Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әлемдік қаржы дағдарысы

ң соңы шексіздік белгісімен берілуінің өзі қарапайым халықтың психикасына қатты әсер етуде. Бұл өз кезегіне көпшілік арасында «паника» тудыруы мүмкін. Ал ол тиісінше ортақ бір жаумен күресу кезінде ең қажетті дүние — ауызбіршілікке ірткі салатыны анық. Әлемдік экономикалық дағдарыс АҚШ-ғы ипотекалық несиелердің қайтарылмауына байланысты пайда болды. Жаһандану заманында бұл дағдарыс әлем түпкір-түпкіріндегі экономикаларға әсері қандай десек, Экономикалық даму және әріптестік ұйымының (ОЭРС) зерттеулерінің нәтижелері бойынша, дағдарыс барлық жерде ЖҰӨ төмендеуіне алып келді, яғни 2009 ж Жапония, АҚШ және көптеген еуропалық мемлекеттерде ЖҰӨ 2008 ж салыстырғанда әлде қайда төмен болады. Әсіресе экономикалық өсімнің баяулауы АҚШ-та қатты байқалатындығын атап өтті. Ұйым 2008 ж АҚШ ЖҰӨ өсімін 1.4% болжаса, 2009 ж 0.9% төмендейтінін және 2010 ж 1.6% өсетінін ескертеді. Елдегі жұмыссыздар саны 2008 ж 5.7% -дан 7.3% , 2009 ж 7.5% өскен, ал импорт көлемі өткен жылдың қыркүйегінде рекордты 5.6% — 211.9 млрд долл жеткен. Экспорт көлемі болса 6% төмендеген , бұл дегенің 2001 ж кейінгі максималды төмендеу болды -155.4млрд долл. Тағы бір статистикалық мәліметтерге көз салсақ, АҚШ-ғы жұмыссыздық көлемі өткен жылдың қазанында соңғы 14 жыл көрсеткіші бойынша ең жоғарғы 6.5% көрсеткішіне жетті. Ал еуроаймақта ЖҰӨ көлемі осы жылы 0.6% төмендеуі мүмкін , сол себепті ОЭРС Еуропалық орталық банкті 2009 ж ортасына қарай негізгі пайыздық өлшемді 3.25% дан 2.00% төмендетуді ұсынуда. Тауарларға бағаның төмендеуі және өндірістің құлдырауы 2009 ж Еуроаймақта 1.5% құрауы, мүмкін инфляция көлемін азайтады. Бұл аймақта да жұмыссыздар көлемі артуда. 2008 ж 7,4% құраса, 2009 ж 8,6%, 2010 ж 9,0% көрсеткішке жетеді деп болжайды ұйым. Іскерлік сферасының негізгі бес құрамдас бөліктерінің нашарлауы, атап өтсек, сортақ тапсырыс көлемінің бағалануы, дайын өнім қорлары, өндірістің қазіргі жағдайын бағалау, жуық айлардағы өндірістен өнімдерін күту және экспорттық тапсырыстар. Осы көрсеткіштердің күрт төмендеуі өндіріс саласындағы өсімнің азаюына әкелуі әбден мүмкін. Бүгінгі күні көптеген халықаралық немесе мемлекеттік зерттеу мекемелері, жеке экономисттер әлемдік дағдарысты жан-жақты қарастырып, түрлі болжамдар жасауда. Жақында АҚШ-ң Ұлттық экономисттер ассоцияциясының елуден астам мамандардың арасында жүргізілген сауалнаманың нәтижесі жарық көрді. Ол бойынша, әлемдік қаржылық дағдарыс жуық арада біте қоймайды, ал оның келтірген шығындарының орнын мемлекеттер бірнеше жылдар бойы толтырмақ.

12
скачать работу

Әлемдік қаржы дағдарысы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ