Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақиқаттан адасудың азабы

ұрт болса, шыбын жа­ны тура­лы жантәсілімде ғана ойлайтын өз жұрты шығар.

Жәдігөй жердің жымыс­қылығына жарамсыздығынан ба екен?!

Аңқаулық ақылсыздық­тан емес, өзіне де, өзгеге де адал­дықтан ғой. Адалдықтан жапа шегуден арылмаған жал­ғыз ел болса, ол да қына­дай қырылып жатқан сол сор­лы ел шығар. Ақ көңілі айық­пас дерт екенін түсін­бей кетіп барады. Сол дерт кө­шеде көк арба болып қы­ды­­рып, өлігін ойнап-күліп теріп жүр.

Көк арба толса – төгеді,  толмаса – төбесінен төнеді”.

Ақиқат қой бұл да. Қазақ қай қоғамға бейімделіп, қай заманның төріне шығып еді?! Оны өзіне бейімдегісі келген қоғам да болған жоқ, икем­делмеуін тілеп, өзекке тебу­мен келді. Көңілі даладай дархан жұрт, сірә аңғарды ма екен соны, күреп алып, қасықтап берсе, қоғадай  жапырылып, құшақ жайды емес пе. Арамға да, арсызға да адалдығымен жақпақшы болды. Адалдығы ақылынан да, амалынан да жаңылдыр­ды. Қитұрқы замандар құй­рығын ұстатпайтын қулы­ғымен құрықтап-ақ баққан. Көшедегі мүрдесін көк арба болып теріп алғанын да міндетсінген.

Әсіре адалдық пен ақ көңіл қазіргі заманда да қапы қалдырмасын деңіз. Үшінші мыңжылдықтың қулығы ішке жағатын майдай жылп-жылп етеді.

Қазақ тарихынан теріп алатын ой аз емес. Қазақ қайғысынан шертер сыр да көп. Қазақ бақытсыздығын тарихтың тепкісін мол көр­ген Африка континентімен салыстыра алар едің. Осы құрлықтың қазіргі қаламгері Андре Бринк: “Оңтүстік Африканың өмірі — қор­қы­нышты оқиғаларға құрылған роман. Менің отаным – қайғыдан рекорд жасаған ел” — дейді. Төл жұртыңның ақтабан-шұбырындыларына қарап отырып, ондай рекорд қазақ жұртына таңсық емес дегің келеді.

Ашығын айтайық, мына жаңғырған дәуірде сана да, ерік-жігер де өткен қоғам­дардың шырмауықтай шырмап алған, тәуелділікке телмірткен рухани тұтқын­дауынан азат болғысы келеді. Ғасырлар бойғы азап — мех­наттар мен жүректі сыз­датқан ыза кектен де арыл­ғысы келеді. Арылып тұрып ұлттық құдіретті рухпен дәуірлік сілкініс жасағысы келеді. Романда осы арман-құлшыныс өзін бәрінен жұрдай еткен үш жауын Бетпақдалаға айдап әкеліп, еркіне қоя берген Смайыл­дың азаматтық ерлігі арқылы сәтті берілген.

“- Бітті! – деді – Бітті осымен! Бетпақта сағым жал­датқан, сабырын сұйылт­қан сапар мен үшін сар­қылды. Сендер үшін қашан сарқыларын, сұрай алсаңдар, Бетпақтан сұраңдар!

Сумаң-сумаң сусыған тұз тозаңды қағына кеткен құйын құтыртты, бозала боран бозара қалған даланың қиянына бошалады.

— Мен сендерден енді азатпын! Сендер менен азат бола алсаңдар!

Жалпақ сорда боз бо­рандатқан аптап даусын айдалаға ала қашты.

— Бола алсаңдар..... бола алсаңдар!

Құйыннан соң құйын ойнады, тұз татыған дала тұз жалап сарнады.

Ұйқы-тұйқы үшеуді ұйлықтыра таялды.

— Азат бола алсаңдар!”

Иә, қазақ мехнатынан қиянатшыл дүние азат бола алса, Алаш елінің ұлттық санасы мен рухы қиямет­қайымнан азат болуға тал­пынып жатыр. Сол талпы­нысқа дем беретін қазақ тарихының философиясы керек, өткен замандарда неге ұтылғаныңды айғайлап ай­тып беретін философия.

“Тамұқтан келген адам” романы осы қажеттікті сезі­нуден туған, кешегінің өзегі­нен ой сауған дүние, алыс-жақын тарихтың көркемдік философиясы, әдеби-эс­тетикалық жаңа ізденіс. Шы­ғарманың өнбойында әлдебір құдіретті үн: “Халқыңды азат еткің келсе, рухын азат ет!” — деп жар салып тұрғандай.

Ұлтының жүрегіне үңіліп, рухын аршып алғысы келген жазушыны осы сәтті тал­пынысымен, биік марапатқа толық лайықты туынды­сымен  құттықтай аламыз. Шығарма қазақ әдебиетінің әркім айтып жүргеніндей тоқырау үстінде емес, зама­налық талаптарға төтеп беру­ге ұмтылыс үстінде екенін көрсетеді.

12
скачать работу

Ақиқаттан адасудың азабы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ