Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақын-жыраулар мен билердің шешендік сөз өнеріндегі тәлім-тәрбиелік ойлар

  Жоғары қарап оқ атпа,

  Жуық түсер қасыңа.

  Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа,

  Күндердiң күнi болғанда

  Сол жаман айғақ болар басыңа.

Жемсаудан арылып, дұспан жауға қарсы бiрлесу, сүйтiп сәттiлiкке үлес қосу — қажеттi үндер және керектi күндер едi. Сондай сындарлы кезеңде, тар жерде кiмнiң кiм екенi бiлiне бастады.

Жақсының жақсылығы сол болар,

Жаманменен бас қосып.

Сөйлемекке ар етер,

Жаманның жамандығы сол болар.

Сөйлесе дәйiм қара етер,

Бiр жақсыға басың қосып сөз айтсаң,

Сол жақсы жаманлығың жақсылыққа жыр етер.

Жақсының тiлегi бiр, Тәңiрiмен ниеттестер дегендi айтады. Өзiне тегеурiндi жандарды iздеген жерден табады, жат жерде өзiн танытады. Жаманның жауы — тiлi мен пиғылында, икемсiз қылығында. Ерiккеннен қызыл тiлiн тыймайды, жалғандықты жамылған сусыма сөзi аузына сыймайды. Қисынсыз қылығыменкөрiнгендi қинайды. Iске ебi жоқ, бос сөзi көп есiктен күле кiрiп, күңiрене шығады. Терiс пиғылды iштегi дұшпан. Жамандар қоңқалап, бiр жақсыны көре алмайды. Жаман ұшқан жапалақтай аяқ астынан табылады, жағасы оның тайғақ, әркiмге ұрынады. Өз пиғылына тоқ, жақсылыққа жоқ. Сөз ұқпай, ұлағат тұтпай, сырт айналып кетедi. Iштей менмен ел арасынан табылмайды, кiсiден тартып алғанымен жарымайды. Туырлығы жоқтың, туғаны жоқ, тыраңдап түзге де кетедi. Ниетi арам, өзiне жүк тиетпейдi. Жаманның жұғымсыздығынан елдiң, әйелдiң, сәбидiң қанша көз жасы төгiлдi. Жыраудың тоқтамы: “Күндердiң күнi болғанда, қырға шықпас жаманның барынан да жоғыигi!”.

Жақсы мен жаманды адамдық пен күрес өлшемiмен iспеттеген Шалкиiз жырау тағлымы мол өсиеттер қалдырды. Солардың бiрi:

Атаның ұлы ерлерге,

Малыңды бер де басың қос,

Басыңды қос та бек сыйлас,

Күндердiң күнi болғанда,

Басың жауда қалар ма!

Бас қосқан ел болса, оның арғы тегiн ойлайтын би-бегi болса, болаттай бекем батыры болса, ондай ел-жұртта арту-тарту тарылмақ, дұшпан тобы тозбақ. “Ер болсаң бопсаға шыда” деген қағиданы қалыс қалдырмайтын ортада ырыс мен ынтымақ, iс пен iзденiс артпақ.

Сырты құрыш, жүзi болат, ақыл-айласы көпке танымал, жанкештi ерлiгiмен көзге түскен жырау Ақтамбердi Сарыұлы (1675-1768) тұлғалық пен жорық тақырыбын жалғастырады. Адам бақытына жетсе, басына қондырса, жақсылармен тең өсер. “Бiлiмдi туған жақсылар, аз да болса көппен тең”, ақ пейiлмен сыйласар жолдаспен тең. Жақсылар елi үшiн батырларша жорықтайды,   қыңыр-қисықтан   қорықпады.   Жақсылардың   жетегiнде кетерiн Ақтамбердi жырау былайша жеткiзедi:

Әдiл туған жақсыға,

Екi даугер жүгiнсе,

Тiзесiн қисық бұрмаса,

Асылдығы бiлiнер. Ендi бiрде:

Орын тапқан ер жiгiт

Жерсiз болар деймiсiң,

Орда тiгiп орнаса

Төрсiз болар деймiсiң!

Ақтамбердi жырау өмiр ережесiн жақсыларды марапаттау арқылы ғана емес, жамандықтың бастауын iреп, салдарын саралайды. Жамандық адамдардың бiрiн-бiрi қорлаудан, зорлаудан басталады. Қорлау да, зорлау да — жендеттiк, пенденiң бағын аштырмайтын жексұрындық. “Жаман болса жолдасың, астыңнан өткен сызбен тең”, “Жаман туған жiгiтке, рақатты күн бар ма”. Жамандық — жауың. Екеуiнiң де түрi көп. Сонда кiм жаман? Дәулетiн көтере алмай желiккен, өз мiнiн бiлмеген, ата мен ананы сыйламаған, ертең не болатынын бiлгiсi келмеген, күнде жанжалдың делебесiн қоздырған, жетiм мен жесiрге қол ұшiн бермеген, жалаулы найзаны қолға алып, Жаманның көрiнiсi күңгiрт, салмағы сұмдық, әсiресе қашқанда ақыл, сасқанда дегбiр қалдырмайды.

Себебi: ұрысқақ болса ұлың жау,

Керiскек болса келiнiң жау.

Үйiңдегi ұлың жаман болса,

Есiктегi құлмен тең,

Қойныңдағы қатының жаман болса,

Қаңтардағы мұзбен тең. (Үмбетей)

Ел амандығы, жұрт жарасымдылығы жамандықта емес, тыныстың тұнығында, бiрлiктiң беделiнде едi. Есейгендер адамдық қасиеттiң құнын ертерек ұқты, елдiктiң күретамырына ту тiктi. Жырау: “Сары аязда қата ма, қайнардың аққан тұнығы. Қап түбiнде жата ма, болаттың асыл сынығы” немесе “татулықта береке”, “бiрлiкте қасиет” деуi жаңа дәуiрдiң, жаңа қатынастардың талабына меңзегендей. Ойы сезiмталдар мұны ұғар, онсыз адам үмiтiнен де, жақынынан да ақсайды — деп көрегендiк танытады.

“Қалың қазақ елiм” деп үн қатқан, ұран тастаған жыраулар: “Ылайым, елiм аман болсын” деген тоқтамды алға тартты. Ол шешендiгiмен, көрегендiгiмен, қайырымдылығымен жамандықтан, жалғандықтан, жұғымсыздықтан, жауласудан сақтандырды.

Асанқайғының жыраулық дәстүрi мен философиясын жалғастырған Бұқар жырау (1693-1787) болды. Бұқар жыраудың бас тақырыбы: дүние көркi — адам, адам көркi — оның жасар игiлiгi, белдi қасиеттерi; дүние - бай мен жарлы-жақыбайға ортақ, алма-кезек, мұнда мәңгi байлық та, жарлық та, көптiк те, жалғыздық та жоқ. Адамның табиғатынан белсендi тұлға екендiгiне жырау айрықша мән бередi. “Адамзаттың баласы, атадан алтау тумас па? Атадан алтау туғанмен, iшiнде оның бiрi арыстан болмас па? Арыстанның барында жорғасы болса мiнiсiп, торқасы болса киiсiп, толғамалы қамшы алып, толағайда толғай дәурен сүрмес пе” - деген толғауы осы ойдың айғағындай.

Абылай ханға арнаған: “Жұлдызың туды-ау оңыңнан, жан бiткен ерiп соңыңнан. Он сан Алаш баласын, аузыңа құдай қаратып..” — деген толғауында ханның мәртебесi, бiрiншiден, халықтың өзара бiрлiгiн сақтай бiлуiнде, екiншiден, халыққа өз саясатын қолдатқыза алатын ептiлiгiнде екенiн алға тартады. Осыдан: адамды адам ететiн — оның ортасы, нақты тәлiм-тәрбиесi деген ұстанымды бекем ұстайды.

Нағыз ержетiп, азамат болу үшiн он бiр тiлектi орындауды ұсынады. Олар “Тiлек” толғауында былайша келтiрiледi:

1. Аллаға адал бол. Алла — сенiң бүкiл өмiрiң мен тыныс-тiршiлiгiңнiң негiзгi арнасы. Аллаға сыйынғанның адамдық дүниесi қай уақытта болмасын тоқайласады.

2. Пасық,  залым  адамның тiлiне  ерiп  азба.     Қаскөйлерден ылғи сақтанып жүру қажет.

3. Қыз-келiншектер, әйелдер үстi-басын таза ұстап, жарасты киiмiн сәнiмен киiп, өзiн байыпты ұстай бiлуi жөн. Бүгiнгi қыз бала, жас келiн өзiнiң байыпты жүрыс-тұрысымен ертең көрегендi бәйбiше, зерделi әже боларлық рәсiммен iштесетiнiн ұмытпа.

4. Төсек тартып жатпағын. “Әуелгi байлық — денсаулық” екенiн жадыңнан шығарма, сол үшiн белсендi әрекеттен тайынба.

5. Мұсылмандықтың белгiсi — бес парызды ұмытпа, парызды өтеуде ұқыптылықты сақта.

6. Ардақтаған аяулың күннiң күнiнде бөтен бiреуге тегiннен-тегiн олжа болмасын, көршi күштiлердiң қол астына қарап қалмасын. (Бұл арада орыспен, қытайлықтармен бейбiтшiлiк саясатын ұштастыру жақтарын ескерткендей).

7. “Желкiлдеген ту келiп, жер қайысқан қол келiп, сонан сасып тұрмалық” деп ел қорғау мәселелерiн алға тартады.  Тағы бiр толғауда:  “Батырлықтан не пайда, халқыңа  қайран   қылмаса, хандардан   пайда   жоқ,   қарашаны   жалмаса”   деп   ел мен жер қорғаудың өнегесiне мегзейдi.

8. Өз ұрпақтарын кездейсоқ, төтенше жағдайлардан сақтана бiлудi еске  салады. Табиғаттың дүлей күштерiнен сақтанып,  қамсыз жүрмеу де — имандылық нышаны.

9. “Төреңiз тақтан таймасын”. Елдiң бiрлiгi патшаның өз тағында нық отыруына да байланысты. Ел басқару елеулiлердiң үлесi, “қырық адамның жаны барлардың” тиесiсi. Хан бағдарламасын қолдау да — имандылық.

10. Бейбiт өмiр  “тар құрсағын кеңейткен, тас емшегiн жiбiткен” аналардың беделiн көтередi, оларды аңыратып қалдырмайды. Ананы сүйiп  ардақтау жеткiлiксiз,   оны  барынша  құрметтеп,   сыйлау — парыз. Ананы аңыратпау, ана алдындағы парыз бен қарызды өтеу де — имандылық.

11. Әйел-ананы қастерлеу — имандылық қасиеттiң негiзi. Жырау   психологиялық   тұжырымдар   жасауға,   жасқа   тән   мiнез ерекшелiктерiн топтауға машық. Шындықтың сынағынан өте бiлу де, қарттықты сыйлай бiлу де — үлкен құрмет, арлылардың асылдығы. Үлкендер мен асылдарды сыйлау - өмiр үшiн күрестiң бiр түрi, ел-жұртына деген сүйiспеншiлiктiң үлкен құрметi. Осындай тағлымы мол iс-әрекетте адамның сана-сезiмi дұрыс және тез дамиды. Отаны мен туған жерiн сүйе бiлген тез есейедi. Толғауы терең Бұқар жыраудың талғамы осыған тiреледi.

Тарих сахнасында 3 мыңжылдық салты бар көшпендiлер өркениетiн тұлғалаған, ұрпақтарын үлгiге үйiрлеген — даланың қайраткерлерi, дiлмарлары, би шешендерi. Ел аузында “түгел сөздiң түп атасы” атанған Майқы биден бастап 200 ден артық дiлмарлар, одан да артық бек атаулары жатталынып қалған.

Әрқайсысы ел-жұртының қуанышы мен қайғы-қасiретiн, ерлiгi мен ептiлiгiн еселеп жеткiзген, ел қамын ойлап, қазақ ұлысын құруға, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын реттеуге, заңдастыруға үлкен ықпал еттi. Әдiл билiгi, тапқыр шешендiгi барлар “қалың елi қазағының” атынан сөйледi, көкейкестi ойларын “бiр кiсi емес, жалпақ жұртқа” арнады.

Билердiң шешендiгi — сол халықтың даналығы мен ой-санасынан туындайтыны айғақ. Халықтың ой-санасы оның мәдениетiне, рухани мұрасына, табиғи болмысы мен ойлау машығына, өмiр сүру тәсiлi мен дiни наным-сенiмiне, күнделiктi тұрмыстағы әдет-ғұрып, рәсiм-салтына сүйенедi. Осы әр түрлi деңгей мен көрiнiстегi факторлар ой-сананы өзiнше ұйытқы етiп келдi. Қазақ билерi дүние м

123
скачать работу

Ақын-жыраулар мен билердің шешендік сөз өнеріндегі тәлім-тәрбиелік ойлар

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ