Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістер: түсінігі, ерекшелігі және кезеңдері

маңызды мәні бар: берілген істі қарау осы органның құзырлығына жата ма?; құқық бұзушылық туралы істердің хаттамасы және өзге де материалдар дұрыс жазылған ба; барлық қажетті материалдар жинақталған ба; іске қатысушы тұлғалардың өтініштерінқанағаттандыруға жата ма; барлық қптысушы тұлғаларды істі қараудың уақыты мен орны туралы хабардар етеді.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қараудың мынадай тәртібі белгіленген:

1)     берілген істі қарайтын органның құрамын немесе лауазымды тұлғаны ұсынуды хабарлау (жариялау);

2)     төрағалық етуші, қандай іс тыңдалады, жауапкершілікке кім тартылады – соны жариялайды, іске қатысушы тұлғаларға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;

3)     әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жариялау;

4)     іске қатысушы тұлғаларды тыңдау, айғақтарды зерттеу.

 

Міндетті түрде анықталуға жатады: әкімшілік құқық бұзушылық жасалды ма; оны жасаған тұлға кінәлі ма; оған әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға бола ма; кінәні ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар бар ма; мүліктік зиян келді ме; істі қоғамның қарауына беруге негіздер бар ма немесе істі дұрыс шешу үшін маңызы бар өзге де жағдайлар бар ма.

Іс бойынша процессуалдық мәліметтер хаттамада жазылады.

3 стадия — Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару. Өкілетті орган немесе лауазымды тұлға істі қарағаннан кейін іс бойынша қаулы шығарады, онда мыналар көрсетіледі:

1) қаулы шығарған органның аты;

2) істі қараған күн;

3) іс бойынша шешім шығарған тұлға туралы мәліметтер;

4) қарау кезінде анықталған мән-жайларды баяндау;

5) осы әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылған нормативтік құқықтық актіге сілтеме;

6) іс бойынша қабылданған шешім;

7) қаулыға шағым беру тәртібі мен мерзімі.

Іс бойынша шығарылатын қаулының 2 түрі болады:

1)     әкімшілік жазаға тарту (салу)

2)     іс жүргізушілікті тоқтату туралы.

Іс жүргізушілікті тоқтату туралы қаулы мынадай жағдайларда шығарылады:

1)     іс бойынша іс жүргізушілікті болдыртпайтын мән-жайлар (құқық бұзушылық оқиғасының жоқтығы, 16 жасқа толмаған тұлға құқық бұзушылық жасаса, құқық бұзушылық жасаған тұлғаның есі дұрыс емес жағдайда жасаған болса);

2)     өзге де мән-жайлар (онша елеулі емес мән-жайлар және ауызша ескерту жасау, материалдарды қоғамның, прокурордың, алдын ала тергеу органдарының қарауына беру).

Істі қаруды аяқтағаннан кейін қаулы бірден жарияланады. 3 күн ішінде қаулының көшірмесі құқық бұзушы тұлғаға табыс етіледі, ал жәбірленушіге оның сұрауы бойынша беріледі.

Осы аталған тұлғалар 1 айдың ішінде қабылдаған шаралары туралы ұсыныс жасаған органға хабарлауы қажет.

4 стадия – қабылдаған шешімді орындау — әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің соңғы сатысы.

Әкімшілік жазаны салу туралы қаулыны барлық мемлекеттік және қоғамдық органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар және азаматтар орындауға міндетті.

5 стадия — әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шығарылған қаулыға шағым арыз қаулы шығарылған күннен бастап 10 күн ішінде беріледі. Бұл стадия осы іс жүргізушіліктің қосымша стадиясы болып табылады.

123
скачать работу

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістер: түсінігі, ерекшелігі және кезеңдері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ