Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алаш мұраты - отандық білім мен ғылымды негіздеуші күш

Ел болашағын қазақ зиялыларының бiрi (Сұлтанмахмұт, Қошке, Смағұл, т.б.) – Жапония, ендi бiрi (Мұстафа) – Щвеция бағытында көргiсi келгендiгi – олардың iзгi ниетi едi. Ойланып қарасақ, бұл жай арман ғана емес, иммунитет. Бодандық шеңгелiнде жойылып кетуге қарсылық. 1916-1920 жылдар аралығында барша iзденiстен және шамамен 1929 жылға дейiн  созылатын Алаш қозғалысынан осы қасиеттi байқаймыз.

Большевиктердің 1917-1919 жылдар ішіндегі жеңістері алаш зиялыларының «елді оятамыз» деген әз идеясын быт-шыт қылды. Қазақстан болашағын М.Шоқай – Швециядай, Сұлтанмахмұт пен Смағұл – Жапониядай болады деп елестетіп жүргені бекерге айналып бара жатты.

Күрес тактикасы мен стратегиясын басқаша құру қажет болды. 1919-1920 жылдардан бастап Алаш зиялылары оқу-ағарту, баспасөз саласына топтасты. Алаш қайраткерлерін қадірлеген Тұрар Рысқұлұлының 1920 жылғы конфедерация туралы идеясы «кеңес үкіметіне қазылған ор» деп ұғынылып, большевиктер тарапынан қазақ зиялыларының арасына іріткі салу жұмыстары басталды.

Осындай қиындықтарға қарамай, Алаш зиялылары «сабақты инесәтімен» большевиктік ағарту жұмысын өз ыңғайларына қарай бұра білді. 1920 жылдан мемлекеттік баспа құрылып, А.Байтұрсыновтың ұйтқы болуымен жаңа оқулықтар жазыла бастады. 1922 жылы Мәскеуде ашылған «Күншығыс» баспасының жұмысын да Әлихан мен Нәзір (Төреқұл) ел игілігіне айналдырды.

Газет-журналдардың аты кеңестік болғанымен, заты алаштікі еді. Ұлттық идея халыққа жаңаша формада ұғындырылды.  

1923 жылы Әлихан Бөкейхан Д.Әділұлына жазған хатында: «Кітап жазып, газет-журналға мақала шығарып, алашқа қызмет қылмасақ, басқа жол бөгеулі», - дейді.

Қой терісін жамылған большевизмге қарсы күрес көп векторда дамыды: бірі – Сібірге, бірі – қытай-жапон жағына, енді бірі – басмашылар қозғалысына дейін барды. Самарқан-Ферғана жағына Балқаштан 40 сарбаздың аттануы, Ақмоладан Қалқаман есімді маман (кадрлық) офицердің жол тартуы, Әнуар паша оққағарының бірі қазақ болғаны біраз жайды аңғартса керек.

Ел қамын ойлаған С.Садуақасұлы, Т.Рысқұлұлы, С.Қожанұлы секілді қайраткерлер саясатқа араласты. Бұлардың ұлттық идеяны кеңестік идеямен тоқайластырғысы келген қадамдары большевиктердің сынына ұшыраса да, өз кезеңінде елді тәрбиелеуге үлкен көмегі тиді.

Смағұлдармен қатарлас Қ.Кемеңгерұлы Әлиханға бір ғана мін тағады: «Ол қазақты қалай дамытуға болады деген теориялық еңбек жазбады...».

20-жылдардың соңынан бастап алаш зиялылары қуғындала бастады. 1929 жылдан кейін оларды әрқилы жаламен тұтқындау процесі жүрді. Ал 1937-1938 жылға дейін олардың 99 пайызын атты. Осы арқылы кеңес үкіметі ұлтгық идеяны жойғысы келді. Адамдар санасына жаңа кеңестік идея сіңірілді.

Ал зиялылардың қалған бір пайызымен (Ә.Марғұлан, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев т.б.) халықтың жүрегінде өлмей қалған отаншылдығынан там-тұмдап ұлттық идея құру оңайға түскен жоқ. 90-жылдары бұйырған тәуелсіздік оның тынысын кеңейтті. Біз оны енді жаңа жағдайдың бедеріне өркендетуге, өрістетуге тиіспіз. Бұл іс Алаш атын жиі қолданумен немесе бос кеуде қағумен бітпейді. Әлихан айтқандай, «өз жүгімізді белгілі орынға апарсақ» болғаны.

2007 жыл – Алаштың жылы. Әрине, бұл жылды осылай деп ешкім жариялаған жоқ. Алайда, жоғарыда айтқанымыздай, 1917 жылы Алаш партиясы пайда болды, Алаш үкіметі құрылды. Бұл ұлттық қозғалыста қазақтың мен деген азаматтары елдің ертеңін ойлап қызмет еткені мәлім. 90 жылдан бері қазақты Алаш идеясы толғандырып келеді. Оны даттаған кез де болды, аңсаған кез де болды. Ендігі жаңа қазақ Алаштың жанкүйері ғана емес, нағыз жанашыры екенін дәлелдеуі тиіс. Бұл – оның рухани өсуінің барометрі. Тіпті біздің қоғамда әлі де өткір күйінде қалып отырған мемлекеттік тіл – қазақ руханияты мәселесінің оң шешілуі, жалпы мемлекетшілдік пен елшілдіктің дұрыс қалыптасуы дәл осы Алашқа көзқарасымызға байланысты деп білеміз.

Алаш тағылымы бізден барлық іске кешенді және елдік мүдде тұрғысынан қарауды талап етеді. Осы орайда жаңарған Қазақстанда«Білім мен ғылымның ұлттық (мемлекеттік)  концепциясын» даярлап, қабылдау міндеті тұр.Өкінішке қарай, бізде мұндай концепцияның негізін, алғышартын жасау кейінге қалдырылып келеді. Сірә объективті жағдайлар себеп болса керек. Марқұм экс-министр Ш.Шаяхметовтен бастап білім саласы қайда барарын болжап біле алмады ғой. Қым-қуыт дәуірде қайдан білсін? Енді білім және ғылым саясаты бірыңғайланған сияқты. Сондықтан нені көздейтінімізді, қайда баратынымызды, нені басшылыққа алатынымызды, қандай нәтижеге қол жеткізуді қалайтынымызды бір концепцияға түсіруіміз қажет. Мұны жасауға тәжірибелі, білімді, технологияны білетін күштерді топтастыруымыз керек.

Ғылым саласы туралы ақылдасатын ойласатын сәттер аз емес. Мәселен Ұлттық Ғылым академиясының құлауы заңды еді. Мұнда қызмет еткенбіз, жалпы оның басшылығы, академиктер қауымы 70-жылдардан-ақ ғылымды тежегені мәлім. Тәуелсіздіктен бері ғылымды үйлестіру министрлік қолына өтті. Қазір қоғамда екі тұжырым бар: 1) Академияны қайта қалпына келтіру; 2) Бұрын Академияға қараған ғылыми институтарды ЖОО-ларға қосу. Соңғысын Елбасы айтқандықтан, бастама ойдың негізі  ҚР БҒМ-ға барып тіреледі. Бұл бағытта жүйелі жұмыс болса, бұл тұжырым нәтиже беруі де ғажап емес. Бірақ дәстүр деген нәрсе бар ғой, егер оған жауапсыз қарасақ – елдікке сын. Сол себепті ҚР БҒМ жанынан құқықтық беделі бар, мүшелері жалақы алып отыратын, дәл «Ұлттық Ғылым академиясы» деген атаумен орган құрған орынды деп есептейміз. Оның қазіргі мәртебесіне орай Мемлекет басшылығының атына жиі сын айтылатыны, айтқанда да оны ғылыми беделі өте жоғары адамдар айтатыны белгілі. Әлгі органды құру арқылы посткеңестік кеңістікте еліміз үлкен абырой жинар еді.

Ал университеттегі ғылымға келсек, дәл осы күйінде ЖОО-ға ғылым келе алмайды. Неге? Себебі «Білім туралы» Заңда нарыққа қайшы жерлер көп. Мысалы ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу институттары қаржылық, заңдық тұрғыдан тыпыр ете алмайды. Сондықтан ғылым дамымайды. Қызық, Қазақстанда бұл жағынан тәуір бір ғана ЖОО бар. Ол – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Олар 90-жылдары «автономды» кезінде ҒЗИ-ларын тәуелсіздеу етіп заңмен бекітіп алды.

Осы ретте тағы бір пікір: ЖОО-да ғылым дамуы үшін, әлем тәжірибесіндегідей, профессордың 100 пайыз еңбек жүктемесінің 70 пайызы – ғылыми жұмыстар, 20 пайызы – сабақ беру, ал 10 пайызы ұйымдастыру шаралары болуы тиіс. Біз бұл бағытта ештеңе істеген жоқпыз. Бүгінгі Қазақстандағы нақты шындық: 70/20/10 жүйесін бір нәрсе қылып қолдан жасап алғандар ғана ғылым жасайды немесе «той тойлап» жүреді (мысалы, қайсыбір кафедра меңгерушілері).

Ғылыми жобалардың нәтижесі туралы да біраз нәрсе пысықталғаны дұрыс. Айналамыздағы ғалымдарды байқаймыз ғой, бір жобамен 4-5 жерден ақша тауып жүргендер бар. Біздіңше, бұл тарапта сараптау механизмі өте әлсіз. Біз мақтап жүрген нақты жаратылыстану ғылымдарының жобалары немен қорытындыланып жатқаны белгісіз (кітап па, монография ма, өндірістегі жаңалық па?). Бірақ қайран мемлекеттің қаржысын алуын алып жатыр.

Конференциялар туралыойласқан да артық болмас. Не көп? Конференция көп! Аты дардай, заты жоқ конференциялар. Бір өзбек, бір қырғыз ғалымы қатысса – халықаралық конференция. 2 мың төлесең, қайдан көшірсең одан көшір, конференция жинағына енесің. Үлкендер өстіп жатқанда, студенттер қайтсін? Студенттер конференциясындағы сапасы анықталмаған баяндамалардың саны 600-ге жететін болды. Ғылыми журналдардың («Хабаршы», «Хабарлары») сапасын тексеру де күн тәртібінде тұр. Әр ғылым саласынан бір-бір беделді, принципшіл ғылыми журнал жасақтап, соған шыққандар ғана ғылыми атақ-дәреже алуға мүмкіндік алса, көп ұтар едік.

Жоғары мектептің автономдығы туралы да мәселе қоғамда талқыға түсуге лайықты деп есептейміз. Дамыған елдердің бәрінде ЖОО автономды. Біз «халықаралық стандарт» деп жүргеннің баршасы шартты. Шет елде әр ЖОО-ның өз дәстүрі, тәжірибесі, тарихы бар. Түптің-түбі біз де соған барамыз. Ендеше біз осы абыройлы істі министрлік бастап жіберуін қалар едік. Қазіргі ЖОО-да анахронизм аз емес: бағдар – әлемдік озық 50 елдің қатары, іс-әрекет – баяғыдай. Экономиканы күрт өзгерту үшін не істесек, ЖОО-ны өзгерту үшін де сондай шешімді істерге бару қажет. Базисті өзгертпей нәтижеге жету мүмкін бе?

Қазір «кредиттік технологияға өттік» деп жатырмыз. Қазақстан мұны тәуекел деп бастап кетті. Бірақ оны толық орнықтыратын базисіміз әлі де әлсіз. ЖОО-лар шамалы компьютерленген. Оның өзара байланыс жүйесі жоққа тән. Әр пән бойынша ЖОО-ның оқу құралы, оқу базасы сын көтермейді. Мұны былай шешуге болар еді: ертең республикадағы ЖОО-лардың саны мен сапасын анықтап алғаннан кейін, ҚР Үкіметі мен Парламентіне дәлелдеп, Қазақстан жоғары мектебін жаппай комьпютерлендіру, интернетке қосу т.б. технологиялық-қаржылық жобаны қабылдатқызу қажет. Бұл – бір. Екінші, 70/20/10 жүйесін бірте-бірте ендіре отырып, ЖОО-ның өзіндік оқу құралдарын даярлауына еркін жол ашқан жөн. Бұл үшін бастапқы кезде әр ЖОО-ның баспасын жаңа технологиямен қамтамасыз етуді Үкімет өз мойнына алса, іс нәтиже бермек.

Шет елде оқу және «Болашақ» бағдарламасы туралы да ойлассақ. Бұл – мемлекет басшылығының назарынды тұрған үлкен шара. Тарихымыздағы Т.Рысқұловтар бастаған осы істі біз елдік және қауіпсіздік тұрғысынан байыптамай түсуіміз қажет сияқты. Жалпы баланың санасы қатаймаған кезде шетке жіберуге болмайды. Ілуде біреу болмаса, 17-18 жасар балалардың ішінде мәселеге сын көзбен қарап, талдау жасайтындары кездеспейді. Біздің қазіргі жағдайымыз көп байқауды талап етеді. Сондықтан шет елге 25-30 жастан жіберуді ұсынамыз (бакалаврдан соң). Әлеуметтік зерттеулер көрсетіп отырғандай, бүгінгі жастардың үйлену жасы  әлемдегідей

123
скачать работу

Алаш мұраты - отандық білім мен ғылымды негіздеуші күш

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ