Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру

овтың шығармаларындағы педагогикалық ойлардың сабақтастығын талдау арқылы бүгінгі тәлім-тәрбие проблемаларын шешудегі маңызын ашып көрсету.
Арнайы курстың мақсатына қарай мынадай міндеттері белгіленді:
1. Абай, Шәкәрім, Әуезовтың қазақ халқының қоғамдық өміріндегі және тарихи даму кезеңдеріндегі алатын орнын ағартушылық қызметі тұсынан сабақтастығына сипаттама беру.
2. Абай, Шәкәрім, Әуезов мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерінің сабақтастығын ашып көрсету;
3. Абай, Шәкәрім, Әуезовтың тәлім-тәрбиелік идеяларын бүгінгі педагог мамандарды даярлауда пайдалану мүмкіндіктерін көрсету.
Бағдарламада арнайы курстың негізгі сабақ формаларын өткізудің тақырыптаық жоспары зерттеу жұмысымызда берілді. Арнайы курстың тақырыптық жоспарын 4-кестеден көруге болады:
3-кезең. Бақылау эксперименті барысында А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірілудің қандай деңгейде қалыптасқанын анықтау мақсатымен ауызша сұраулар мен тексеру жұмыстары жүргізілді.
Аузыша сұраулар негізінде студенттерде болашақ мамандықтарына сәйкес арнайы білім, білік және дағдының меңгерілгені анықталды.
Тексеру жұмыстары әрбір кезеңде жүргізілген бақылау қиықтарынан тұрды. Бақылау қиықтарына ұсынылған тапсырмалар жүйесі А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығын, тәлім-тәрбиелік ойларын сезіммен қабылдауы, қызығушылықтың басым болуы, өздігінен шығармашылық әрекет жасауға ынта ықыласының жоғарлауы, орындалатын жұмыстың педагогикалық мақсаты мен мәндерін анықтай білулері, ғұламалардың шығармаларындағы негізгі педагогикалық ойды ажырата білулері, өз беттерімен мүмкіндіктерін білуі, орындаған жұмысты жүйелеу, нәтижесін шығару білімдерінің әлдеқайда дамығандығы айқындалды, олардың теориялық білімдерінің деңгейін анықтау және сол білімдерін практикамен ұштастыру жақтарын есепке алу негізінде құрылды.
Кесте 4 - Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық үрдіске ендіру

Тақырыптар Оқу формасы
Дәріс Семинар
1 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың педагогикалық ойларындағы сабақтастық 2 2
2 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың оқу, білім-ғылымға қатысты ой-пікірлерінің сабақтастығы және ақыл-ой тәрбиесі 2 2
3 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың эстетикалық тәрбиеге байланысты ой-пікірлерінің сабақтастығы 2 2
4 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың адамгершілік тәрбиеге қатысты ойларындағы сабақтастық 2 2
5 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың еңбек тәрбиесіне байланысты ой-пікірлері және экологиялық тәрбие. 2 2
6 Абай, Шәкәрім, Мұхтардың отбасы қарым-қатынасы жайлы ойлар сабақтастығы. 2 2
7 Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың этнопедагогика мен этнопсихологияға байланысты ой-пікірлері 2 2
Барлығы 14 14

Алынған нәтижелерді талдау және оларды анықтау эксперименті барысындағы және бақылау тобындағы көрсеткіштермен салыстыру эксперименттік жұмыстың А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірілуі тиімді ықпал екенін аңғартты, оны 5 кестеден аңғаруға болады.
Кестеде келтірілген мәліметтер біз ұсынған педагогикалық жүйе бойынша даярлаған студенттердің жоғары нәтижелерге қол жеткізгендігін дәлелдейді. Егер анықтау эксперименті барысында төмен деңгейді көрсеткен студенттер саны 52,76% болса, эксперимент соңында 7,11%, орта деңгейдегі 29,13% болса, соңында 18,11%, жеткілікті деңгейде алғашында 18,89% көрсетсе, соңында олардың саны 46,45% жетті, жоғары деңгейді алғаш ешбір студент көрсетпесе, соңында олардың саны 27,55% көрсетті. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс бола қойған жоқ.


Кесте 7 - А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығының салыстырмалы деңгейлері

Деңгейі Эксперимент тобы Бақылау тобы
Экспериментке дейін Эксперименттен
Кейін Экспериментке дейін Эксперименттен кейін
Төмен 52,76 7,11 52,80 48,0
Орта 29,13 18,89 29,60 22,0
Жеткілікті 18,11 46,45 17,60 30,0
Жоғары - 27,55 - -

А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармалаырндағ педагогикалық идеялардың сабақтастығының анықтау кезеңі мен бақылау кезеңінің салыстырмалы деңгейлер нәтижесін 2 суреттен диаграммасын көруге болады.
Тәжірбиелік эксперименттік жұмыстың анықтау және бақылау кезеңдерінің нәтижелері 2-суреттен көреміз.

Сурет 2 – Анықтау мен бақылау деңгейлерінің салыстырмалы көрсеткіштері

Сонымен жүргізілген тәжірбиелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелерін талдау А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларын өзара сабақтастықта жоғары мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірілудің тиімділігін көрсетіп, біздің зерттеуіміздің ғылыми болжамының дұрыстығын дәлелдеп берді.

Қорытынды

Егемен Қазақстан елінің өркениетті дамуында жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің мазмұнын ұлттық рухани мұра негізінде қайта қарап, оны қоғам талабына сай жоғары сапалық деңгейге көтеру – бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселенің бірі.
Қазіргі бетбұрыс кезінде әдебиет пен өнер аясында осы күнге дейін белгісіз болып келген қаншама жұлдыздар жарқырай түсті! Қандай асыл жандарды жасырған біздерден. Таңқалған жас ұрпақтың көз алдында қазақ жерінде өніп-өскен бәйтерек пен арыстар айқын болды. Сол арыстардың бірі Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов. Олар орыс және шығыс классиктерімен қазақ жастарын таныстырған шебер аудармашылар, бармағынан өнер тамған сегіз қырлы өнерпаз, үлкен мәдениет қайраткерлері, ағартушы, ғалымдар еді.
Сонымен зерттеу барысында қол жеткен нәтижелер мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:
1. Үш тұлғаның әлеуметтік ойының тереңдігі оның қазақ қоғамының шындықтарыман тамырластығында. Олар халықты бүгінмен ғана өмір сүруге болмайды деп үйретеді, өткен қиыншылықтардан сабақ алу арқылы бүгінгі күн мәселелерін шешуге тиістіміз, өткен шақ пен бүгінгі шақ келер шақтың мүмкін болатын қиыншылықтарын жеңетін жолды көрсетеді. Осы мәселелермен айналысатын кәсіби әлеуметтікті ұйымдастыру – педагогикалық іс-әрекет екендігін айқындадық.
2. Абайдың қара сөздері қазақ философиясының негізгі ой-түрткісі, олай дейтін себебіміз: әрбір қара сөздерінде жас ұрпақты тәрбиелеуде құндылығы жоғары тәлімдік ой-пікірлер – еңбек сүйгіштік, отанын қорғау, жамандықтан аулақ болу, өнер-білім мен ғылымға құштарлық, отбасы тәрбиесінің ықпалы, имандылық, адамгершілік, мейірімділік, қайырымдылық сияқты қасиеттер жан-жақты ашылып, адам өміріндегі басты мәселе екендігі паш етілген. Ал, Шәкәрімнің «Үш анығы» – қазақ философиясының шыңы, өйткені “Үш анық” философиялық еңбектің де өзіндік ерекшеліктері осы жоғарыда айтылған тәлім-тәрбиелік идеяларды жалғастырып, олардың өміршеңдігін дәлелдей түседі. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы бүкіл әлем қазақ халқының философиялық жүйесін, педагогикалық көзқарастарын, сол кездегі әртүрлі әлеуметтік-тарихи жағдайларды суреттей отырып, тарихи кезеңдерге бөліп, ұрпақ тәрбиелеуде отансүйгіштік, еңбекқорлық, намысшылдық, имандылық, ар-ұяттың болуы қажетті екендігін анықтадық .
3. Жалпы Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларында әлеуметтік, педагогикалық, тәлім-тәрбиелік мәндерін анықтай отырып, ғылыми-педагогикалық зерттеулерге талдау жасау барысында тақырыбымызға негіз болған “Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру” атты арнайы зерттеу нысанасы болмағанына көзіміз жетті.
4. Зерттеу жұмысымызда Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларында педагогикалық ой-пікірлерінің сабақтастығын бар екенін айқындап, тәлім-тәрбиелік маңызын ашып көрсетуге ұмтылдық.
5. Сонымен біздің зерттеу жұмысымыздың “Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру” тақырыбына байланысты педагогика, жалпы педагогика, педагогика тарихы, этнопедагогика пәндерінің білім беру мемлекттік стандартқа сай оқу құралдарында, Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің ұсынған типтік оқу бағдарламасын және педагогика оқулықтарының мазмұнын қарастыра отырып, педагогика саласында Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Мұхтар Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру бұрын-соңды жүйелі қарастырылмағанын дәлелдедік.
6. Зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде біз Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың шығармаларындағы сабақтастықтың тәрбиелік қызметін: танымдық, тәрбиелік, дамытушылық және іс-әрекеттік деп анықтадық;
7. Біздің жасаған қорытындымыз бойынша Абай, Шәкәрім, Мұхтардың тәлім-тәрбиелік ойларының сабақтастығығындағы студенттердің белсенділігін дамытудың компонентін үшке бөліп қарастырдық: мотивациялық, мазмұндық, бағалау-нәтижелік және студенттерге арналған “Абай, Шәкәрім, Мұхтарлардың педагогикалық идеяларының сабақтастығы және оларды педагогикалық үрдіске ендіру” тақырыбындағы арнайы курс бағдарламасы жасалынып, сынақтан өткізілді.
Біз өз зерттеуімізде А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік идеялардың және педагогикалық ой-пікірлерінің сабақтастықтарын жан-жақты толық қарастырдық деп айта алмаймыз. Сондықтан ұрпақ тәрбиелеуде бұл мәселелер бойынша болашақ зерттеулер ретінде төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:
- бір жарым ғасырға созылған өзіндік бай дәстүрі бар, кешегі ұлы Абай, Шәкәрім, М.Әуезов сынды әлем таныған алыптар оқыған Абай орта мектебінің өмір жолын;
- А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық ой-пікірлердің оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің педагогикалық н

123
скачать работу

А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, М.Әуезов шығармаларындағы педагогикалық идеялардың сабақтастығы және оны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ