Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Әлкей Марғұлан

ұхаммед Хайдар туысы жағынан Ұлы жүз Дулат руынан болады, оның арғы аталары Орта Азия өлкесінде жасаған саяси жұртшылық ісіне қатысып, тарихтан белгілі орын алған атақты билер. Халық аузында осы күнге дейін айтылатын атақты Майқы би, не кейін шыққан Ұлы жүз үйсін Төле би, бәрі бір ұлыстан тарап, халық мұңының ойлауымен аты шыққан кемеңгер адамдар болған», -дейді. /5/ Ал кітаптың қазақ тарихын зерттеуге байланысты маңызы жөнінде: «бұл қазақ тарихы туралы жазылған бірінші кітап... жүз жыл ішінде (1450-1540) болған уақиғаны сурететйді. Шағатай ұлысымен Алтын Орданың қалай азып-тозғанын, ол екеуінен тарап шыққан қазақ халқының саяси тіршілігін баяндайды», - деген негізді тұжырым жасайды.
Жалпы Ә.Марғұлан бұл мақаласында Мұхаммед Хайдаридің жеке тұлғасымен оның аталмыш еңбегіне қысқаша мазмұндама беріп, маңызды жақтарына тоқталып, олар жөнінде оқырманды хабардар ету мақсатын ұстаған.
Ә.Мағұланның М.Х.Дулати мырза еңбегіне аса зор көңіл аударуы тектен-тек еместігін, өйткені, «Тарихи-рашидиде» ортағасырлық қазақ қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін жол ашатын фактілік материалдар мен тұжырымдар мол. Солардың бір-екеуіне ғана тоқталып өтейік.
Мәселен, Мұхаммед Хайдар Дулати мырза өз еңбегінде «қазақ» немесе «қазақылық» деген ұғымдарды бір емес, бірнеше рет пайдаланады. Алғаш рет ол бұл сөзді Уайысхан өмірінің бастапқы кезеңіне арналған бір кітаптың 29 тарауында Уайыстың өз ағасы Ширмұхаммед Хаинның «қазақы салт-дәстүрді ұстағанына қарсы болғандығын» айтады. Екінші рет сұлтан Сайд ханға арналған 67 тарауда ханның Мансұр ханнан жеңіліс тапқан соң «Моғолстанда қазақы, жүріс-тұрысқа» деген ұғымға ол 2 кітаптың 33-тарауында түсінік беріп өтеді. Одан аңғарылатыны біріншіден, «қазақ» аталған жұрттың әуелде Әбілхайыр ұлысынан жарыла көшкендігі және екіншіден, біраз мезгіл дербес мемлекетті құра алмай, өз бетінше емін-еркін көшіп-қонып жүріп қалғандығы. Сонымен бірге Мұхаммед Хайдар мырзаның айтуына қарағанда, «қазақы өмір салтының» сол тарихи кезеңдегі өзбек және моңғол елдеріндегі өмір салтынан өзгешелігі бар...
Жоғарыда айтылғандай қазақ тарихына байланысты Ә.Марғұлан зор көңіл аударған еңбектердің бірі Қыдырғали Қасымұлының «Тарих-и Оразмұхаммед» атты еңбегі. Бұл еңбекті де дерек көзі ретінде Қазақстанда арнайы талдауға алынуы Ә.Марғұлан есімімен байланысты «күміс сандық құпиясы» /6/ атты мақаласында ғалым Ресей кітап қорларына түскен Оразмұхаммед сұлтанның кітапханасы жөнінде жазып, жалпы қолжазба мәдениетінің ортағасырлық қазақ қоғамына да тән болғандығына тоқталады.
«Мұндағы ең қадірлі нәрсе,-деп көрсетеді Ә.Марғұлан, - сол кездегі мәдениетке үлгі болған Сыр бойындағы қалаларға көп тараған тарих, әдебиет, шежіре туралы айтылатын кітаптардың өте сирек түрлерін жиып алуы. Сырдариямен байланысудың мәдениетке үлгі болатын бір келесі түрі—16 ғасырдағы қазақтардың араб харпімен жазған хаттары. Оарда араб жазуы ғасырлар бойы толық қалыптасып, қазақтардағы жазу мәдениеті өзбек, түркімен татарлардағы сияқты бір қалыпқа түскенін көрсетеді.»/7/
Ә.Марғұлан академик Френнің көрсетуіне сүйене отырып, Оразмұхаммед сандығында сақталып кейін қолжазба түрінде түрлі кітап қорларына шашырап кеткен шығармалардың тізімін де келтіреді. Олар «Насап нама», «Дастан Едиге би», «Дастан Ақсақ Темір», «Сиыршы», «Дастан Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Тарихи-Рашиди» сияқты және т.б. қолжазбалар еді.
Ә.Марғұлан Қыдырғали би шығармасына белігілі тарихшы Рашид-ад Дин туындысының аты берілуі еңбектің деректі маңызын дұрыс бағалауға кедергі болып келгендігін орынды көрсетіп берді. Сонымен бірге, Әлкей Марғұлан Қадырғали би еңбегінің тілі негізінен қазақ тіліне өте жақын, оны қазақша-шағатайша тіл деп айтуға, сондықтан да «Тарихи Оразмұхаммедті» қазақ жазба мәдениетінің алғашқы үлгілерінің қатарына жатқызуға әбден болады деген тұжырымға келеді.
Жалпы алғанда Ә.Марғұланның жоғарыда аталған тарихи мұралар жөнінде жасалған тұжырымдары бүгінгі жағдайда одан ары дамыта зерттеуге лайық. Олар қазақ қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін аша түсуге көмектеспек.
Қорыта айтар болсақ, Ә.Марғұланның артына қалдырған мол мұрасы қазіргі тарих ғылымында жалпы мәдениетімізде болып жатқан іргелі өзгерістермен үндес, болашаққа қызмет жасайтын ұлтымыздың рухани байлығына жатады. Ә.Марғұлан шығармашылығын, сондай-ақ тарих ғылымының белгілі бір саласымен ғана шектеп қарастыру қателікке ұрындырады. Өйткені, ғылымның өзі тарихи процестерді жан-жақты өзара салыстыра, ұштастыра зерттеуді мақсат тұтқан. Сондықтан да ол археологиялық ескерткіштерді тарихи-жазба деректермен, тарихи жазба деректерді аңыз-жырлармен, аңыз-жырларды алдыңғы екеуімен байланыстыра зерттеген. Сол арқылы ғалым халқымыздың жүріп өткен тылсым әлемін жарқыратып, аша білген. Бұл әдіс кейінгі буын ғалымдарға да, біз сияқты, мектеп қабырғасындағы оқушыларға да үлгі болса керек.

Әдебиеттер тізімі.
1. Марғұлан Ә. «Ежелгі әдебиет куәлары» Алматы, 1966, 4-б.
2. Сонда, 6-б.
3. Марғұлан Ә. «Ойсылқара», «Жұлдыз» 1984, №4. 175-б.
4. Марғұлан Ә. «Қорқыт ата өмірі мен эфсоналары», «Жұлдыз», 1983. №3. 143-б
5. Марғұлан Ә. Әдебиет және искусство Алматы, 1941, 36-б.
6. Қазақ әдебиеті, 2004. 1-қаңтар. 3-б.
7. Сонда, 3-б.

12
скачать работу

Әлкей Марғұлан

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ