марияны мемлекетке опасыздық жасады деп, 1587 ж. 8 ақпанда жазаға тартады /28/.
80ж. ағылшын-испан соғысы жаңа фазаға өтеді. Бұл кезде Нидерланды революциясы оның өзіне үлкен азап шектіреді. Ол Испаниямен соғыс барысында өзіне одақтас мемлекетті іздеп, Англиядан көмек сұрауға мәжбүр болды. Сөйтіп 1585 ж. Нидерландыға ағылшын әскері жіберіледі. Осы кезден бастап, Англия және Испания арасында ашық соғыс басталады. Шынында да Елизавета Нидерландының революциясына көмек бергісі келмегендіктен, Филипп II Испанский Англияға соққы беруге дайындығын жақсы атқарды.
134 транспорттық кемелерден құрылған испан Армадасы 1588ж. Англияға қарсы жорық жасайды. Ал кемеде Англияны басып алуға жіберген 22 мың солдат, 8766 теңізшілер, 2088 құлдар, 300 дінбасылары болған. Ағылшын үкіметі соғысқа нашар дайындалған болатын. Осыған қоса 1587ж. урожай төмен болып, нанның бағасы жоғарылай бастаған. Ағылшын королевасының шетелдерден кредит алу мүмкіндігі болғанымен, 1587-1588ж. банкирлер оған көмектесе алмай, Англия тек өзінің ресурстарын ғана пайдаланды. Ал ағылшын көпестері ол кезде нашар халде болғандықтан, жеткілікті субсидияны бере алмаған /29/.
1588 ж. Англия испан Армадасына тойтарыс беру үшін, өзінің флоттарын, әскери отрядтарын дайындай бастаған. Король флоты тек 34 кемеден, 6 мың адамнан тұрған. Бірақ ағылшын жаңа дворяндары және буржуазияшылдары Англияның қорғанысын ұлттық мәселе деп, өз қаржыларымен мемлекеттік қызметке көптеген кемелерді жібереді.
Шілде айында Армада Англияға жақындап, Ла-Маншқа кіреді. Ал ағылшын теңізшілері адмирал Говардтың бұрығымен Армаданы бұғазға кіргізеді. Ал Елизаветаның әйгілі пираттары және теңізшілері Гоукинс, Дрейк, Фробишер Каледа Армаданы аңдып, маңызды күрестерге шықпай, ұсақ соқтығыстар жасап, тек 28 шілдеде қарсыластар Каледа кездеседі. 140 кемелері болған ағылшындар түнде испан флотына 6 кемені жібереді. Осы кезде испандықтар қатты үрейленіп, бірнеше кемелері жанып, біразы өзара соқтығысқан. Келесі күні болған теңіз қақтығысында испан флоты үлкен зардаптар шегеді. Жолда абайсыз болған теңізшілерге ағылшындар күшті тойтарыс береді. Одан кейін испан кемелері Каледа рейдке тұрған соң басталған боранның себебінен Солтүстік теңізде кемелердің жартысы батып, қалғандары теңізде жоғалып, Шотландия мен Ирландияның тасты жағалауларынан табылады. Негізінен, Испанияға кемелердің тек 1/3 бөлігі оралады. Бұл соғыс Елизавета билігінің соңына дейін созылады, бірақ Армададағы испан жеңілісі Англияны Испанияның қауіп-қатерінен арылтады.
Ағылшын-испан күресінде Армаданың құлауы, Испанияның теңіздегі үстемдігінің әлсіреуіне әкеледі. Испания және Англия арасындағы өзара бақталастық Англияның жеңісімен аяқталады. Алайда Филипп II-шімен теңіз күресі арықарай жалғасады /30/.
70-80 ж.ж. қауым палатасындағы пуритандар конфликтілеріне қарамастан, үкіметпен парламент сыртқы және ішкі саясатты қайтадан біріге отырып, жүргізе бастайды. Елизавета Тюдор жаңа дворяндардың, буржуазияның мүддесін қанағаттандыру үшін, сауда мен өнеркәсіптің жақсы дамуы үшін, халық көтерілісінің болдырмау үшін барынша қызмет еткен. Абсолютизм елдің арықарай дамуы үшін барлық алғышарттарын дайындады. Осыған байланысты абсолютизмнің келесі негізгі белгісі анықталған: абсолютті монархияның шарықтаған кезіндегі парламенттің сақталынуы.
Өкінішке орай, 90ж. бұл жағдай өзгеріске ұшырайды. Жақсы нығайған капиталистік элементтер дербестікті талап ете отырып, олардың коронамен мүддесі қайшы келе бастаған. Дәл осы кезде тұрақты әскері болмаған ағылшын монархиясының позициясы әлсірей бастайды.
Жалпы Тюдорлардың берік және орталықтанған мемлекеттік аппарат құру талпыныстары, әбден жетілген мемлекетке жеткізбеді. Тіпті XVI ғ-да да королевада оған мүлтіксіз бағынатын бюрократиялық аппараты болмады. Парақорлық және қазынаны тоңаушылықпен қатар, графтіктерде шенеуніктердің лауазымын жергілікті жаңа дворяндар атқарған. Сонымен қатар корольдің барлық бұйрықтары шенеуніктердің өзінің мүддесіне сәйкес болғандықтан ғана атқарады. Елизавета өзінің кеңесшілерін жақсы таңдай алғандықтан Берлей, Николай Бэкон, көпес Томас Грешем сияқты абсолютизмнің жақтастары пайда болған. Ал Уолси басқарған шпионаж және информация жүйесі Елизаветаға жақсы көмек болып, ол Европа және Англияда болып жатқан істері туралық керекті мәліметтер жинап отырды. Сонымен қатар Томас Грешемді король қаржысын жақсы басқарғаны үшін, оны «көпестер королі» және королеваның қаржылық кеңесшісі деп атаған.
Бірақ Елизавета билігінің екінші жартысында сановник Роберт Сесиль және атақты философ Фрэнсис Бэкон кезінде мемлекеттік аппарат оның қол астынан шығып, монарх еріктігін орындаудан бас тартады. Енді бұны реттеу үшін королева «фаворитизм» жүйесін қолданады. Егер Елизавета билігінің бірінші жартысында Лейстер сияқты фавориттер оған тек тікелей бағынатын болса, екінші жартысында олар королеваның кеңесшілеріне айналып, маңызды рольді атқарған. Ал сэр Уолтер Рэли, Эссекс кейде королеваға қарсы шығып, сыртқы саясатты өз беттерінше жүргізеді. Елизавета билігінің соңғы периодында сол кездегі абсолютизмге тән болған сипатта фавориттердің королеваға ықпалы күшее түседі /31/.
90ж. ортасынан бастап парламентте буржуазды оппозицияның королеваның монополиялық патенттерді беру саясатына қарсы наразылық туады. Осыдан бұрын да тюдорлық үкімет сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарына практика ретінде монополиялық патенттер берген. Егер XVI ғ. ортасында бұл шара буржуазиялық дамуға көмек ретінде болса, XVI ғ. аяғында керісінше мұндай монополиялар елдің экономикасын тежеп, еркін капиталистік дамуға кедергі болады. Сонымен қатар бұған буржуазия да қарсыласады, өйткені монополиялық патенттер негізінен фавориттерге және сарай қызметкерлеріне берілген. Ал 1601 ж. қауым палатасы монополия мәселесін, талқылауды талап етеді. Королева және парламент арасында осыған байланысты конфликт өрістеп, Елизавета монополиялық патенттерді тарату туралы бұйрығынан бас тартады, бірақ формальді түрде бұл жағдай өзгерген жоқ. Елизаветаның билігінің соңғы периодында парламент тәуелсіздікке ұмтылады, ал Лондон тұрғындарының королеваға деген қатынасы өзгереді. Осылай Елизаветаның әйгілі істері Эссекстің арқасында жоққа шығады.
Сонымен қатар Ирландияны қайта жаулап алу жүзеге асырылады. Бұл жарты ғасырға созылған күрес оларға ауыр тиеді. Осы кезде Англияның сыртқы және ішкі істері көптеген жетістіктерге жеткен. Жалпы осы королеваның билігі ағылшын «Қайта өрлеуінің» шарықтау шегі болып саналады. Бірнеше қателіктерге қарамастан бұл кезең – «ұлы істер дәуірі » деп аталады.
II. тарау. Бірінші Стюарттар кезіндегі ағылшын абсолютизмі.
2.1. Стюарттар абсолютті монархиясының кризисі

Ағылшын абсолютизмінің кризисі XVI ғ. 90 ж. Елизавета билігінің соңғы жылдарында байқалына бастады. Алайда бірінші Стюарттар кезінде ол ішкі және сыртқы саяси бағыттың анықтаушы факторына айналды. Абсолютизмнің формалары және билік тәсілдері неғұрлым әсерлі болған сайын, соғұрлым ол әлсірей бастады және Стюарттардың өзара бақталастығы өрістей берді. Яғни олардың тек корольдің ғана ешбір парламентсіз, сословиялық

12345След.
скачать работу

Ағылшын абсолютизмі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ