Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алғашқы қазақ мұнайшылары және ағайынды нобельдер

көшті. 1851 жылы «Нобель және балалары» фирмасы сол жарылғыштың патентін Ресейге сатылған қаражаттан құрады. Оның баласы Людвиг 1862 жылы Қазанда механикалық зауыт ашып, өндіріс пен ғылымды қатар ұштастырды. Ол бауыры Робертті 1873 жылы Кавказға жіберіп, Каспий жағалауындағы мұнайды барлап, Бакуден кішкене жер, шағын мұнай өңдеу зауытын сатып алады. Содан 1879 жылы «Ағайынды Нобельдердің мұнай өндірісі серіктестігінің» құрылтайшылары қатарына енді. Серіктестік акционерлік қоғамға айналғанда оларға көмекке інілері атақты Альфред келді. Жарылғыш заттар жасаумен атағы шыққан Альфред 1867 жылы динамит жасап, оны құрылысқа қолдануды енгізді. 1878 жылы қоғамға құрылтайшы болып, мұнай құбыры арқылы үздіксіз мұнай тасымалдау тәсілін тауып, 1880 жылы Бакуден Қара теңіз порттарына құбыр жүргізуді ұсынды. Ол 1896 жылы 10 желтоқсанда қайтыс боларында артына өзі жиған-тергенінің белгілі бір пайызын адам баласының пайдасы үшін ғылымға бағыттауды кейінгі ұрпағына өсиеттеген. Оның өсиетін швед королі қабылдамай, күшін жоюға әрекет жасағаны­мен, немере інісі Эммануил өсиетті бұзбай 1897 жылы оның бар жинаған 2 млн. фунт-стерлингін Нобель қорына аударды. Қор Нобель сыйлығының қаржылық негізіне айналды. Кейін әкесі Людвиг қайтыс болған соң Нобельдер құрған компания басшылығына Эммануил отырды. Ол кейін орыс азаматтығын қабылдап, мұнай өндірісіне шындап ден қойды.

Жайық-Жем аралығындағы жаңалықтардан хабардар Э.Л. Нобель 1911 жылы алдымен «Ағайынды Нобельдердің» кеңсесін Гурьев қаласында ашты. Мұндағы өзгерістерді сезген соң осы жылы Санкт-Петербургте Орал өңірінде, Кавказда мұнай іздестіру үшін және табылған мұнайды сату мақсатында «Ембі» акционерлік қоғамын құрды. Қоғам үкіметтік шешіммен 1912 жылы 10 сәуірде бекітілді. Оның құрылтайшылары Э.Л.Нобель, стат кеңесшісі Т.В. Белозерский және И.И.Стахеев еді. Гурьев қаласында қоғамның кеңсесі ашылды (ҚРОМА 681-қ., 1-т., 13-іс). 1912 жылы 12 мамырда Санкт-Петербургте қоғам акционерлерінің алғашқы жиналысы болып, өз жұмысын бастады. Міне, осы күнді Нобельдердің заңды түрде Қазақстан мұнайына келуі деуімізге әбден болады. Нобельдер қаражаты «Ағайынды Нобельдер серіктестігі» мен «Ембі» қоғамында шоғыр­ланды. Олардың біріншісі дербес акционерлік серіктестік ретінде тіркелсе, екіншісі орыс серіктестігіне мүше болды. 1914 жылы Жайық-Жем ауданында Нобельдермен қатар «Колхида», «Ембі-Каспий» қоғамдары мұнай іздеу, өндіру­мен шұғылданды. Қоғамдар ішінен 1912-1914 жылдар аралығында осы өңірде өндірілген 14.101.169 пұт мұнайдың 37%-ы Нобельдерге, ал 63%-ы «Жайық-Каспий» қоғамына тиесілі еді. Бұл бәсекелестік кейін де жалғасты. Қазан төңкерісіне дейін ең көп мұнай өндірілген 1914 жылы (272,2 мың т.) Нобельдер өз үлесін 39,4 %-ға жеткізді. Нобельдер өз жұмысында үнемі барлау және бұрғылап мұнай іздестіру істеріне назар аударды. Соның әсерімен олардың игерген скважиналардың саны 43-ке жетті. Сөйтіп, Нобельдер Қазақстандағы мұнайлы кен орындарын игерудегі екінші ірі компания деңгейіне көтерілді. Яғни Нобельдердің ақыл-ойы мен іскерлігінің тарихта қалдырған ізі бүгінгі Нобель сыйлығы екенін мо­йындасақ, адамзат үшін жұмсалып жатқан мол қаражатқа 1912 жылдан кейін қазақ мұнайы да өз үлесін қосты деп сенімді түрде айта аламыз. Сонымен бірге Нобельдер және өзге де шетелдік компаниялар қаражаты мен тәжірибесі мұнайлы Қазақстанды сол заманда әлемдік нарыққа шығарып қана қоймай, өндіріске өз уақытындағы алдыңғы қатарлы технологияны енгізіп, қазақтардан мұнайшы мамандарды дайындауға оң септігін тигізді. Алда ыждағатты еңбек пен оқып-үйрену, талмас талап пен қажырлы ұмтылыстар жатты.

Мұхтар ӘБІЛСЕЙІТ, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Орал.

12
скачать работу

Алғашқы қазақ мұнайшылары және ағайынды нобельдер

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ