Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі

Шамсаның қайғысына зарланады.
Бұл көрініс шаһзаданың өз махаббатына деген ықыласын, адалдығын, тазалығын, сенімділігін көрсетеді. Осы жәйтті айқындай түсетін тұстар туындыда көптеп кездеседі. Солардың барлығы басты бейненің махаббатты құрмет тұтатын тұлға ретінде суреттелетінін көрсетеді.
Жиһаншаһтың бойындағы келесі бір жағымды мінез – мақсатқа жетуге талаптанушылық. Егер кейіпкер талапсыз, талғамы жоқ жан ретінде бейнеленсе жағымсыз адамға айналары анық. Сондықтан, автордың міндеті басты тұлғаны жинақтай отырып, сабақтастыра суреттеуді ұсынады. Ғалым З.Қабдолов былай дейді: «Ұнамды кейіпкер – тарихи категория. Ахилес пен Прометей заманында Рудин мен Рахметовтің болуы мүмкін емес. Сондай-ақ, Рудин мен Рахметов өмір сүрген дәуірде Ахилес пен Прометей сияқты образдар жасау өнер болмас еді. Демек, осылардың әрқайсысы бірін-бірі қайталамай, тек өз дәуірінің шындығымен сипатын сәулелендіргендіктен ғана типтік тұлға, ұнамды қаһарман жәрежесіне көтерілді». Алдына арнайы мақсат қойып, оған қол жеткізуге ұмтылу кейіпкердің тұлғасын толықтыра түсетін ұнамды сипаттардың бірі болмақ, Жиһаншаһтың талапкерлігі ұйқыда жатқан әскерлерді қалдырып, сүйген жарын іздеуге аттануынан да аңғарылады.
Жөнелді Жиһаншаһ та жеке қашып,
Сарғайған запырандай түсі қашып.
Тәуекел деп бет қойды жапан түзге,
Жиһанда іздегені Шәмсі ғашық.
Шаһзада үшін алдында тұрған мақсат – махаббатын іздеу. Ол өз мақсатына жету жолында өзге жағдайларды көрмейтін, көрсе де пікірін өзгертпейтін жан ретінде суреттеледі. Мұндай мінездегі сипат, оны өзге кейіпкерлерден оқшауландырып, даралап та тұр.
Дастанда шаһзада өз елінің патриоты болып суреттеледі. Ғашығына қолы жеткеннен кейін көп аялдамай еліне қайтады. Ондағы ойы өзі кеткенде шабуыл жасаған жау әскерлеріне қарсы күресу, халқын, жерін дұшпаннан қорғау.
Ел-жұрты патшаның еске түсті,
Қайғысы және дағы болды күшті.
Жауда қалған ол әкем не болды деп,
Ойлайды қағыменен әрбір істі.
Осы тұста шаһзаданың туған жерге деген махаббаты, сағынышы көрініс береді. Дастанның басынан соңына дейін тыңдаушының көңілінен шығып, жағымды іс-әрикетімен ұнамды бейнеге айналған патша баласының, түйінделер тұста елін ұмытып, жан жерде қалып қойса, тартымды кейіпкердің тауы шағылып, сюжеттің мазмұны әлсірер еді. Сондықтан, соңғы сөзде еліне келген шаһзада жауын ойсырата жеңіп, сүйгенімен бақытты өмір кешеді.
Кәпірлердің мұсылман бәрі болды,
Қуанып шаһзаданың көңілі толды.
Қайтарып ол Қағалох шаһарына,
Жұртына Жиһаншаһ патша болды.
Осымен дастанның оқиғасы аяқталады. «Мың бір түндегі» аңызда Жиһаншаһпен аз ғана уақыт бірге тұрған Шамшияны суға түскенде белгісіз бір жәндік шағып өлтіреді. Ал, дастанда автор бұл иірімді енгізбеген. Біздің ойымызша бұл автордың қалыптасқан фольклорлық шығармалардағы дәстүрді берік ұстанғандығы болса керек. Өйткені эпикалық туындылардың басым көпшілігіне оқиға желісі басты кейіпкердің еліне оралып, бақытты ғұмыр кешуімен аяқталады. «Жиһаншаһ» дастанында да осы дәстүр сақталған.

Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын;
Қымбатырақ алтыннан нарқың сенің.

Ал, екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

12
скачать работу

Ақыт қажының Жиһаншаһ дастанындағы Шаһзада бейнесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ