Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әл-Фараби еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері

адам жүре келе игеретіңдіктен, ол соның қайсысына дағдыланса, сонысы оның іс-әрекетінің, мінез-құлқының негізі болмақ. Жақсы мінез, іс-әрекеттер, жиі-жиі қайталана отырып, адам дүниесінің рухани азығына айналса, ал жаман іс-әрекеттер қайталана отырып, оның азғыңдауына немесе, "аюан тектес" жексүрындыққа үрындырады", - деп жазады ол.
Фараби үстаздың мінез-құлық нормасы қандай болу керек деген сұракқа: "... ол тым қатал да болмауға тиіс, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек, өйткені тым қаталдық шәкіртті өзінің үстазына қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – ұстаздың қадірін кетіреді. Оның берген сабағы мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады", - деп түсіндіреді. Бүл сияқты ұстамдылыққа, іскерлікке қол жету үшін Фараби атап көрсеткендей: "ұстаз тарапынан барынша ынталылық пен табандылық қажет, өйткені бүлар, жүрт айткдндай, тамшысымен тас тесетін бейне бір су тәрізді".
Фараби, сонымен қатар, оқыту, білім беру мәселелеріне үлкен назар аударып, бүл түрғыда көптеген түбегейлі, терең пікірлер айтқан. Ол "философтардың қойған сауалдарына жауаптар" деп аталатын еңбегінде педагогикаға, оқу, оқыту мәселелеріне қатысты жайларға тоқталады. Мәселен, оқып- үйренуге жаттап алу дүрыс па, жоқ түсініп алу дүрыс бола ма деген сүраққа Фараби: "түсініп алған дұрыс, өйткені барлығын жаттап алу мүмкін емес, оларды белгілі бір байланыстары арқылы ойда топтастыру пайдалы",-деп жауап береді.
Ұлы педагог ойшыл халықтық ауызша шығарылған өнер үлгілеріне құштар. Бұларды ой, сезім, өмір тәжірибесін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің тамаша құралы деп санайды. Көркем өлең, жыр, сөз өнері баланың рухани дамуына, оның жаны мен тәніне терең бойлап, кемел жетілуіне терең тамыр жайып қуатты ықпал ете алатынына сенімді. Отан аясы, оның тілі, оның әңгіме, аңыздары мен өмірі адам жүрегіне ақыл жетпейтін билігін ешқашан тоқгатпайтынын әрі ғалым, әрі ақын бабамыз сексен жастан асқан шағында қағаз бетіне түсірген мына бір щумақтарда былай деп білдіреді:
Кеткенім жоқ, елім, сенен атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым, жұртым, шалғай ғылым атты шам іздеп.
Ақтадым мен ақ сүтіңді келгенінше шамамның,
Ассамдағы сексен жастан сәбиіңмін, балаңмын.
Жүзім сынық, көңілсіз күйге түстім мен бүгін,
Саған деген серпе алмаймын ынтызарлық түндігін.
Айналайын атам қыпшақ, туған жерім сағындым,
Өз атыңа, үрметіңе қайда жүрсем табындым.
Педагог-энциклопедистер шығармашылығын салыстырмалы педагогикалық талдау тәрбиенің бүкіл салаларындағы дерлік идеялардың үқсастығын ашуға көмектеседі.
"Білік біліп - төрден орын аларсың,
Білік білсең - күшті, берік адамсың.
Біліксіз тіл, жүрек неге жарасын,
Жанды судай біліктен күш табасың.
Канша білсең, ізден тағы, тағы да,
Білікті адам жетер тілек, бағына".

З.ӘБІЛОВА, Қ.ҚАЛИЕВАЛАРДЫҢ «ЭТНОПЕДАГОГИКА ОҚУЛЫҒЫНАН»

12
скачать работу

Әл-Фараби еңбектеріндегі халықтық педагогика мәселелері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ