Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әлемнің тілдік көрінісінің тіл мәдениетіндегі бейнесі

лдің тазалығымен әуезділігіне бет бұрған кезең деп тануымыз тиіс.
Бұл мәселені көтергенде кірме сөздердің енуі мен олардың қазақ тіліне төселуін, бейімделуін айтпай кетуге болмайды. Жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ тіліне енген орыс сөздері ауызекі сөйлеу тілінің ықпалымен тез төселіп бейімделіп кетті. Мәселен жәрмеңке, жанарал, майыр, кереует, бөкебай, насыбай, самауыр т.б. сөздер бір ғасыр шамасында қазақ тіліне әбден сіңісіп кетті. Қазақ тілінің шұбарлануы жазба әдеби тілінің қалыптасуымен ілесе келді. Ең алдымен графикаға байланысты сөздерді дұрыс жазу мәселесі көтерілді. Орыс сөздерін былай қойғанда латын және орыс графикасы қазақ сөздерінің әуезділігі мен табиғилығын дұрыс бере алмады, осыған байланысты әр жылдары тілшілер тарапынан бірнеше түзетулер мен өзгертулер болды. Бұларды бір ізге түсіру үшін 1934 жылы терминкомдар құрылды. Оларға кірме терминдерде неғұрлым дәл баламалар табу жүктелген еді. Алайда жылдар өте келе терминком өзінің алғашқы міндетін атқаруды ұмытты. Енді бұл мәселемен БАҚ құралдары еркін айналысып, бір терминнің бірнеше атауларының қалыптасуына алып келді. Сондай-ақ қазақ тілінде терминнен басқа да осы күнге дейін бірнеше фонетикалық нұсқада қатар қолданылып, бірізге түспеген дублет сөздер бар. Мысалы, күнбағыс – пісте – шекілдеуік – шемішке, суағаш – мойынағаш - иінағаш, сақпаншы – сақманшы, диірмен – тиірмен, кесе – кәсе т.б. көптеген сөздер. Бұл қазақ сөздерінің проблемасы болса, орыс тілінен және орыс тілі арқылы енген кірме сөздердің дұрыс берілуі мен олардың қазақ мәтінінде бейімделуі мәселесі көтеріліп отыр. Бұл тек соңғы бес жылдың барысында қазақ тілінің орыс тілінің дәнекерінсіз-ақ шетел тілдеріне тікелей шығу мүмкіндігіне ие мамандардың пайда бола бастауымен байланысты көтерілді. Орыс тілі арқылы енген көптеген шетел сөздері түпнұсқа тілде мүлдем басқа естіліп, басқа жазылатынына көзіміз жетіп отыр. Қазақ тілі сонау 30-40 жылдары қалыптасып қалған орыс және орыстілі арқылы енген шетел сөздері орысша қалай жазылса қазақша да солай жазылсын деген кереғар пікірдің салдарынан тазалығына нұқсан келген. Мәселен Уашиңтоң сөзі қазақ мәтінінде Вашингтон, Бейжің Пекин, Ханс Ганс, Самсоң Самсунг, Тосиба Тошиба болып беріліп жүр. Бұл сөздер қазақша дыбыстармен берілген болса тұпнұсқаға әлде қайда жақын болатынын сәйкес. Сол сияқты қазақтың төл дыбыстары: ң, і, ә, ө, ұ, ү, ғ, дыбыстары шетел сөздерінің осындай дыбыстарына дыбыстарына субституция болады.
Қорыта келгенде, қазақ тілінің мәдениеті мен тазалығы көптеген факторларға тәуелді екенін мойындауымыз қажет. Қазақ тілінің сауаттылығы, оның әуезділігімен табиғилығы үндіевропа тілдерінің кеселінен ұзақ жылдар бұзылып келді. Бұған тек орыс не латын графикасы ғана ықпал еткен жоқ, табиғаты жағынан бір-біріне қабыспайтын үндіеврпа тіліне алтай тілдері жүйесінің өкілі болып табылатын қазақ тілінің грамматикасы, сөзжасамы, фонетикасы, жасанды түрде телінгендігінде болып отыр. Яғни лингвистиканың заңдылықтары қазақ тіліне көп жағдайда сарапталынбай, табиғаты ескерілмей пайдаланылғандығынан туындаған.
Қазіргі таңда қазақ тілі оқытушыларының алдына қазақ тілінің табиғатын, тарихын терең тану, оның өзге де ғылым салаларымен ұштасуынан пайда болған пәндерін терең меңгеру міндеті жүктерінуі тиіс.

Пайдаланылған әдебиеттер;

1.Р.Сыздықова. Қазақ әдеби тілінің тарихы. Алматы, 1993
2. С.Мырзабек. Қазақ тілініңайтылым сөздігі. Алматы, 2001
3.Ш.Сарыбаев. Қазақ тіл білімі мәселелері. Алматы, 2000
4.С.Аманжолов. Тіл және жазу. Өскемен, 2006

12
скачать работу

Әлемнің тілдік көрінісінің тіл мәдениетіндегі бейнесі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ