Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әлем әдебиетіндегі сентиментализм

азған туындысының құндылығы осында. Бұлардың барлығы да сентиментализмнің ережелеріне саяды. Сондықтан да орыс әдебиетіндегі сентиментализм ағымына үлкен үлес қосқан көркенті қаламгерлердің бірі болып Н.М.Карамзин табылады.
Осындай әдеби ағымның тағы бір өкіліне жатқызуға болатын адам қазақтың сал-серілерінің бірі-Ақан сері Қорамсаұлы. Ақан да, Біржан, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ сынды қазақ арасынан шыққан ақын, сері жігіт. Оның тамыры өз халқының ғасырлар бойы жасаған жан тебірентер жүрекке жылы ән -өлең, жыр-толғауларында. Өз халқымен қарым-қатынасы мол халықтар өнерінің шырын-шәрбәтін татып, тамсанып қана қоймай, оның нәрлі дәмін өз лирикасы бойына етене сіңірді. Биік те алғыр романтикаға ұласқан ғашықтыққа құштар сезімі орасан, жүрек тебірентер, жан жадыратар, өміршең лириканы дүниеге әкелді. Оның шығармалары- жастыққа, қарекетке толы өміршең, асқақ туындылар. Ақанның лирикалары-өмірге, болашаққа құштар жастың жан сезіміне, жүрек сеніміне суарылған асыл жырлар. «Біздің көңіл қайда жатыр», «Ішінде орта жүздің жүрмін шарлап», «Майда қоңыр», «Айкөк», «Сырымбет» тағы басқа өлең-әндерінің пафосы өте тамаша. Мұқалу, қажу дегеннің ізі де жоқ. Керісініше өмірге құштар, өжеттілік пен жігерліктің символы дерлік асқақ. Шалқар көлдің жадыраңқы бейнесін танытарлықтай аспан әлемаінде шарықтайды. Халық бойындағы қайраттың көрінісін сездіргендей өктем де өршіл.
Өзінің «Әйелдер сипаты» өлеңінде әйелдердің қасіретін, қайға-мұңын термелей келе, ең жақсы деген әйел жұртына назар аударады, әйелдерді сыйлауға, бағалауға үндейді.
Кім мінер ел көшкенде тауып атын,
Адам көп танитұғын әйел затын.
Дүниенің тұрақтайтын тұрағы екен,
Гүл жүзді, сырлы сөзді жақсы қатын.

Әйелді сыйлау керек ескеріп біз,
Оларға айту керек орынды сөз
Жақсы әйелге көз салып бір қарасаң...
Шығып кете жаздайды бойыңнан жан

-деп әйел затының қасиеттерін тізіп көрсетеді. Ақан өз өлеңдерінде жігіттің он үш түрін сараптап бір шықса, қазақтың бес түрлі әйеліне мінездеме беріп, олардың іскер, ілтипатты, ақ жарқын ақылдарын ардақтап, салдыр-салақ, ұрысқақ-тырысқақ, сар ауыз, жөн-жосықты білмейтіндерін «жаман қатын» деп даттап шығады. Ақан серінің озық пікірлері тек жастар өмірін, не әйелдер еркіндігін жырлаудан көрініп қоймайды. Ақынның басқа шығармалары да оның ашық ойлы саналы талант иесі екеніне куә бола алады. Оның дүниеге көзқарасы өзі жасаған дәуір санасы тұрғысы шеңберінде туып қалыптасты, кейін жетіле келе оның ілгері сатысына көтерілді, озық ойлы, адал жанды азамат ақын дәрежесіне жетті. Ол қоғам өмірі туралы терең толғанып, езілген елмен бірге күңіренеді. Өзінің «Заманға қарап», «Халқым сенген», «Асыл мен жасық» тағы басқа өлеңдерінің әлеуметтік мәні зор. Аталған туындыларда ақынның саяси -әлеуметтік қоғамдық көзқарасы прогресшіл, ең алдымен, адамгершіл екені анық байқалады. Оқу-өнер, білім мен жастар еркіндігін, махаббат азаттығын көксеген ақынның басқаша болуы мүмкін емес. Әр тұста елі, халқымен бірге заман зардабын бірге тартты. Азаттықтың тура жолын іздеп жарғақ құлағы тыным таппады.

Болғанда мұндай күйде заманамыз,
Жай жатып сахарада қамаламыз.
Болы, би ет пен майға мәз болуда,
Қайткенде тура жолды таба аламыз...

Ел тізгінін ұстағандарды ақын осылайша дәл түсініп, әділет табу үшін бұлардан еш қайыр болмасына көзі жетеді. Ақынның «Нұртазаға», «Шоғырмаққа», «Парашыл оязной», «Бір болысқа» тағы басқа өлеңдері қазақ арасындағы болыстық билікті сынауға арналады.
Ақан серінің ғашықтық лирикаларының бір тобы белгілі адамдарға арналады. Аттары аталып, түстері түстелетін өзінің ғашықтары: Ақтоты, Ұрқия, Жамал тағы өзгелері. Бұл саладағы ақын шығармалары бастан өткен қасіретті жайларды, сәтсіз армандарды асқақтата әнге қосса, «Нұрила», «Балқадиша», «Мақпал қыз», «Ақшабақ» тағы басқа аттас сұлулармен жай тілдесіп, олардың бас қайғыларына ортақтасады.
Сұлуға деген ақын көңілі мөлдір. Оған салса махаббатқа ешбір кедергі, тежеу болуға тиіс емес. Ақан туындылары жастардың махаббат еркіндігін ту етіп аспанға көтеренін асқақ арманның ойы мен күні. Бас бостандығы жоқ қазақ қыздарының көз жасына суарылған мұңы мен мүддесінің қайнары. Екі жастың сезімін табиғи жырлайды.

Қарағым құшақтасам құмарланып,
Қосылға қос ғашықтай жұбайланып.
Жан тынып ішімдегі жалын шықса,
Аузымнан ақ сағымдай мұнарланып...

Ми -тамыр, ақыл-ойдан арман қалмай,
Мастансам қызуыңа тым алданып.
Көтеріп гүл-бәйшешек көңіл күліп,
Семірсе нәпис мұрат бір жалданып...

Әрине бұл жолдарға қарап Ақанды қыз қуып, тән құмарлығын ғана қызықтаған жетесіздердің бірі деп ешкім ойламайды. Ол өмірдің өзіне қызығып, құмартудың белгісі. Ақанның махаббат мәселесіндегі кредосы-өзіне барлық жағынан тең, ойы-бойы қатар, шын жүрегінен берілген, сертке берік адал жармен айырылмас ғұмыр кешу. Көрінген көріктіге көз тастап, жеңілтектік мінез көрсетуге қарсы. Дегенмен Ақан сұлулықты көре де, бағалайда білетін жігіт.
Жалпы Ақан серілікке, махаббатқа өмір қызығы деп қарап, әдеміліктің мәңгілік әсерінардақтайды. Ақының әндері мен өлеңдері – халқымыздың баға жетпес мұрасы. Оның есімі-мәңгі жастықтың символы. Лирикалық шығармалары-әдемілік пен махаббаттың асыл өрнектері, поэтик образдың сарқылмас көзі. Ақанның бойын билеп, жүрегінен жарып шыққан әндері мен өлеңдері нағыз сентиментализм. ХІХ ғасырдағы қазақ даласында лириканың тамаша үлгісін көрсетіп, сыр сезімнің, мөлдір махаббаттың, жан дүниенің ішкі сырын ашып берген сал-серілер поэзиясы бүгінгі күнде көркем әдебиеттің төрінен орын алғаны анық. Сонымен ойымызды түйіндей кететін болсақ, сонау ХҮІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырларда дүниеге келген, Еуропа әдебиетінде кең етек жайған сентиментализм ағымы біздің қазақ әдебиетінде де оның ішінде сал-серілер шығармаларында да кездескенін айтқан жөн. Ал оырс әдебиетінде сентиментализм ағымына қалам тербеген жазушылар ішінде Карамзинге қатар келер адамдар аз. Дегенмен де Радищев, Фонвизиндерді де аталмыш ағымға өзіндік үлес қосқан жазушылар қатарына қосқан абзал.
Бұл аталған барлық жазушылар болсан, ақындар болсан, сал-серілер болсын түгелінің түпкі ойы бір. Ол адамның ішкі сезімін, жүрек үнін, жан дүниесін ашып көрсету. Тебіреніс пен сезімге толы, қуаныш пен мұңға толы туындыны жарыққа шығару. Осы жолда қазақтың сал-серілерінің жоғарыда айтып өткендей тер төккені рас. Біржан мен Ақанның, Жаяу Мұса мен Балуна Шолақтың лирикаға толы ән-өлеңдерінің маңыздылығы мен көркемдігі Карамзиннің немесе Стерннің шығармаларынан бірде-бір кем емес. Бұлардың бәрі де өз дәуірі туғызған тамаша туындылар. Сентиментализм әдебиетінің үлгі тұтарлық шығармалары.

12
скачать работу

Әлем әдебиетіндегі сентиментализм

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ