Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АЛАШ АВТОНОМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ



 Другие рефераты
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ КЕҢЕС ҮКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ АШАРШЫЛЫҚ

1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпықазақ сиезі өтті. Осы сиезде қазақ автономиясы мәселесі бойынша Х.Ғаббасовтың баяндамасы тыңдалып, талқыланып, сиез бір ауыздан саяси аумалы-төкпелі шақта қазақты әр елде қалдырмай біріктіру мақсатында мынадай қаулы қабылдады: «1) Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыстары, Ферғана, Самарқан облыстарындағы және Амудария бөліміндегі қазақ уездері, Закаспий облысындағы және Алтай губерниясындағы іргелес болыстардың жері бірыңғай, іргелі – халқы қазақ-қырғыз , халі, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық, жерлі автономия құруға; 2) қазақ-қырғыз автономиясының жер үстіндегі түгі-суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын; 5) қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бәрі бүкіл мекемелерде санына қарай орын алады; 6) алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлттық Кеңес құрылсын. Мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың уақытша тұратын орны – Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қырғыз-қазақ халқының билігін өз қолына алады». Сонымен осы сиездің шешімі бойынша Алаш Орда үкіметі жарияланды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы сиезде Алаш автономиясын тездетіп жариялау-жарияламау мәселесі дауысқа салынды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Ж.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария сиезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бұл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. ІІ сиездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған.

скачать работу


 Другие рефераты
Учение школы физиократов
Зарождение марксизма и его сущность
Особенности религии древних славян
Италия Республикасының Конституциялық құқығы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ