Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әкімшілік құқық және әкімшілік-саяси сфераны басқару

ғдай ахуалында қамтамасыз ету;

2) заңдарда белгіленген өздерінің құзыреті шегінде алдын ала тергеу, анықтама мен әкімшілік іс жүргізуді жүзеге асыру;

3) сотталғандарды қылмыстық атқару жүйесінің  мекемелерінде ұстаудың және әкімшілік  жолмен қамауға алынғадарды ұстау орындарында құқықтық тәртіп пен режимді қамтамасыз ету;

4) өз құзыретінің шегінде  жол қозғалысы қаіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік  бақылау мен қадағалау;

5) паспорт және виза беру жұмысын жүргізу, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың  ҚР аумағында  болу тәртібін сақтауын бақылау;

6) өзге де  мемлекеттік органдармен бірлесіп, оның ішінде төтенше жағдайлар кезінде карантиндік, санитарлық және табиғатты қорғау  органдарына  сұғанақ аңшылыққа қарсы күресуде жәрдем көрсету;

7) ҚР заңдарына сәйкес лицензиялық және рұқсат етушілік қызметті жүзеге асыру;

8) қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды  ашу және тыю, тергеу, сондай-ақ қылмысткерлерді іздестіру;

9) қылмыстық  жазалар мен әкімшілік жазалау  шараларын қолдану;

10) кәмелетке  толмағандардың  қараусыздығы мен құқық бұзушылығын анықтау және тыю;

11) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдарына  өрт ауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;

12) мемлекеттік және өзге де  объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, қамауға алынғандар мен сотталғандарды айдап апару, террорзм актілерінің жолын кесу, кепілге алынғандарды бостатуға қатысу;

13) соғыс уақытында ҚР аумақтық қорғаныс жүйесінде жекелеген міндеттерді орындау;

14) ІІО қарауына жататын мәселелер бойынша  халықаралық ыгтымақтастықты жүзеге асыру.

ҚР ІІО  құқықтық негіздеріне мыналар жатады:

1) ҚР Конституциясы мен заңдары;

2) өзге де нормативті-құқықтық актілер;

3) ҚР халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері;

4) ҚР Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

5) ҚР ІІМ туралы, ҚР ІІО қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың  қызмет атқаруы туралы Республика Үкіметі бекіткен Ереже.
Ішкі істерді басқару  жүйесі: ҚР Президенті-ҚР  Үкіметі – ҚР ІІМ- Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасының, көліктегі оған  бағынатын ішкі істер  басқармалары- қалалық, аудандық,  желілік ішкі істер органдары.

ҚР ІІМ  негізгі міндеттері:

1) ішкі істер органдарының  қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, қылдмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу,  қылмыстарды ашу мен тергеу, қылмыскерлерді іздестіру, ылаңкестік актідердің жолын кесу  қатысу және тағы басқа осындай сипаттағы  тиімді  жұмыстардың істелуін ұйымдастыру;

2) республикадағы оперативтік жағдайды талдау және болжау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөнінде  шешімдерді әзірлеу;

3) қылмысқа қарсы күрестің нысандары мен әдістерін жетілдіру

4) ішкі істер органдарының құрылымын жетілдіру, қызметтері мен  бөлімшелері арасында және өзге де құқық қорғау  органдарымен, министрліктермен және ведомствовалрмен өзара  іс – қимылын жақсарту жөнінде  шаралар әзірлеу;

5) ішкі істер органдарының қызметін материалдық – техникалық, қаржылық, сондай – ақ ақпараттық құралдармен қамтамасыз ету;

6) Министрлікке ҚР заңына  сәйкес жүктелінетін өзге де  міндеттер;

Полицияны ұйымдастыру:

1) Криминалдық полиция – жедел іздестіру, тергеу ғылыми – техникалық және ІІМ

тікелей бағынатын өзге де бөлімшелер;

2)Әкімшілік полиция:

- учаскелік инспекторлар қызметі;

- кәмелетке  толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторлар  қызметі;

- сақшылық қызмет;

- лицензиялық және рұқсат ету жүйесі;

- табиғат қорғау және мал дәрігерлік полиция;

- төл құжаттық қызмет;

- жол полициясы бөлімшелері;

- ішкі істер органдарының арнаулы мекемелері;

3)Әскери – тергеу органдары:

-әскери – тергеу департаменті;

-әскери — тергеу басқармалары;

-тергеу, жедел іздестіру, жедел – техникалық және өзге де  бөлімшелерден

тұратын гарнизон бойынша бөлімдер;

- ІІМ әскери полициясы.

 

 

Әділетті  басқару

 

Әділетті басқару органдарының жүйесі: ҚР Президенті – ҚР Үкіметі – ҚР Әділет Министрлігі — Әділет министрліктерінің комитеттері (қылмыстық –атқару жүйесінің мекемелері және Қылмыстық – атқару жүйесінің органдарын қамтитын әділет органдары) – аумақтық әділет органдары.

ҚР Әділет министрлігі — бұл ҚР Үкіметінің құрылымына кіретін, мемлекеттік басқару мен бақылау функцияларын орындауға өкілетті мемлекеттік  мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы мемлекеттік орган. Министрлік қызметі ҚР Конституциясына, заңдарына, ҚР Президентінің, Үкіметінің актілеріне және өзге де  нормативтік-құқықтық  актілерге және Министрлік туралы Ережеге сай жүзеге асырылады.

ҚР Әділет министрлігінің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

1) департаменттерден:

а) заңдар және халықаралық құқық департаменті;

б) нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу;

в) соттардың қызметін ұйымдастыру департаменті;

г) ішкі әкімшілік департаменті;

2) басқармалардан:

а) қаржы-экономика мәселелері жөніндегі басқарма;

б) бухгалтерлік есеп;

в) кадр жұмысы;

г) заң қызметін ұйымдастыру басқармасы;

3) комитеттерден:

а) сот қаудлыларын орындау комитеті;

б) тіркеу қызметі комитеті;

в) авторлық құқықтар жөніндегі комитет;

4) әділет біліктілік алқасының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлімі;

5) құпия құжаттармен ұйымдастыру секторы;

Әділет органдарының міндеттері:

- жалпы мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заң жобасы жұмысын жүргізу, заңдарды талдау,  жетілдіру, жүйелеу, нормативті – құқықтық  актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу арқылы  адамның және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарының  үстемдгін,  ҚР егемендігін, Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің  тұрақты және   қарқынды  дамуын  қамтамасыз  етуге бағытталған ұлттық заңдарды  қалыптастыруға  қатысу;

- Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және  дүниежүзілік  қоғамдастықтағы беделін нығайту мақсатында, соның ішінде  ҚР халықаралық шарттарын  дайындау  мен жасасу жолымен  оның халықаралық аренадағы қызметін құқықтық жағынан  қамтамасыз ету;

- заңды тұлғаларды, қозғалмайтын мүлікке, құқықтарды және олармен жасалатын мәмілелерді, қозғалмайтын  мүліктің жекеленген  түрлерінің  кепілдерін, орталық  мемлекеттік  органдардың, жергілікті  өкілді және атқарушы  органдардың нормативті – құқықтық актілерін, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, ҚР  нормативтік  актілерінің  мемлекеттік есебін жүргізуді және  оларға бақылау жасауды жүзеге асыру;

- құқықтық көмекті  және заң қызметін көрсетуді ұйымдастыру және құқықтық насихатты қамтамасыз ету;

-сот сараптама  қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру;

-қылмыстық жазаларды  атқару, қылмыстық жаза органдары мен мекемелерінде  құқықтық тәртіп пен заңдылықты

қамтамасыз ету;

-санаткерлік меншік құқықтарын қорғау  саласындағы мемлекеттік саясатты  жүзеге асыру;

-есірткі құралдары, психотроптық  заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру

және олардың  заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға  қарсы іс — әрекеттерді  жасау.

12
скачать работу

Әкімшілік құқық және әкімшілік-саяси сфераны басқару

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ