Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алаш партиясының мұраты — отандық білім мен ғылымды негіздеуші күштер

, 70/20/10 жүйесін бірте-бірте ендіре отырып, ЖОО-ның өзіндік оқу құралдарын даярлауына еркін жол ашқан жөн. Бұл үшін бастапқы кезде әр ЖОО-ның баспасын жаңа технологиямен қамтамасыз етуді Үкімет өз мойнына алса, іс нәтиже бермек.

Шет елде оқу және «Болашақ» бағдарламасы туралы да ойлассақ. Бұл – мемлекет басшылығының назарынды тұрған үлкен шара. Тарихымыздағы Т.Рысқұловтар бастаған осы істі біз елдік және қауіпсіздік тұрғысынан байыптамай түсуіміз қажет сияқты. Жалпы баланың санасы қатаймаған кезде шетке жіберуге болмайды. Ілуде біреу болмаса, 17-18 жасар балалардың ішінде мәселеге сын көзбен қарап, талдау жасайтындары кездеспейді. Біздің қазіргі жағдайымыз көп байқауды талап етеді. Сондықтан шет елге 25-30 жастан жіберуді ұсынамыз (бакалаврдан соң). Әлеуметтік зерттеулер көрсетіп отырғандай, бүгінгі жастардың үйлену жасы  әлемдегідей 30-35 жасқа қарай жылжып барады. Сонымен бірге ақыл тоқтатқан, үйленген жас азаматтың шет елге шыққаны бар жағынан да елге пайдалы емес пе?!

ЖОО-дағы мәдениет мәселесі де қоғам назарынан тыс емес. Бір қызығы, біз әлі «тәрбие» деген сөзді жігін ажыратпай келеміз. 18 жастан асқан баланы тәрбиелеуді ЖОО өз мойнына алмағаны дұрыс. Заң тұрғысынан әлемде қашанда солай. Меніңше, ЖОО-дағы «тәрбие» дегеннің көбісін дерлік «мәдениет» деген сөзбен алмастыру қажет. Біздің ЖОО-дағы «тәрбие» сөзі – кеңестен қалған сый. Озған 50 елдің қатарына барамыз деп отырып «университеттегі тәрбие» десек, шет елге қылмыскерлерді, тәрбиесіздерді, жетілмегендерді оқытатын ел болып көрінуіміз ғажап емес. Ал мәдениет ұғымының мағынасы да, тынысы да кең. Ректордың тәрбие жөніндегі проректорын – мәдениет жөніндегі проректор деу қай жағынан да жарасымды.

ЖОО-дағы теология пәні туралы да ақылдасқанымыз жөн. Тәрбиенің де, мемлекетшілдіктің де көкесі – осы теология. Дінтану! Біздегі дінтанудың пән ретінде жүруі де, одан сабақ беріп жүргендер де көңіл көншітпейді. Оңтүстік Кореяға барып өз көзімізбен көрдік және Малайзияның мамандарымен пікір алмасқаннан кейін аңғардық, бұл елдердің университеттеріндегі міндетті пән есебіндегі теология – сол мемлекеттің рухани ұстыны. Біз әлемдегі діндердің тарихын шолып, сипай қамшылап, болашақ елдігімізге зардапты негіз қалап жатырмыз. Меніңше, осы мәселеде Діни басқармамен ақылдасып (халқымыздың 70 пайызы мұсылман), икемді де орайлы тоқтамға келуіміз шарт.

Білім жүйесіндегі әлсіз буынымыз – орта мектеп. Қоғам, соның ішінде ата-ана, мамандар, атқарушы билік мектепке жүрдім-бардым қарап келді. Мысалы, педагогикалық оқу орнын бітірген мамандардың әлсіздері мектепке барады; ауылда жүрген басқа саланың адамы шала-пұла пединститутты сырттай оқиды – қоғам үндемейді. Еті үйреніп кеткен. Әйтпесе «Бәріне министрлік кінәлі!» деген орынсыз сын… Әрине әзірше «барымен базар».

12 жылдық мектеп мәселесінде ескеретін жайт та аз емес. Білім ардагері К.Нәрібаев айтып жүрген білім жүйесінің барлық буынындағы сабақтастықты ескеруіміз қажет. Мысалы тіл, тарих секілді қоғамдық пәндердің белгіленген минимумын жоғары мектепке апармай, 12 жылдықта толық меңгертіп бітуіміз керек. ЖОО-да мемлекеттік тіл қазақ бөлімінің статусына сәйкес дамуы тиіс (айталық, қазақ тіліндегі жаратылыстану т.б.). 12 жылдықтың оқулықтары мен оқу құралдары сала-саласына сәйкес арнайы комиссияларда бірнеше рет талқылануы керек. Комиссиядан ақша аямау қажет және оның төрағасы мен мүшелерінің жауапкершілігін арттыру керек (соңына «жауап беремін» деп қол қою арқылы).

Мұғалімнің беделін көтеру де – жаңарумызға себепші шара. Қазір ұстаздардың жалақысы өте аз. Әлеуметтік жеңілдігі де жоқ. Меніңше, қалалық жердегі мұғалімдерге қоғамдық көлікте тегін жүргізіп, коммуналдық жеңілдіктер алып берген жөн. Ал ауылдық мұғалімдерге мектеп жанында шаруашылық жүргізуге және оның жемісін тең бөлісуге жағдай туғызу қажет (көлік, коммуналдық жеңілдікті қоса есептегенде).

Әр қалада, ауданда, облыста таңдаулы мектеп қалыптастыра алсақ, еліміздің келешегіне елеулі әлеует әкелер едік. Ғылыми есептеуге қарағанда, қоғамның 10 пайызға дейінгі бөлігі жеткілікті дәрежеде өрелі болса, ол қоғамға қауіп аз. Сондықтан әр қала, аудан, облыста бір-бір таңдаулы мектеп қалыптастыруымыз керек. Мұндағы мұғалімнің жалақысы 1,75 болсын. Ұятымызға қарай, соңғы жылдары осындай мектептің рөлін қазақ-түрік лицейлері атқарып келеді. Вице-министрден бастап мектеп директорына дейін балаларын осы лицейге беретін болды. Қаймана ата-ана бұл лицейдің екі артықшылығын көрсетеді: 1) ағылшынша жақсы береді және түрікшеге баулиды; 2) тәртіпке үйретеді. Енді осыны әр қала, аудан, облыста шеше алмаймыз ба?! Басқа-басқа, Астанада 1 таңдаулы қазақ мектебін қалыптастыра алмасақ, елдігімізге сын емес пе? Біздіңше, Астана әкімдігімен келісе отырып таңдаулы мектептің 70 мұғалімі үшін 70 муниципалдық пәтер алып, республикалық байқау жариялау қажет. Осы акция өз нәтижесін береді деп ойлаймыз.

Мектеп мұғалімдері мен оқушыларын шығармашылыққа тарту да – Алаш мирасымен сабақтас іс. Шығармашылықты мектептен бастау қажет. Оны мұғалімдердің өзі бастағаны орынды. Мысалы, көп мектептің тарихы жазылмаған. Осыны гуманитарлық пәндердің мұғалімдері әзірлеп, аудан, қала күшімен кітапша етіп шығарса, мектепке деген сүйіспеншілікті арттырар еді. Сондай-ақ әр мектептің ғылыми және әдістемелік ізденістерін жинақ етіп жариялауға да болады. Ал оқушыларға келсек, компьютер заманында әр мектеп өз газетін, журналын шығаруына болады ғой (99 данаға дейін таралымы бар газет-журнал тіркелмейді). Ресейдің бір елді-мекенінде оқушылар әуесқой видеоаппаратпен «Деревня жаңалықтарын» шығарған жағдайы бар. Сондай-ақ бізде топтап-топтап  әр мектептің өз «Балауса» жинағын (поэзия, проза, драматургия, сын) шығаруға да мүмкіндік бар. Алаш тарихына қарасақ, Уфадағы Ғалия медресесі шәкірттерінің «Садақ» журналын, Омбы шәкірттерінің «Балапан» журналын (екеуі де қлжазба) шығаруы жалпы қазақ әдебиеті мен мәдениетіне үлкен олжа салған жоқ па!

Әр мектептің бір немесе бірнеше қайраткермен, ғалыммен, ақын-жазушымен байланыс орнату қажеттігі де сезіледі. Республика көлемінде осындай акцияны бастауымыз керек. Мұның пайдасы көп. Бұл Елбасының ұсынысын қолдау да болмақ. Әр мектеп жерлесін шақыра ма, жоқ басқаны шақыра ма – өзі біледі. Келу-кету шығынын аудан, облыс көтерсе де, қонақтың өзі көтерсе де – еркі.

«Мектеп кітапханасын байыту» акциясын жасау да – керек шараның бірі. Себебі бүгінгі мектеп кітапханасына көп көмек керек. Үлкен ұлттық компаниялар ауыл мектептеріне «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шыққан кітаптарды тарту етсе, қандай жарасымды! Ақын-жазушылар мен ғалымдар да жаңа шыққан кітабын немесе жеке кітапханасының бір бөлшегін сыйлаудан қашпас. Кезінде Ә.Бөкейхандар Ақмола облысы (Омбы) халық ағарту бөліміне жарты кітапханасын сыйлағанын ескергеніміз жөн-ау.

Қалай дегенде білім жүйесі – қоғам қайнауын, қоғам өресін аңғартатын сала. Сондықтан отандық білім-ғылымның жаңа даму кезеңі елден ойлы, жүйелі және шығармашыл істерді күтеді. Осы ретте Алаш қайраткерлерінің іргелі ізденістері, баянды бастамалары бүгін өз жалғасын табуы тиіс.

 

Партия ұраны десек, бабамыздың «Алаш» ұранынан артық ұранды іздесек таба алмаймыз. Сүйтіп қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою ойлап әуре болмастан ауызға түсіп тұр.

«Қазақ» газетінің «Алаш партиясы» мақаласынан

Дихан Қамзабекұлы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университетінің проректоры,

филология ғылымдарының докторы,

профессор   

123
скачать работу

Алаш партиясының мұраты — отандық білім мен ғылымды негіздеуші күштер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ