Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

АЛАШ ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ

бет Қойгелдиев, көрнекті тіл жанашырлары Мұхтар Шаханов пен Смағұл Елубай, Өзбекстандағы алаштанушы ғалым Махамбет Жүсіпов тағы да басқа да танымал қайраткерлер мен қаламгерлер шақырылған болатын. Осы конференция күндері Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры әртістері дайындаған «Алаш ақиқаты» қойылымы Еуразия университетінде, Агротехникалық университетте, Заң академиясында көрсетілген болатын. Аталған жоғары оқу орындарындағы кездесулер, халықаралық конференция, «Алаш ақиқаты» қойылымы қала жастарының ұлттық санасына айрықша әсер етті. Осылардан соң көптеген жастар ұйымдары құрылды. Ендігі жерде жастардың өзі мәселе көтере бастады. Айталық, «Жастар және мемлекеттік тіл» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстелде жастарымыз қатысып отырған депутаттарға тіл мәселесі, ұлттық рух, ұлттық намыс жөнінде өткір сұрақтар мен талаптар қойды. Яғни Алаш тағылымы жастарымыздың ұлттық абыройын ұлықтауға деген сезімін оятты, ойларын өрістетті.
«Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты» тақырыбындағы халықаралық басқосудың негізгі мақсаты – мемлекеттік тілімізді тұғырлы етумен байланысты. Алаш қайраткерлерінің өміршең идеялары, негізгі мұраттары ұлт тәуелсіздігімен байланысты десек, бүгінгі Қазақстанның рухани тәуелсіздігі жөнінде мақсатты шаруалар атқаруға міндеттіміз. Өйткені бізге рух, сана тәуелсіздігін қалыптастыру қажет. Ал олардың негізі – ана тіліміз, мемлекеттік тіліміз. Өйткені тіліміз – руханиятымыздың іргетасы, ұлттық болмысымыздың айнасы, қазақтығымыздың, Алаш ұрпағы екендігіміздің басты белгісі.

Алаш автономиясы – неше миллион Алаш ұранды қазақ-қырғыз халқының ұлы арманы
Хайретдин Болғанбаев

12
скачать работу

АЛАШ ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ