Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әкімшілік процесс. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізушілік



 Другие рефераты
Әкімшілік жауапкершілік Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістер: түсінігі, ерекшелігі және кезеңдері Әкімшілік жаза ҰЛТТЫҢ ОРТАҚ ҰРАНЫ: ОТАН, ТӘУЕЛСІЗДІК

Әкімшілік процесс  түсінігі, түрлері және қағидалары

Әкімшілік  процесс – бұл мемлекеттік басқару сферасында  атқарушы органдармен, ал  заңмен көзделген жағдайда  өзге де органдармен (лауазымды тұлғаларлмен) де  жеке нақты  істерді  шешудің  құқықпен реттелген  тәртібі.

Әкімшілік процестің мазмұны – бұл басқару сферасында өз өкілеттілігі мен міндетін атқаратын әкімшілік құқықтың субъектілерінің нақты тәртіпте істелінетін әрекеттері.

Әкімшілік процестің қағидалары.Әкімшілік процесс мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларына сүйенеді:

1) заңдылық қағидасы – ҚР Конституциясының талаптарын қатаң түрде сақтай отырып жүргізу.

Осы қағиданың мәнісі барлық жағдайда құқық нормасын қолдану заңға сәйкес болуы қажет дегенді білдіреді. Ол әкімшілік процеске қатысушылардың барлығының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды білдіреді. Заңсыз әрекеттер орын алған болса, азамат сотқа осы жайлы шағым беруге құқылы.

2)Объективтілік (әділдік) қағидасы – істің барлық жағдайларын (мән-жайларын) жан-жақты және әділ тексеруді білдіреді. Бұл құқық қолданушы нақты істі қарағанда онджағы барлық іске қатысты дәлелдемелер мен айғақтарды пайдалануға және дұрыс бағалауға міндеттейді. Фактілерді бағалауға біржақты келуге және қалай болса солай қарауға жол берілмейді.

3)Азаматтардың заң алдында және істі шешуші (қараушы) органның алдында теңдігі қағидасы. Әрбір азамат өзінің әлеуметтік немесе қызметтік жағдайына байланыссыз, өзге де жетістіктеріне байланыссыз заң алдында және істі шешетін органның алдында тең. Ал орган өз кезегінде әкімшілік процестің қатысушыларының оларға берілген құқықтарының және оларға жүктелген міндеттерін дұрыс пайдалануларын қадағалаулары қажет;

4)Жариялық қағидасы – ереже ойынша, процесс ашық жүргізіледі. Процеске қатысушылардың кедергісіз процессуалдық құқықтарын пайдалануға толық мүмкіндіктері бар, іс материалдарымен, іс бойынша қабылданған шешімдерімен, құжаттармен танысуға мүмкіндіктері бар. Әкімшілік процесте қоғамдық өкілдер жиі қатысады.

5)Істі ұлттық тілде жүргізу қағидасы. Процесс жүргізілетін тілді білмейтін тұлалар ана тілінде аудармашы (тілмаш) арқылы өтініш беруге, түсініктемелер беруіне болады;

6)Тиімділік жне үнемділік қағидасы. Бұл қағида көп мөлшерде материалды шығынды қажет етпейтін, сонымен қатар процестің белгіленген мерзімдерін бұзбайтын, іс бойынша шешім қабылдауды ұзаққа созбайтын процесті қамтамасыз етуге бағытталған.

7)Процестің безвозмездности қағидасы – процесті жүргізуге және құжаттарды ресімдеуге ешқандай ақы төленбейді, процеске қатысушыларға қол жеткізушілік қамтамасыз етілген;

8)Процестің ережесін бұзғаны және қабылдаған актісі үшін жауапкершілік қағидасы. Процестің ережесін бұзғаг немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

         Мазмұны бойынша  бөлінген әкімшілік процестің бөлімдері:

1) Әкімшілік құқық шығармашылық процесі;

2) Құқық беруші процесс (мадақтау өндірісі, таратушы өндіріс,  рұқсат берушілік өндіріс,  жеке құрамды  жинақтау бойынша  өндірісі);

3) Әкімшілік – юрисдикциялық  процесс ( азаматтардың шағымдары мен өтініштері бойынша өндіріс,  әкімшілік  құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізушілік,  акімшілік бұлтартпау  шараларын  қолдану бойынша  өндіріс,  тәртіптік іс жүргізушілік).

Әкімшілік  процесс құрылымында  әкімшілік құқық бұзушылық туралы  істер бойынша  өндіріс өте маңызды элемент болып табылады.Оны  өкілетті  субъектілердің  әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі  және осы кезде туындап әкімшілік құқық  нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.

Әкімшілік процестің субъектілері

Әкімшілік процестің субъектілері:

1)  бұл өзінің нақты мүддесін процестің 2-ші жағы бұзған немесе даулаған өз құқығын қорғайтын жақ (тарап). Бұл кезде әкімшілік процестің тараптарында процессуалдық құқықтар мен міндеттердің жиынтығы болады;

2)  бұл әкімшілік процестің қатысушылары куә, сарапшы, маман, аудармашы (тілмаш) ретінде қатысуы мүмкін.

Әкімшілік процестің барлық қатысушылары өздерінің субъективті құқықтарын жүзеге асыру үшін әкімшілік іс жүргізушілік құқық қабілеті болуы керек, яғни мінез-құлық, тәртіптің нақты түрін таңдау мүмкіндігі болуы қажет. Мысалы, ҚР Конституциясы ҚР азаматтарына мемлекеттік және қоғамдық органдардың, олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекетіне шағым жасау құқығына кепілдік береді. Осы құқықты әрбір азамат тікелей немесе өзінің өкілі арқылы субъективті құқығын қорғау үшін құзырлы мемлекеттік органға немесе заңмен қарастырылған жағжайда сотқа барумен жүзеге асырылады.

                Әкімшілік процестің субъектілері болып мыналар табылады:

1) ҚР азаматтары, шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар

2) Мемлекеттік органдар

3) Мемлекеттік кәіспорындар мен мекемелер

4) Қоғамдық ұйымдар

5) Мемлекеттік қызметкерлер

6) Қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері және қоғамдық ұйымның өкілдері.

ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар әкімшілік процестің субъектілерінің үлкен тобын құрайды. Әкімшілік процесте олар мынадай түрде қатысады:

1) істі шешуге құылы орган алдында әкімшілік істі қозғайтын тұлға ретінде;

2) құқығы бұзылған немесе даулы құқығын қорғауда әкімшілік даудың тарабы (жағы) ретінде;

3) үшінші тұлға ретінде, яғни даулы құралға талап берген тұлға ретінде, сондай-ақ осындай талап бермеген, бірақ тараптардың біреуінің талаптарына қосылған тұлға ретінде;

4) өкілетті өкіл ретінде, егер де өзгедей заңмен қарастырылмаса;

5) әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлға ретінде;

6) жәбірленуші ретінде, яғни әкімшілік құқық бұзушылық нәтижесінде моралдық, күштеу арқылы немесе мүліктік зиян келген тұлға ретінде;

7) куә;

8) басқа тұлғалардың құқығы мен мүддесін қорғайтын тұлға ретінде (қорғаушы, адвокат).

Бұл кезде заң осы лауазымды тұлғаны қажетті айғақтар келтіруге, туындаған іс бойынша түсінік беруге, процеске кедергі келтірмеуге міндеттейді. Әкімшілік теріс қылықты жасаумен байланысты туындаған істерде әкімшілік-процестің тарабы болып құқық бұзушылық туралы тиісті хаттама толтырған лауазымды тұлға табылады.

Прокуратура органдары да көбінесе әкімшілік-процессуалдық қатынастардың тараптары болып қатысады, мысалы, жалпы қадағалау тәртібінде заңсыз басқару актісіне шағым түсіргенде, заңның талаптарына қайшы шығарылған әікмшілік жазаға шағым түсіргенде. «ҚР Прокуратурасы туралы» заңда шағым түсірудің тәртібі белгіленген, сондай-ақ басқару органының немесе қоғамдық ұйымның шағымды белгіленген мерзімінде қарау міндеті де белгіленген.

Мемлекеттік органдар.

1) әкімшілік істі шешуші орган ретінде;

2) әкімшілік істі қозғаушы орган ретінде;

3) әкімшілік таластың тарабюы ретінде;

4) үшінші тұлға ретінде;

5) басқа тұлғалардың құқығы мен мүддесін қорғайтын орган ретінде қатысулары мүмкін.

Мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер – заңды тұлғалар болып табылады. Олар және олардың құрылымдық бөлімдері (цехтар, бөлімшелер, филиалдары):

1) істі шешуге құқығы бар орган алдында өз қызметтерін жүзеге   асырумен   байланысты әкімшілік істі қорғайтын ұйымдар ретінде;

2) әкімшілік даудың тарабы ретінде;

3) үшінші тұлға ретінде;

4) өзге де тұлғалардың құқығы мен мүддесін қорғайтын ұйым ретінде қатысуы мүмкін.

Қоғамдық ұйымдар:

Қоғамдық ұйымдар және олардың лауазымды тұлғалары әкімшілік-процессуалодық қатынастардың субъектілері ретінде мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетіне шағым жасап оны қарағанда қатысады.

Әрекет етуші заң әкімшілік құқық бұзушылық істі қайта кітаптан қарап ары қарай толықтыру қажет.

скачать работу


 Другие рефераты
Лизинг
Культура славян
Кэш-память современных микропроцессоров фирм Intel и AMD
Сүтқоректілер класы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ