Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алаштың Астанасы және ұлттық идея

ң мемлекеттік қызметтегі тағдырының ең ауыр, ең қиын  кезеңі.

Жас мемлекеттің шаңырағын шайқалтпау үшін күндіз-түні тынбаған саяси-интеллектуалдық күрес пен жанталас, дүниенің төрт бұрышында жинақталған тәжірибені зерделеген ізденіс Елбасын үш ұлы пайым-тұжырымға және нақты қадамдарға әкелді. Оның екеуі 1994 жылдың, біреуі 1995 жылдың еншісінде. 1994 жылдың наурызында М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған дәрісі арқылы көрегендікке толы ұсыныс – Еуразиялық одақ идеясын паш етті, шілдеде Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіруге түпкілікті шешім қабылданды. Ал 1995 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы бүкілхалықтық референдуммен мақұлданып, ел тағдырына жауапкершілік жүгін Н.Назарбаев толық өз мойнына алды. Мемлекетті басқарудың президенттік формасы дүниеге келді. Осы жылғы 31 желтоқсанда жаңа жылдық құттықтауында Президент Н.Назарбаев былай деген еді: «Бүгінгідей күрделі жағдайға тап болып отырған жалғыз біз емес. Бізге дейін де көптеген елдер мақсаттарына жету үшін не бір қиын-қыстау кезеңдерді, тар жол, тайғақ кешулерді бастарынан өткізген. Қайсы бір ел болмасын, осы жолдармен өтуге тиіс».

Ақиқатына жүгінсек, сын сағатында ел өзі сенген Ерді төбесіне көтерген, ал нағыз кемел Ер қашанда елді өрге сүйреген ғой.

Сонымен, тәуелсіздікті жариялаумен Елбасын және  елді баурап алған ұлттық идея формуласы ресми танылмаса да әрбір атқан таңмен, нақты іс-шарамен мақсат-міндетін жүзеге асырып жатты. Еуразиялық одақ идеясы жойқын ядролық қару-жарағымен, ұлтаралық қақтығыс-соқтығыстарымен, дау-шарымен әлемді алаңдатып отырған посткеңестік кеңістікте татулығы жарасқан, береке-бірлікке шақырушы ел – Қазақстан бар екенін, оның лидері Н.Назарбаев ұлттық және өңірлік мүдделерді жалпыадамзаттық қажеттілікпен үйлестіруге жол тапқанын айшықтаса, жаңа астананы айқындау азаттықтың алғашқы ұлы жеңісі болатын. Ал тәуелсіз республикамыздың екінші Конституциясы реформа адымдарын шапшаңдатып, халық пен Елбасымыздың жасампаздықпен көсіле қимылдауына құқықтық негіз қалады. Ұлттық идеяның реализмі мен пәрменділігі ұлы Абайдың 150 жылдығын, М.Әуезовтің 100 жылдығын ЮНЕСКО деңгейінде ұлықтаумен, «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасын қабылдаумен және дәйектелді. 1997 жылғы қыста ұлы көштің Жетісудан Сарыарқаға бет түзеуі тәуелсіздіктің елең-алаңында дүниеге келген ұлттық идея салтанаты шеруін екінші кезеңге, астаналық кезеңге бастаған сәт еді.

Елдің астанасын ауыстырудың тағылымы мен нәтижесі, сана болмысына, өмір салтына, демографияға, элита тағдырына әсері терең зерттеулерді талап ететіні баршаға аян. Солардың ішінен ең маңыздысын айрықша атап өткен абзал. Ол – Астананы ауыстырумен қазақтың мемлекет құраушы ұлтқа айналуға, мемлекеттілігін қалыптастыруға шешуші қадам басқаны. Мемлекет пен мемлекеттілік ұғым-түсініктерінің ортақтастығы да, айырмашылығы да бар. Мемлекет дегеніміз – нақты аумақтағы саяси-құқықтық жүйе, оны халқы да, әлемдік қауымдастық та мойындайды. Ал мемлекеттің жоғарғы даму сатысы – мемлекеттілік. Оған қалыптасқан экономиканың, заңнама жүйесінің, басқару аппаратының, өз Қарулы Күштерінің, мемлекеттік шекарасының, дипломатиясынын т.б. болуы тән.  Бүгінгі ұлттық идеяның тоқетер мәні нақты тарихи кезеңде мемлекет құраушы ұлт алдында тұрған басты мақсат пен өзекті міндеттердің жиынтық формуласы дегенге саятынын ескерсек, алматылық кезеңдегі қазақ әлі мемлекет құраушы ұлтқа айнала қоймаған, мемлекеттілігі де қалыптаспаған еді. Бірақ үрдіс басталған-тын. Астаналық кезеңде ол түпкілікті шешімін тапты. Ендеше өтпелі кезеңдегі ұлттық идеяны бірінші кезекте мемлекет құраушы және мемлекеттілік биігіне көтерілу ұстанымынан таразылағанда қазақ мұраты, арманы деп айдарлауға толық негіз бар.

Біріншіден, қазақтар тарихи Отанында отыр. Осында төлтума шаруашылық-мәдени құндылықтарын қалыптастырды, ХV ғасырдың екінші жартысында төл мемлекетінің шаңырағын көтерді, отарлық қыспақта да, тоталитарлық тозақта да елін, жерін тастай кеткен емес. Қазақтан басқа ұлттар мен халықтар ХVІ ғасырдан беріде ғана, біразы Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға қоныс аударып, тағдырдың жазуымен мұнда екінші Отанын тапқандар. Бүгінде әрқайсы, тіпті бәрі қосылып мемлекет құраушы ұлтқа айналмайтынын ұққандықтан бұлардың арман-мұраты қазақ арман-мұратымен тұтасып, тамырланып кеткені күмән туғызбайтын ақиқат. Өзін қазақ мұратынан тыс қоятындардың болашағы бұлыңғыр. Олар келешекте не тарихи Отанына қоныс аударады, не ойы бөлек, сөзі бөлек, ісі бөлек нағыз жармаққа айналады.

Екіншіден, қазақтар көпұлтты ортада тату-тәтті өмір сүрудің сан ғасырлық мектебінен өткен этнос. Тағдыры мен мемлекеттік билігі жат қолына қараған, ұлттық мүддесі империялық, таптық, партиялық өктемдік бүктеуінде қалған патшалық құрылыс тұсында да, кеңестік жылдарда да ешкімді бөтенсінбей, бауырына тарта алды. Таспен атқанды аспен атты. Ал тәуелсіздік тізгінін қолға алғаннан бері аз халықтарға көрсетіп отырған қамқорлығы айдай әлемге мәлім. Елбасының бастамасымен дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамблеясының Конституциялық мәртебеге ие болуының өзі неге тұрады. Халқымыздың дос көбейтпек қасиетін ендігі ниеті дұрыс қазақстандық халықтар әбден түсінді. Ұлттық идеяның Бірлік сегменті азаматтық, отаншылдық тұтастықты қалыптастыруға, ұлттық қауіпсіздікті бекемдеуге бағышталған, оның астарында мәдени-тілдік бірізділікке қол жеткізу есебі жоқ.

Үшіншіден, тәуелсіздік тұсында миллионға жуық отандастарымыздың елге оралуы мен орыс, неміс отбасыларының Ресей мен Германияға үдере қоныс аударуынан Қазақстан халқының басым бөлігін – үштен екісін қазақтар құрап отыр, яғни демографиялық фактор да ұлттық идеяның қазақ мұратымен айқындалуын қамтамасыз етуде. Мемлекеттің нысаналы-мақсатты саясаты мен  басшылығынсыз демографиялық азшылықтағы халық тарихи Отанында отырса да көпшілік ықпалына түсетінін, ұлттық идеясы  жасампаздық мазмұннан гөрі жойылып кетпеу мұратын көздейтінін тың игеруден кейінгі «коммунистік құрылыс»  пен «кемелденген социализм» Қазақстанда қапысыз дәлелдеді. Қазақ менталитеті мен тарихына ежелден етене гуманизм басқалардың  қасіретті тағдырды қайталауына ендігі жерде жол бермейді. Бізге керегі өзге этникалық-рухани құндылықтардың жұтылып кеткені емес, Қазақ елі мен азаттықтың бірегей тірегіне айналғаны. Жаһандану заманында мұның ғибраттық әлеуеті өте зор.

Астананы ұлттық идея ұйытқысына айналдырған жағдаяттар мен тетіктер сан қырлы, солардың санатында қоғамдық пікірдегі түбегейлі өзгеріс тұр. Ең бастысы – соңғы 10 жылдан бері Қазақстанның ішкі-сыртқы  саясаты мен өмірін анықтайтын өркенді шешімдер Астанада қабылдануда. Сол шешімдердің жүзеге асуы да Астанадан қадағалануда, уақыт талабына сай толықтырылуда, жаңаларымен жалғасуда. Сарыарқаның қақ төрінде сан тарапты билігіне көркі сай әсем шаһар бой көтерді. Нәтижесінде жаңа Елорданың болашағына, қысқа мерзімде осыншама ілгерілеу мүмкіндігіне күдіктенген қоғамдық пікір толық жеңіліс тапты. Бүгін еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін Астанаға мақтанышпен қарайды, оны елдігіміздің, мемлекеттігіміздің айбарындай қабылдайды. Тоталитарлық-идеологиялық өктемдік тұсында жатқа телмірген жадағай қаланың қазақтары «Менің елім, менің жерім, менің тілім» деуден қалса, тіпті Алматыны Қазақстанның астанасы ретінде ұлықтау оңайға соқпаса, тап қазір Еуразияның сайын даласында мемлекеттік және ұлттық сәйкестіктің ұштасқанына бәріміз куәміз. Мұнсыз, ұлттық мақтанышсыз ұлттық идея түзілмейтінін ұғынған жан Елордамыз ұлттық идеяның саяси-ұйымдастырушылық және имандық-отансүйгіштік ұйытқысы болғанын да бекерлей алмайды.

Келесі уәж. Екінші Конституция қабылданған соң «алдымен экономика, одан кейін саясат» ұстанымы аясында жүзеге асқан реформалар Елордамыздың Астанаға көшуімен өз нәтижесін берді. Астана – нақты істер алаңы. «Нарық», «реформа», «модернизация», «жаһандану» деген сөздерді ойлы кейіппен күніне мың рет айтқанмен мұнда жаңа ғимараттар, сарайлар, үйлер, жолдар өздігінен салына қалмайды. Қолмен де, баспен де жұмыс істеуге тура келді. Астана барша қазақстандықтарды еңбекке жұмылдырды, тәртіпке салды, кімнің кім екенін көрсетті. Ішкі жиынтық өнімнің 9-10 пайызға артып отыруы Астанадан басталды, ол өз кезегінде ұлттық идеяның экономикалық іргетасын  қалады.

Бүгінгі ұлттық идеяға нәр берген Астана демографиясы қазақыланды. Он жыл ішінде Елорда тұрғындары үш есе ұлғайған екен, қазақтардың үлесі 60 %-ға көтерілді, жаңа тұрғындар негізінен кәсіби білімі бар оқыған қазақтар екені де рас. Бұлар кешегі алматылықтар, қазағы қалың шымкент-тараздықтар, торғай-жезқазғандықтар. Астананың қоныс аударуымен басталған республикаішілік миграция солтүстік өңірге, тіліне, жарнамасына, ономастикасына, оқу орындарына ұлттық шырай беруде, ұлттық идеяның әлеуметтік-интеллектуалдық әлеуетін нығайтуда.

Жаһандану заманында ұлттық идеяның қарымы елішілік ауқыммен шектелмеуге тиіс. Оған артылар халықаралық миссия үлкен маңызға ие. Таяу-алыс шетелдер еліміздің ұлттық мұратына қарап, Қазақстанға қатысты саясатын түзетіні сөзсіз. Ол сыртта жүрген отандастарымыздың тағдырын анықтайтын факторлардың бір де болса бірегейі екенін естен шығаруға болмайды. Елбасымыздың 1991-1995 жылдары Семей атом сынақ айлағын жабуы, ядролық қару-жарақтан бас тартуы, Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық бастамасы, Еуразия доктринасы Қазақстанды әлемге танытты. Одан беріде әлемдік және дәстүрлі дін басшыларының екі сиезін өткізген, Испания королінен Рим папасына дейін мәртебелі қонақтарды қарсы алған, інжу-маржандай Ақ Орда мен Бәйтеректі көтерген, «Бейбітшілік қаласы» атанған, «Мәдени мұра», «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламаларын ұсынған Астана қазақ елінің ұлттық идеясын – азаттық пен бірлікті жаһандық құндылы

123
скачать работу

Алаштың Астанасы және ұлттық идея

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ