Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алтын Орда

арлардың шабуылынан тыным көрмей, ыдырап тынды. Осылардың ішінде Жошы ұлысының орнына келген және далалық дәстүрлерді сақтап қалған ең ірі мемлекет соның ішінде Қазақ хандығы болды. Кейін 16 ғасырда Қазақ хандығы Алтайдан Еділге дейінгі жерлерді иемденіп, бұрынғы Жошы ұлысының жеріне иелік етіп қалды.

 

Шапқыншылығы кезінде монғолия далаларынан келген тайпалардың жаңа жерлерге қоныс аударғандары да болды. Батыс, солтүстік Қазақстанға олар келді: маңғыттар, төлеңгіттер, төрелер, қияттар. Біраз уақыттан кейін монғолдар түркі тілдес халықпен сіңісіп кетті. Жошы ұлысында жаулап алған елдерін уәкілдер-даруғашылар мен тамғашылар арқылы басқарды. Монғол шонжарлары жергілікті тілде сөйлей бастады. Ежелгі дәстүр бойынша тек Шыңғыс ұрпағы "ақсүйек төрелердің" өкілі ғана хан бола алатын еді. Шыңғыс әулетінен тараған сұлтандар Алтын Орда құлап, жаңа мемлекеттер құрылғаннан кейін де халыққа билік жүргізу құқын сақтап қалды.

 

Қазақстан жеріне Шыңғысханның құқық нормаларын "Ясысын" енгізілді. Ол бойынша жергілікті халық соғысқа қатысу үшін әрбір 10 үйден бір жауынгер беруге тиіс еді. Көшпелі малшылар «копчур» деп аталатын салық төледі. Оның мөлшері жүз бас малдан бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды. Әрбір 10 тугар (түтін) егістен қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж (жер салығы) алынды.

12
скачать работу

Алтын Орда

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ