Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алаш партиясының саяси-құқықтық идеяларының тарихи маңызы

рмұхамбетов, Керей Тұрымов сайлансын.

3. 7-8 мамыр аралығында Мәскеуде өтуге тиіс жалпы мұсылмандық съезге  …  Торғай облысынан 4 делегат  -  Ораз Татиев, Сейітәзім Қадырбаев, Аққағаз Дощанов және Сұлтанғазы Ысқақов жіберілсін.

4. Құрылтай жиналысының құрамына қазақ халқынан депутаттар сайлануы қажет … съезд Россия мемлекеті … демократиялық, парламенттік және орталықтанбаған республика болуын қалайды.

5.  Шіркеу мемлекеттен бөлінуі қажет…  Торғай облысының қазақтары уақытша Орынбор мүфтилігіне қосылады…  Мешіттер саны халықтың еркіне сай анықталады.

6.  Міндетті түрде бастауыш білім алу керек мектептерде алғашқы үш жылда оқу ана тілінде жүргізіледі … Мекпептерде ұл балалар мен қыздар бірге оқытылады. Мектепте земстволық және мемлекеттік қаражатпен қамтамасыз етіледі.

7.   Бұрын қоныс аудару қорына алынған … жерлер өз иелеріне қайтарылуы қажет … Түркістан өлкесінде жерге орналастыру жұмыстары тоқталуы тиіс  … Қазақтарды  … атақонысынан көшіру тоқтатылсын.

8. Торғай облысында  … земстволық басқару енгізілсін  …

9. Өтпелі кезеңдегі баспасөздің маңыздылығына сәйкес … «Қазақ» газетін шығаруды жиілетіп, халыққа арналған жалпыға түсінікті кітаптарды жариялауды көбейту керек …

12. Қазақ халқы үшін ешқандай пайдасы жоқ әрі зиянды уездік шарулар бастықтарды институтын дереу тарату туралы Уақытша үкіметке өтініш білдірілсін, олардың орнына уездік комиссарлар  жүйесі енгізілсін.

13. Отанды қорғау ісіне қолдан келегн көиектің бәрі жасалсын.

Съезд өз жұмысының соңында 1916 жылы Торғай облысындағы тылдың қара жұмысына адамдар алуда және Торғай облысындағы ұлт-азаттық  көтерілісті басып-жаншуда орын алған заңсыздық пен қатігездікті тексеріп, айыптыларды жазалу үшін ерекше тергеу комиссиясын құруды Уаұытша үкіметтен талап етті.

Келесі кезекте қткен Жетісу облыстық қазақ съезі сәуірдің 12-сі мен 13-і аралығында Верный қаласында болды. Оған облыстық барлық уездерінен 81 делегат қатынасты, олардың үштен екісі  -  54 адам Верный уезінің өкілдері еді. Съездің өзіне тән ерекшелігі  — оның ашылуына облыс әскерлерінің қолбасшысы А. Алексеевтің, вице-губернатордың қызметын атқарушы А. Гусевтің, Верный округтік прокурорының  қызметін атқарушы В. Петровыхтың, қала басшысы Н. Кадкиннің, мұсылман комитетінің төрағасы З. Тазетдиновтың келулері еді. Жоғарыда аталған лауазым иелерінің съездің ашылуына келуі Жетісу облысы соғыс жағдайында өмір сүріп отырғандығын, алжоғарғы үкімет органдары ескі аппараттың қолында екендігін айқындап көрсетуде еді.

Жетісу съезінің делегаттары көп жағдайда Торғай съезі талқылаған мәселелерді қайталады. Оған 17 мәселеден тұратын съездің төменгі күн тәртібі дәлел болды. 1.Соғысқа көзқарас.  2. Уақытша үкіметке кзқарас. 3. Жергілікті және өлкелік өкіметке, сонымен бірге атқару коитеттері мен басқа қоғамдық ұйымдарға көзқарас. 4. Россияны басқарудың келешектегі жоғарғы түрі. 5. Рухани-діни іс. 6. Азық-түлік мәселесі. 7. Жергілікті басқару. 8. Сот. 9. Партиялық араздықты тоқтату шаралары. 10. Білім мен оқу ағарту. 11. Облыстағы жер мәселесі. 12. Су мәселесі. 13. Мал шаруашылығы. 14. Отырықшылыққа көшу. 15. Заттай салық. 16. Қырғыздар мен орыстардың қарым-қатынастарын реттеудің жолдары. 17. Босқындарды Қытайдан қайтару тәсілдері.

Съезд төрағасы болып Жетісуға кеңінен белгілі қоғам қайраткері Ибраим Жайнақов, оның орынбасарлары болып Ғ.Удербаев пен А.Құдайбергенов сайланды. Съездің хатшылық міндеттері Қ.Шегіров пен Н.Жақыпбаевқа жүктелді.

Жетісулықтар рухани-дін мәселесі жөнінде басқаларға ұқсамайтын ерекше шешім қабылдады. Жетңсу қазақ съезі делегаттары, біріншіден, мұсылман дінін православиемен теңестіру үшін Петроградта мұсылмандардың діни басқармасын құру қажет деп тапты; екіншіден, съезд қарарында: « …. далалық Орал, Торғай, Ақмола, Семей және Жетісу облыстарына ортақ  «ерекше діни жиналыс» құрылысын және ол «Қазақстан» деп аталсын», -  делінді. Құжаттан келтірілген үзіндіден көрініп тұрғандай, діни мәселелерге байланысты алынған Жетісу съезі қарарында қазақ жерінен біртұтас территориялық құрылым (қазірше Семей облысы мен Маңғыстаусыз) қалыптастырып, оны мемлекетіміздің қазіргі күнгі аты  Қазақстан деп атауды ұсынған. Сонымен қатар қарада айтылған ұлттық діни басқарма құру идеясы қазақ облыстарын татар және башқұрт мүфтиаттарынан шығарып алу арқылы қазақ халқының рухани-діни  топтасуына мүмкіндіктер туғызуға қызмет етті. Жетісулықтар торғайлықтар сияқты шіркеуді мемлекеттен бөлу үшін дауыс берген жоқ, керісінше оларды одақтас еткісі келді, діннің қоғамда көрнекті орын алуын қолдады.

Күн тәртібінің жетінші тармағы боынша қабылданған қарарында  съезд М.Тынышбаевтың 1905 жылы Россия министрлер кеңесінің төрағасының атына жазған хатында айтылған Жетісу облысын әскери генерал-губернаторлық арқылы билеуді азаматтық билеумен алмастыру туралы пікірін қайталап, оны жақтады. Съезд шешідерінеде басқару жүйесінің барлық деңгейлерінде міндетті түрде екі комиссардан  -  «бір орыс, екішісі мұсылман» тағайындалу қажеттілігі көрсетілді. Бұл шешім Уақытша үкімет пен оның Түркістандық комитетінің Жетісуға облыстық комиссарлар етіп  Мұхаметжан Тынышбаев пен Орест Шкапскийді жібермек болған бағытына дәлме-дәл келді. Басқару жүйесіне байланысты шешімдердің тағыда бір ерекшелігін атап өзтейік: съезд, айтарлықтай дәрежеде билігі шектелген жағдайда, бұрынғы болыстар менауылнайларды қызметтерінде қалдыра тұруға болады деп есептеді.

Болыс басшылары мен ауылнайлар туралы мәселе күн тәртібінің тоғызыншы тармағында қаралды. Рулық тартыс пен қақтығыс , пара беру мен пара алу сияқты келеңсіз құбылыстарды өршіту де, оларды бәсеңдету мен өшіру де көп жағдайды биліктің төменгі буынындағы адамдарға тікелей байланысты, делінді, — съездің  шешімдерінде.
Облыстағы жер мәселесін жан-жақты әрі қызу талқылай келіп, жетісулықтар торғайлықтардан өзгеше шешім қабылдады: «облыс шеттен қоныс аударушылар үшін мүлде жабық деп саналсын. Басқа сөзбен айтқанда облыстық қазақ съезі Жетісу  -  әртүрлі мемлекеттік қорлар үшін жаңа жерлер кесіп алуға тиым салынған өңір деп жариялады.

Съезд күн тәртібінің соңғы мәселесі Қытайға ауып кеткен босқындарды қайтаруға байланысты болды. Осы мәселеге байланысты съезд шешімдері негізінен  Прежевальск уезінің мәліметтеріне негізделді де ішінара Верный мен Жаркент уездеріне қатысы  бар құжаттар ескерілді. Съезд босқындар мәселесін Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінің өз бақылауына алуын сұрады.

1917 жылы сәуірдің 19-22-сі аралығында өткен Орал облыстық қазақ съезіне 800-ден астам делегат қатынасты. Делегаттар саны жағынан сол жылғы көктемде өткен қазақ съездерінің одан асқаны жоқ. Делегаттар арасында, Орал облысының уездерін айтпағанда, барлық болыстардың өкілдері болды. Съезді шақыру жөніндегі ұйымдастыру бюросы ол жұмысын бастаудан көп бұрын Ғұбадолла Әлібеков төрағалақ еткен Уақытша облыстық қазақ комитетін құрған болатын. Съезді кіріспе сөзбен ашып, оның төрағасын, екі орынбасарын және үш хатшысын сайлау жөнінде ұсыныс жасаған осы Ғ.Әлібеков болды. Төрағалыққа  Ж.Досмұхамедов, оның орынбасары болып  Ғ.Жетпісбаев, Х.Ахметшин және Н.Арғыншиев сайланды.

Ғ.Әлібековтың жұмысты күн тәртібіндегі алғашқы үш мәселені: мемлекеттің басқару формасы туралы; Уақытша үкіметке қөзқарас жөнінде; соғысқа қатынас халқындағы мәселелерді талқылаудан бастау жөніндегі ұсынысын съезд қабылдады. Делегаттар монархияны түпкілікті жою қажеттігін мәлімдеп, «демократиялық республика идеясын қолдады», ал «ұлттық-территориялық федерация мәселесін әзірше ашық қалдырды».

12
скачать работу

Алаш партиясының саяси-құқықтық идеяларының тарихи маңызы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ