Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әлеуметтану білімінің тарихи қажеттілігі

циация, өзінің табиғаты жағынан психи¬калық болып табылатын барлық шынайы әлеуметтік фактылар деген сөз. Бірақ әлеуметтік ықпалдастық пен өзара ұмтылыстар халықтың физикалық топтасуына қаншалық тәуелді болса, индивидтердегі психикалық өмір ми мен жүйке жасушаларының физикалық құрылысына соншалық байланысты болады. Сондықтан әр нәрсенің табиғатына сәйкес «қоғам» деген сөз сондай-ақ қандай да бір ортақ мақсат ушін біріккен немесе уйымдасқан, аралас-құраластықта және ынтымастықта өмір суретін индивидтердің жиналысын білдіреді. Ақыр соңында, осынау нақты идеялардан біз бірккен индивидтерді бірге байланыстыратын одақ, ұйым, сыртқы қатынастар жиынтығы ретінде ортақтың туралы абстрактты уғымды шығарамыз.
Осынау идеяларды әрқилы тоғыстыра отырып, біздің «қо¬ғам» деген уғымымыз едәуір курделі екенін ыңғарамыз. Алайда, ол біз ассоциацияның уақытша және тұрақты пошымдарының арасындағы; қысқа мерзімді одақ пен берік ұйым арасындағы, еркін келісім мен өкіметке міндетті мойынсуну арасындағы, жасанды түрде қуралған одақтар мен ішінде ассоциациялардың туынды құбылыстары болып жататын та¬биғи түрде қалыптасқан қауымдар, тайпалар және ұлттар арасындағы айырмашылықты ескермесек, жартыкеш болып Қала берер еді.
«Жаратылыстық» және «саяси» қоғамдар арасындағы айырмашылықты саясаттану ғылымы ушін маңызы зор. Бентамың «Fragment on Government» атты еңбегінде біз табатын осынау пошымдардың анықтамалары өз тұрғысынан мінсіз. «Кісілердің біршама саны (оларды біз бодандар деп атай аламыз) бір кісіге немесе әйгілі де белгілі бір тектегі кісілердің жиынына (біз оларды билеуші немесе билеушілер деп атай аламыз) бағынатын кезде, бірге алынған (бодандар мен билеушілер) олар саяси қоғам ахуалында тур деуге болады. «Кісілердің біршама саны жоғарыда айтылған мойынсұнушылыксыз-ақ аралас-қуралас болса, олар туралы олар жара¬тылыстық қоғам ахуалында тұр деуге болады». Алайда бұл айырмашылық, Бентамның өзі көрсеткендей, тек дәрежесінде ғана. «Бұл екі қоғамды жарықпен және тунекпен салыстыруға болады: бұл атаулар туындататын идеялар қаншалықты әрқилы болғанымен, сол заттардьң өзінде олардың арасын бөліп турған ешқандай белгілі бір шекара жок». Ерте ме, кеш не қарапайым аралас-қураластықтың өзі басқару мен мойынсұну пошымдарын өз бойынан өсіріп шығарады. Ассоциация біртіндеп және елеусіз ғана белгілі бір және берік қатынастарға ұласады. Өз кезегінде ұйым әлеу¬меттік топқа бұрынғыдан да беріктік және анықтық береді; психикалық өмір және оның табиғи тұғыры бірге дамиды.
Осылайша, біздің қоғам жөніндегі идеямыз кең де күрделі табиғи құбылыс идеясына, ғажайып, керемет те ғаламат ғарыштық ұғым фактысына айналады. Енді 6із тек тар мағы-насында ғана «коғам» сөзінің жай агрегат немесе қандай да бір мақсат үшін біріккен индивидтердің жай жиыны деп санауға болатынын көріп отырмын. Неғұрлым кең де ғылыми тұрғыда және неғұрлым маңызды мағынасында қоғам деп саналы тіршілік иелерінің табиғи дамитын тобын түсіну керек. Онда агрегат уақыт өте келе күрделі де берік ұйымға айналатын белгілі 6ір қатынастарға кошеді.
Осылайша түсінілетін қоғамды дәл білуіміз біздің ең соңғы жетістіктеріміздің санатына жатады. Табиғатта, өмір құпиясының өзін қоспасақ, қоғамнан басқа ештеңе адам қиялын соншалық қызықтырған емес, және сол қиял өмірдің өзінен басқа ештеңемен соншалық еркін айналысқан емес. Қоғамның суреттелуі мен философиясына ену үшін ешқандай бейне соншалық фантастикалық, ешқандай пайым — сон¬шалық мистикалық, ешқандай ой — соншалык қисынсыз бол-мағанды.
9 бет

Спенсер өзінің «Синтетикалық философиясында» жасағанын еске салу аса қажет бола қоймас. Осынау ұлы туындыда әлеуметтану принциптері психология мен биология принциптерінің шығарылған болатын. Әлеуметтік даму органикадан жоғары тұрған эволюция ретінде қарастырылады. Ол адам өмірінің барлық органикалық және психикалық құбылыстары ең ауқымды пошымдарда шым-шытырақ, бірақ дұрыс байланысқан про-цестерден тұрады. Спенсерде қоғам уғымы Конттікінен неғұрлым айқынырақ. Спенсердің пікірі бойынша, қоғам Гоббс
«Левифанындағы» жай ғана фантастикалық ұқсастыру түріндегі организм емес, нақты болмыста бар, тек инсанияттық кана емес, физиологиялық турғыдағы организм, өйткені қо-ғамның құрылысында жекелеген кісілерден сол кісілердің топтары мен ұйымдарына берілетін еңбек бөлінісі байқалады. Онда өнеркәсіп топтарынан тұратын қоректендіруші жүйе; сауда операцияларынан тұратын бөліну жуйе; саяси жэне діни қызметтен тұратын реттеуші жүйе бар. Спенсер адамзаттың этикалық прогресі мен бақыты қоғамның осынау кызметтік ұйымдасуына тәуелді екенін көрсетуге көп күш жұмсайды, бірақ ол Платонның еңбегін әлеуметтік бөлінісінен этикалық өмірдің тұғыры мен шынайы тұрпатын тапкан, сөйтіп қоғамды адамның кісілік жетілінуінің құралы деп уғынуға жол ашқан ойын, біз қалай алатын дәрежеде, әрі қарай соншалық толық дамытпайды.
Спенсер бұл тұрғыдан оншалық қанағаттандыра қоймаса да, оның әлеуметтік ұйымды бүкіләлемдік физикалық процеспен біріктірудегі толық айқыидылығы жөнінде біз қояр кінә мардымсыз. Спенсердің әлеуметтік доктриналарына өз үкімдерін шығарған жазушылардың көпшілігі оның байламдары шығарылған принциптерге көңіл аудармады. Олар оның әлеуметтанушылык жуйесін әлеуметтанушылық атауы бар кітаптарынан іздеді, ал шындығында оның әлеуметтанушылық ойларының негізгі теоремалары «First Principles» деп аталатын еңбегінің бүкіл екінші бөлігінде шашырап жатыр және бұл ойларды бір жерге жинақтау ушін оқырманның біраз тер төгуіне тура келеді. Жинап алынған бұл теоремалар қозғалыстың кұші, бағыты мен ырғағы, тұрақтылығы материяның кірігуі мен пошымнын жіктелуі заңдары арқылы әлеуметтік өзгерістердің түсудірілуіне қызмет етеді олардың барлығы бірігіп Спенсердің бүкіл әлемдік эволюция туралы жақсы таныс формуласын құрайды. Материалдық дүние мен тірі организм сияқты қоғам да кірігу мен жіктелуге бейім. Ол ұйымдаспаған ахуалдың біртекттілігі мен бұлдырлығынан ұйымдасқан ахуалдың көп тектілігі мен айқындығына көшеді. Осынау барлық өзгерістердің түпуі себебі — қуаттың бүкіләлемділік тепетеңдігі. Конт таза риторикалық мәнінде «әлеуметтік статика» терминін әлеуметтік реттіліктің атауы ретінде, ал «әлеуметтік динамика» терминін прогресс атауы ретінде қолданды. Неғұрлым ғылыми негізден айнымайтын Спенсер неғұрлым дәл физикалық уғымдарды ұстанады. Әлеуметтік статика оның ойынша, әлеу¬меттік күштерді тепетеңдік калпында зерттеу. Нақты болмыста, қоғам мен оның ортасының арасындағы қуат тепе-теңдігінің салдары болып табылатын өзгерістер салдарынан мінсіз тепе-теңкке ешқашан қол жеткен емес. Алайда, нақ¬ты болмыста статикалық және кинетикалық ұмтылыстар өзінен-өзі теңеседі және соньң нәтижесі Күн жүйесіндегі немесе тірі тәндегі сияқты, қоғамдағы орнықсыз тепе-теңдік болып табылады.

Қорытынды:

Әлеуметтік ырықта да, физикалық эволюцияны да, оларды ғылыми татуластыру негізінде біріктіруге саналы талпыныспен бірге мойындауды біз тек жүйелі әлеуметтанудан ғана табамыз.
Конт философиясында мүлдем шынжау объективті тәнсір кейінгі ойшыларда шапшаң дамып кеткені секілді, сорымызға қарай, соншалық дәрежеде болмаса да, субъективті тәпсірлер де дәлсолай дамыды. Контғылымы білімі бар мемлекет қайраткерлер қоғамды қайта құрып, оның прогресіне жетекшілік ете алады деп топшылады. Спенсер фи-лософиясында бұл пікір ішінара теріс ыңғай алды. Мемлекеттік қайраткер өз өнерімен қоғамды жақсарта алмайды, есесіне оны шексіз құлдырата алады. Лестер Уолд шығармаларында(Dinamic Sosiology, Psychis Factors of Civilization) бұл пікір қайтадан оң ыңғайда көріне бастайды. Ол өзінің тағдырын қалай болса солай өзгерте алды. Ол теологиялық жағынан прогресшіл бола алды. Натуралисттік ойлау жүйесі салтын ұстанатын, бірақ өздерінің шығармаларында социализм талаптарынының мұқият зерттелуін берген Лименфильдтің (Gedanken uber eine Sozialwissenshaft der Zukunft) А. Шефленнің(Ban und Leben des sozialen Korpers) және профессор Гильом де Грифтің (Introduction a la sociologie) аса көрнекті туындыларында біз әлеуметтік философия саласындағы идеализм мен натурализмнің тарихи қарым-қатынасының егжей-тегжейлі шолуы мен физикалық және ырыстық құбылыстардың бірдейлігін дәлелдеудің тамаша әрекетін көреміз, оларды Фулье «Күштер идеясы»(La Psychologie des idees forses6 L Evolutionisme des idees forses) эволюциясының фазасы қарастырады.
Осынау ауқымды еңбектерді неғурлым зейінді зерттеу, алайда, бізге олардың қоғамды ырық процесі арқылы түсіндіру, олардың физика арқылы түсіндірілуіндегідей ғылыми дәлдікпен талдап әзірленбегендігін көрсетеді. Шынында да, ең көрнекті әлеуметтанушылардың кейбіреулері устанатын әдісте олардың ғылымына орынсыз кінәларды төндірген маңызды кателік жатыр.
Осының барлығына сәйкес әлеуметтанушылар алдында үш міндет пайда болады. Біріншіден, ол қарапайым агрегация мен бірігуді анықтайтын талаптарды ашуға тырысуға тиіс. Екіншіден, ол әлеуметтік таңдауды басқаратын заңды, яғни субъективті процесс заңын ашуға тырысуға тиіс. Үшіншіден, ол сондай-ақ жаратылыстық сұрыптауды және таңдауын басқаратын заңды, яғни объективті процесс ашуға тырысуға тиіс.

1. Антикалық философия (2 том) – Қ. Ә. Әбішев, Т. Ы. Әбжанов (Алматы 2005)
Бұл том ежелгі грек данышпандары Фалес, Гераклит,
Парменид, Демокрит, Платон еңбектерінен түзілген.
1.Философия тарихы
I.Фалес II.Гераклит III.Парменид IV.Демокрит V.Платон
— философия тарихы — антикалық философия -
философиялық мектептер — грек философиясы -
саяси-әлеуметтік философия — философиялық ілімдер

2. Аристотель философиясы 3-том.Қ. Ә. Әбішев, Т. Ы. Әбжанов ауд.: Қ. Ә. Әбішев, А.Сағиқызы, Т. Рысқалиев, Ә. Қодар, М. Сәбит.(Алматы 2005)
Бұл томда Аристотельдің «Метафизика» деп аталатын
негізгі еңбегіне кіретін 12 кітабы,

123
скачать работу

Әлеуметтану білімінің тарихи қажеттілігі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ