Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алаш тұлғаларының көзқарасындағы үндестік

п пен ауыртпашылықтарға душарласып, оған шыдап‑төзбеуіміздің себебін сұраудың қажеті бар ма? Бұл сауалға бір‑ақ ауыз сөзбен жауап беруге де болады: түрік тектес болуымыз, ерікті адам болып өмір сүруді көксеуіміз». Х.Оралтайдың бұл тырнақалды еңбегі Түркияда қазақ атымен шыққан әрі қазақ жазған тұңғыш кітап болуымен ерекшеленеді.

Хасан Оралтайдың ұлтжанды әрекеттерінің бірі – Ізмірде түрік тілінде «Бүйүк түрікші Мағжан Жұмабайұлы» деген кітапты шығаруы. Бұл кітапты жазудағы себебін автор: «Бұл кітапты әзірлеуіме біздің «түркістаншыл» туыстарымыздың Мағжан Жұмабайұлының «Түркістан екі дүние есігі ғой» деп басталатын әйгілі толғауын көбірек тілге тиек етіп, Мағжанның «Түркістандық ақын» екендігін айтумен шектелетіндігі, оның қазақ екендігі туралы үн шығармайтындығы, сондай‑ақ Түркия түріктерінің түрікшіл тобының маған Мағжанды, оның еңбектерін жұртшылыққа таныту керек деген пікір айтулары», ‑ деп түсіндіреді. Бұл шет елдегі қазақтың санасына ұлттық қозғау салған еңбек болды. «Түрікшілдік белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде танылды. Ресейдің отарлау саясатына қарсы бағытталған азаттық қозғалысты бастаушы ұлт зиялыларының түрікшілдік бағыт ұстауына ұлы түрік рухының өлмегендігі, ғасырлар қойнауынан бері қарай түрік халықтарымен бірге жасасып келе жатқан азаттық философиясының санада сақталғаны негіз болды» [4, 5-8] деген пікірге ден қойсақ, қазақ зиялыларының халқы үшін қаншалықты еңбек сіңіргенін байқаймыз. 

Атамекенінен амалсыз қара үзген ұрпақ өкілі Х.Оралтайдың қоғамдық, қайраткерлік қызметінің бірнеше салада өрбігенін байқаймыз. Соның бірі – өмірінің отызға жуық жылын арнаған «Азаттық» радиосындағы еңбегі. Германияның Мюнхен қаласындағы «Азаттық» радиосы 1953 жылы жұмысын бастайды. Бұл қызметке аса жауапкершілікпен кіріскен Х.Оралтай радио хабарларына кірістірілетін ақпараттардың мазмұн‑мәнін зер сала сараптап, негізді материалдарды беруге мұқият қарайды. Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғанын естігенде, сүйінші хабар дайындап, бұл қуанышты хабарды жеткізу бақытына ие болғанын тебірене жазады. 

Х.Оралтай өз ұлтының тәуелсіздігіне шаттанып, әдебиеті мен тарихының шынайылығының жақтаушысы қатарында, айғақты мәліметтерді толассыз, мақсатты түрде ұйымдастырып отырады. Соның бір дәлелі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына байланысты сараптауы мол, шынайы хабарларды жеткізіп отыруы еді. Осыған байланысты желтоқсан айында әр жылы «Азаттық» радиосының қазақ бөлімі арнайы хабарлар ұйымдастырып, сұхбаттар жүргізуді үрдіс етеді. «Түркістан Мұхтарияты» үкіметінің құрылған күнгі мүшелеріне арнап, М.Тынышбайұлын, М.Шоқайұлын еске алу хабарларын өткізеді. Өз қоғамының даму өресін басқадан бұрын байқап, халқының есесін түгендеп, ұлттық қасиетін тереңдетіп отыру ұлтжанды азаматтарға тән болса, қайраткер Хасен Оралтай сондай белгілі тұлға. 

Қоғам өзгерісін жан-жақты әрі терең таныған зиялы тұлғалар халқының ұлттық санасының оянуына қажетті мәселелерді дұрыс барлап, әрі қарайғы өрлеуіне ықпал етті. Ұлтының тәуелсіздігін көксеп, рухының жоғары болуын қолдаған қайраткерлердің осы арнадағы мұрат‑мақсаттары да, көзқарастары  да үндес еді.

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

 

1. Смағұлова С. Ұлттық интеллигенция және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе. Автореферат. Алматы,1999.

2. Бөкейхан Ә. Таңдамалы. Алматы, 1995.

3. Шоқай М. Таңдамалы. Бірінші том. Алматы, 1998. 

4. Шілдебаев С. ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқай // Жас Түркістан,1999. №2-3.                                       

 

 

 

 

         Біздің ана тіліміз – жазба тарихының өзі мың жарым жылдан асатын, көрікті де көсем, оралымды әрі өткір, ықшам әрі серпімді, қуатты және айрықша бай тіл.

Мұхтар Мағауин

12
скачать работу

Алаш тұлғаларының көзқарасындағы үндестік

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ