Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Ақша айналысы және ақша жүйесі

мақсатында 1998 жылдың 1 қаңтарынан арақатынасында ақшаны ірілендіру (деноминация) жүргізді. РФ – да жүргізілген реформалардың нәтижесінде айналымға Ресей Банкінің 5, 10, 50, 100 және 500 рубльдік құны бар банкноттар, 1, 5, 10, 50 копейкалық құны бар тиындар, 1, 2 және 5 рубль енгізілді

1.3 Металл ақша айналысы
Ақша өзінің материалдық – заттық құрылымы металл ақшалар және қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалар) болып екіге бөлінеді. Екінші қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі – егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның рөлін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастайды. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгісінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесектері айналымға түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейінгі ХІІІ ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болыпты. Осыған байланысты қазіргі уақытта көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауымен бірдей, мысалы, фунт стерлинг, ливр, марка- “жарты фунт” деген ұғым. Ал фунт – қадақ – орыстың бұрынғы 409 грамдық өлшеміне тең екен. Киев Русіндегі ақша өлшемі гривна күмістің фунты деген мағынаны көрсеткен, ал оның тең жартысы ( рубленая пополома) рубль деп аталған.
Металл ақшаның алғашқы түрі – құйма металл, оның формасы да әр түрлі болған ( шыбық, сым, табақша және т.б.). Салмақты металл құймалары айырбаста алып жүруі және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан, сауданы баяу жүреуіне әкеп соқтырған.
Біртіндеп металл ақшаның түрі де, салмағы да өзгереді. Мысалы, ертедегі Римде ақша орнына белгілі бір салмағы бар формасыз мыс құймасы, одан кейін жолақша сызығы мен нүктелері бар табақша, ең соңғыда екі жағында сурып салынған массасы 1 немесе 2 фунт болатын дөңгелек ақша пайда болған. Сөйтіп, металл ақшалардың формасының неше түрлі болып өзгеріп, ақырында дөңгелек түріне келуі тауар ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.

Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғары сатысында металдан монета түрінде ақша құйыла бастады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты тауар сатушылардың арасынан көпестер (купцы) бөлініп шығып, олар тауар айырбыаснда тек делдалдық кәсіппен шұғылданды. Сонымен, монета деген заң жүзінде құрамындағы белгілі бір металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен тағайынды формадағы ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын (проба монетадағы сап алтынның салмағы), массасын, типін, ремедиумын (заңды түрде бекітілген нақты массасының іс жүзіндегі массасының ауытқуы), эмиссия ережесін және т.с.с. бекітеді. Монетаның бет жағын – аверс, сыртын – реверс, жиегін – турт немесе обзер деп атайды.
Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ (немесе кембағалы) ақша болып бөлінеді. Толық құнды ақша деп монета көрсетілген құн (номиналы) монета соғуға жұмсалған металдың құнына тең ақшаны айтады. Ондай ақша өзінің пайда болғанынан бастап жалпы құн эквиваленті болды және ақшаның барлық қызметін атқарды. Толық құны жоқ ақша – монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім төлемдерді атқару үшін майда монета түрінде қолданылады. Оны билондық монета деп те атайды. Ақша айналысы шапшаң болғандықтан тез ысылып салмағын, соған байланысты құнын жоятындықтан майда ақшалар алтын монеталар қоспасынан (мыс – никель, мыс – мырыш ) және алюминийден соғылады.
Ақша айналысында майда ақшаның үлес салмағы аз. Дегенмен майда ақшаны айналысқа түсіру мемлекетке пайдалы. Ол пайда монетадда көрсетілген құнмен оның құрамындағы металдың нарықтық бағасының айырмасына тең.
ХХ ғ. 70 – жылдары алтынға деноминация жүргізілді. Алғашқыда алтын елдің ішкі ақша айналымында айналыс және төлем құралы ретінде пайдаланылса, ал 1976 жылдан бастап ол дүниежүзілік ақша қызметін де орындамайды. Алтын мемлекеттің ішкі айналымынан да, әлемдік нарықтын да қағаз және несие ақшаларымен ығыстырылды.
Қарыз ақшалар. Олардың айналыс заңдылықтары. Металл ақша айналысының объективті заңдылықтарын және капитализм тұсында тауар өндірісінің қарқынды дамуын айналымға қосымша ақшаның қажеттілігін арттырып ақшаның дербес құны жоқ ақша таңбаларымен айырбастап мүмкіндігін ашты. Қағаз ақшаның шығу мүмкіндігі мына себептерге байланысты болды:
• Біріншіден, ақша құн өлшемі қызметін қолдағы алтын ақша емес, ойдағы ақша ретінде атқару ерекшелігіне;
• Екіншіден, ақша айналыс құралы ретінде өз қызметін шапшаң, ілезде атқару ерекшелігіне, яғни тауар айырбасында ақша делдал болуына байланысты;
• Бұл мүмкіндіктің іс – жүзіне айналу біраз себептерді қамтитын тарихи ұзақ процесс:
• Монетаның табиғи ысылып тозуынан оның толық құны жойылып, құр ақша белгісіне айналуы. Мысалы, 1809 – 1829 жж. Еуропа елдерінде монетаның тозу себебінен 19 млн. фунт стерлинг монета айналыстан шығарылған;
• Мемлекеттің және жеке адамдардың – жасанды ақша жасаушылардың монетаны бұзуы. Мемлекеттің металл ақшаны саналы түрде бұзуы – ол қазынаға қосымша табыс түсіру мақсатында монетаның асыл металл құрамын әдейі төмендетуі.Ақшаның құнсыздануы шаруаларды, кәсіпқойларды, ұсақ саудагерлерді көп шығынға душар етті. Олар патша өкіметіне өздерінің қарсылығын білдіріп, 1662 жылы 25 маусымында көтеріліске шықты. Тарихта ол “мыс бүлігі” деп аталды. Көтеріліс қатал жаншылып, мыс монетаны соғу тоқтатылды. Бүлінген 100 мыс копеектің орнына 1 күміс копеек айырбасталды.

ІІ. Ақша жүйесі және оның даму кезеңдері.
Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады.Ақша жүйесі - ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі ХVІ – ХVІІ ғғ. Капиталистік өндіріс бұл қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастады. Капиталистік өндірістің және тауар ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
Ақша жүйесінің типі: ақша – ерекше тауар ретінде өсуіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша құн - өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің типтері кездеседі:
• Металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
• Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.
Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді.
Алғашқы капитал жинау кезінде (XVI – XVII ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті. Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ мемлекет ролін алтын мен күміске бекітке ақша жүйесі. Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша қос – металды валюта, онда екі металдан да кең көлемде монета соғылып, айналыста шектеусіз қатар жүрген.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
1. Қатар жүретін валюта жүйесі-онда алтын мен күміс монеталардың арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты бекітілген.
2. Қос валюталы жүйе – онда металдардың санының арақатынасын мемлекет бекітіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
3. “Қосалқы валюта жүйесі”- онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем құралы деп саналғанмен іс жүзінде күміс монета алтынның белгісі ретінде жүреді.
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XVI – XVII ғғ. Пайда болып, тіпті ХІХ ғ. аяғына дейін қолданылып. Ақша ретінде екі металды қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен 1865 ж. Франция, Бельгия, Швеция және Италия биметализмді сақтап қалу мақсатында келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде (1865 – 1878 жж.) Латын монеталық одағы конвенциясы бекітіліп, ол бойынша металдан да құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасына тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.
Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған қоса ХІХ ғ. аяқ шегінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістін құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар айналысқа шығып, қазына қорына айналды. Алтын ақша айналыстан шығуы Коперник – Грешем заңына айтылған “жаңа жақсы ақшаны айналыстан ығыстырды” деген ақшаның өмірдегі көрінісі.

Монометаллизм жүйесі. Капиталистік тауарлы өндірістің қарқынды дамуы тұрақты ақшаны, яғни жалпыға бірдей бір эквивалентті қажет етті. Сондықтан биметаллизмнің орнына монометаллизм ақша жүйесі өмірге келді.
Монометаллизм – ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана металл(не алтын, не күміс) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн белгілері мен монеталар алтынға немесе күміске айырбасталды. Күміс монометаллизм Қазақстанда 1852 – 1893 жж., Голландияда 1847 – 1875 жж., Ресейде 1843 -1852 жж., қолданылды.
Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839 – 1843 жж. Жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлше
1234
скачать работу

Ақша айналысы және ақша жүйесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ