Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алфавит - рухани бірлік негізі

ан көрмей, не ге бар пәлені алфавитке (әріпке) аударуымыз керек. Реті келгенде айта кеткен жөн көне түркі алфавиті солдан оңға, оңнан солға, жоғарыдан төмен, төменнен жоғары төрт бағытта бірдей жазуға қолайлы алфавит. Бұл аса сирек кездесетін артықшылық. Әсіресе, компьютерлік операцияларды жүзеге асыруда теңдессіз қасиетке ие.
Қазақстан қазір Орта Азия аймағында жетекші орындағы ел, оның үстіне Орталық Азия елдерінің саяси одағын құруға бастамашы болып отыр. Ғылыми жақтан да түркологияның орталығы болуға мүмкіндігі бар ел. Бұл бастамашылық біздің мүмкіндігізбен салыстырғанда әлі де жетілдіре түсуді қажет етері анық.
Біз берісі қазақ халқының, арысы тұтас түркі жұртының болашағы үшін басқалардан артық жауапкершілікті арқалауға тиіспіз. Себебі, біздің рухани потенциалымыз басқа түркі жұрттарына қарағанда әлдеқайда артық. Тіл байлығы жағынан біз бәрінің де алдындамыз. Мысалға туыстық атауға келсек түріктер шожық, шожығым шожығы дегеннен ары бара алмайды. Ұйғыр, өзбектерде бала неуере, пәй неуере арғы жағы бұлдыр. Қазақта «ата, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, жүрежат, туажат» «жаутанысам» болып кете береді. Оның үстіне тіл тазалығы жағынан да қазақ тілі алдыңғы орында. Көне түркі тілінің тазалығын сақтап қалған жалғыз тіл – қазақ тілі. Түрік тілінде ағылшын тілінің элементі басым болса, ұйғыр, өзбек тілдерінде араб, парсы сөздерінің ара салмағы жоғары. Оның үстіне түрік тіліндегі ағылшын сөздері бүтіндей түрік тіліне сіңіп кеткен. Ол сөздерді қабылдаған кезде де түрік тілінің ерекшеліктеріне бейімдеп қабылдаған. Ұйғыр, өзбек тілдеріндегі араб, парсы сөздері де осындай. Ол сөздердің басқа ұлттың сөзі екені ажыратылмай кеткен. Ал, қазақ тіліне келсек, біздің лексикамыздағы араб, парсы сөздері аз. Ал, орыс тілінен кірген сөздер біздің тіліміздің ерекшелігіне сәйкес өзгерістерге түспеген. Орыс тілінің өз ерекшелігі бойынша қабылданған. Бұл арада біздің шет тілдерден сөз қабылдаудағы кемшілігіміз болып аталып келген, басқа халықтардың сөздерін әуелгі болмысын өзгертпей, өз тіліміздің заңдылығына бейімдемей қабылдай салатын, өзіміз сол сөздің табиғатына бейімделіп кететін ерекшелігіміз біздің тіліміздегі шет тілдерден кірген сөздерді оңай ажыратып алуға мүмкіндік беретін артықшылық тетік болып отыр.
Экономикалық жақтан да Түркиядан басқа ешбір түркі текті мемлекет Қазақстанмен теңдесе алмайды. Біздің табиғаи байлықтарымыз, географиялық жағдайымыз басқалар орындай алмайтын талаптарды орындауға мүмкіндік береді.
Қазіргі дүниелік ағымға қарағанда түркі халықтарының жеке-жеке мемлекет бола тұра рухани тұтастыққа жетуі саяси жақтан да аса маңызды. Н.Назарбаевтың Орта Азия одағын құру идеасы да осындай қажеттіліктің талабы екені даусыз. Ал, түркі халықтарының басын саясат арқылы біріктіре алмайтынымыз анық. Экономикалық мүдделер ұлттардың одақтасуына түрткі болғанмен, біртұтастыққа жеткізетін жол бола алмайды. Таза тіл мәселесі де бұл проблеманың түйінін шеше алмайды. Өйткені, әр халық өз тілін сүйеді, өз тілін сақтап қалғысы келеді. Ал оларға ортақ тіл жасап беру ешкімнің де қолынан келмейді. Түрік халықтарының басын біріктіру деген сөз олардың басын қосып жаңа ұлт жасау емес, қайта түркі тектес халықтардың рухани тұтастығына қол жеткізу. Түркі тектес халықтардың тағдырының ортақ екеніне әр түркі тектес азаматтардың көзін жеткізу. Бұл рухани тұтастыққа жетудің жалғыз жолы – ортақ алфавиттің болуы. Ол ортақ алфавит сөзсіз көне түркі алфавиті негізінде жасалуы керек. Сонда бұл алфавитке түркі халықтарының бәрі де құрмет ететін болады. Ал онан ары түркі халықтарына ортақ ту, әнұран болса, рухани тұтастықты одан әрі бекемдей түсетіні анық.

Қазақы дәстүрлерді берік ұстану, шариғат шарттарына адалдық, әлемдік ақсүйектік әдептерді жете меңгеру, достық, қарызға беріктік, ең бастысы ұлт мүддесі үшін бәрін құрбан ету сияқты асыл қасиеттерді Алаш қайраткерлерінің баршасының бойынан табуға болады.
Рымғали Нұрғали

12
скачать работу

Алфавит - рухани бірлік негізі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ