Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ

ке ұрыну – сол ұлттың болашағына зиянын тигізбек. Осыған орай тағы бір мәселені айта кеткіміз келеді. Кез-келген ұлттық мәселелерге қатысты жұмыстарды жүзеге асыру екі бөліктен тұрады: біріншісі – өзекті мәселелерді жұртқа түсіндіру, бұл жөнінде түрлі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу; екіншісі – сол мәселелерді шешуге қажетті іс-шараларды білек сыбана кірісіп тікелей жүзеге асыру. Бізде осы екі мәселенің біріншісі ерекше дамыған. Бұл, әсіресе, тілге қатысты жұмыстардан айқын көрінеді. Мысалы, тілдің бүгіні мен болашағы туралы түрлі басқосулар мен мәжілістерде көсіле сөйлеп, түрлі ұсыныс білдіріп, ауызша жанашырлық танытушылар өте мол. Баспасөз бетінде, радио мен теледидардан неше-түрлі жақсы ұсыныстар айтып, белсенділік көрсетушілер де аз емес. Ал бірақ, осы ұсынастар мен мақсат-міндеттерді күш біріктіріп, уақыт бөліп қолмен атқаруға қызу кірісуге ынталы азаматтар өте сирек.
Баяғы тоқсаныншы жылдардың басында барлық ауыл, аудандарда «Қазақ тілі» қоғамдары жаппай құрылып, жұрттың бәрі қазақ мектептерін ашуға белсене атсалысқан еді. Тіпті Алматы сияқты қалаларда жаңадан ашылатын мектептерге үй жағалап, үгіт-насихат жүргізіп, бала жинаған кездер де болған. Қазір осы белсенділік ұмыт болуға айналды. Оның есесіне жұрттың бәрінің қызыл сөзбен ақыл айтып, жөн көрсетуі жаппай етек алған. Ана тіліміздің қазіргі жағдайын, оның ең өзекті проблемаларын зерттеу де жетіспейді. Сондықтан да қазақ халқының қазіргі ұлттық жағдайын, проблемалары мен болашақтағы даму мүмкіндіктерін зерттеп, талдап, сараптап отыратын бір орталық өте қажет. Мысалы, біз Қазақстанның қандай ауылдары мен аудан орталықтарында қазақ мектептері жоқ екенін күнделікті біліп отыруымыз өте қажет. Ал бізде қазақ мектептері жоқ елді мекендер әлі де жетіп артылады. Осыдан екі-үш жыл бұрын мен «Егемен Қазақстанға» «Қазақ мектебі жоқ ауыл» дейтін мақала жаздым. Осы Ақмола облысына қарайтын Есіл ауданының бір ауылында түгелге жуық қазақтар отырып, әлі күнге балаларын өз ана тілінде оқытатын мектеп ашпаған. Тіпті ашайын деген ойлары да жоқ. Біз бір ауылда жиырма-отыз орыс отбасы болса да орыс мектептерін ашып беріп отырмыз. Ендеше жиырма-отыз қазақ отбасы болса да ол жерде қазақ мектебі міндетті түрде ашылу керек. Ол мәселені сол жердегі қазақтардың санасына жеткізіп, талап етуіміз қажет.
Осы Ақмола облысында Сандықтау деген аудан бар. Бұрын аты жартылай орысша болған. Енді сондағы қазақтар ұлттық санамызды ояттық деп ауданның атын Сандықтау деп өзгерткен. Бірақ ауданның атын қазақшалағанмен, аудан орталығында әлі күнге қазақ мектебі жоқ. Ал сонда ауданның атын қазақшалағаннан не пайда?! Бұл жөнінде аудан басшылары не ойлайды?! Аудандық оқу бөлімінің жетекшілері не үшін айлық алады?!. Аудандағы ұлт жанды азаматтар қайда қарап жүр?!.
Мұндай мысалдарды Қазақстанның түкпір-түкпірінен ондап, жүздеп табуға болады. Ендігі жерде біздің тіл жөніндегі ең басты жұмысымыздың бір саласы осындай мәселелерді зерттеуге, оны жолға қою үшін нақты іс-шараларды қолға алуға арналуы керек. Бұл ретте Тіл комитеті мен жергілікті Тіл басқармалары бірлесіп нақты жұмыстарды қолға алғандары жөн. Олар өздеріне қарасты территорияның қай елді мекендерінде қазақ мектептері жоқ екендерін тайға таңба басқандай анықтап, тіпті оның картасын да жасап, содан кейін оның себептерін зерттеп, ол мәселелерді шешудің нақты жоспар-бағдарламасын дайындап шынайы жанашырлықпен іске кіріскендері жөн.
Тілді дамытуға бөлінген қаржының белгілі бір бөлігі осындай талдау, зерттеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалуы тиіс. Сондай-ақ тіл мәселесін жоғарыдан бастауды да қолға алғанымыз жөн. Біз осы уақытқа дейін тіл үйретуді, қазақтың салт-дәстүріне бейімдеуді балабақша мен мектептен, яғни төменнен бастадық. Бұл үрдіс өте жақсы нәтиже берді. Қазір біздің жастарымыздың басым бөлігі – қазақтың тілін, дінін, мәдениетін бойларына сіңіре бастады. Ал енді тіл мәселесін жоғарыдан, яғни үкіметте, түрлі министрліктерде дұрыс жүргізуді қолға алғанымыз жөн. Мемлекеттік мекемелердегі қызмет істейтін қазақтардың саны кемінде тоқсан пайыздан асады. Бірақ сол көп қазақ күнделікті жұмыста, қызмет бабында бір-бірімен орысша сөйлеседі. Неге бұлай?!. Тіпті Елбасы барлық қазақ бір-бірімен қазақша сөйлессін деп атап айтса да бұл мәселе алға жылжыр емес. Біз осы уақытқа дейін Парламентімізді қазақшыландыра алмай отырмыз. Ал Кавказ бен Балтық бойы республикаларының Парламенттері сонау Кеңес одағының өзінде-ақ түгелдей өз тілдерінде сөйлейтін еді. Ал біз жеке, тәуелсіз мемлекет болсақ та он жеті жыл бойы бұл мәселені шеше алмай келе жатырмыз. Біздіңше, осы мәселе нақты қолға алынуы тиіс.
Міне осы айтылған мәселелер ескерілсе, тіл жөнінде шешілмейтін соншама үлкен мәселелер жоқ. Біз бұл мәселелердің болашақта ойдағыдай жүзеге асарына кәміл сенеміз.

Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі
Жүсіпбек Аймауытов

 

12
скачать работу

АЛАШ ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ