Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Алтын жүлге

жылдан аспайды. Көшпелілер тарихы тіпті басқа, өте ұзақ. Сондықтан отырықшы елдерде көшпелі елдердегідей мәселе туған жоқ, тумайды да.  Он мыңдаған шақырым Еуропа-Азия кеңістігін жайлаған көшпенділер бірімен бірі құда болып, қыз алып, қыз беріскен. Көшпелі жағдайда алыс жерге ұзатылып, келін болған қыз туған жерін, өскен елін қайтып көре ме, көрмей ме; немесе көшіп-қонып жүріп, жаугершілік жат жерге құлдыққа сатылып кеткен балалардың тағдыры; болмаса жастай дүние салғандарды жоқтау, аңсау – міне, осыладың бәрі ән- күйлерде шер боп шыққан. Сол әндердің тозбай, қайта-қайта айтыла беретіні, оның тарихи сезімдік күшінде. Өткен өмір өлеңдері мен әндері тарихымыздың ұзақтығын ғана емес, оның ұдайы ауыр, әрі қайғылы, арманда өткенін байқатады. Сондай-ақ, халқымыздың сол қасіреттерге мойымай, елін, жерін сақтап, ұрпақ өсіріп, мәдениетін жағдайға сәйкес дамытып, тарихтан өз орнын жоғалтпай, мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келе жатқанын аңғартады. Және тек уайым-қайғы емес, елде түрлі той-томалақ, ойын-сауық болғанын, оның да ән- күйінде өз бедерін тапқанын көрсетеді.

 

Елімізде бүгінде мәдени мұрамызды түгендеуге арналған өте орынды қозғалыс жүріп жатыр. Ол көбіне жазба-қазба мәдениетімізге байланысты жүргізіліп жатыр. Әрине, жазба-қазба мәдениеттер көзге көрінеді, орындауы да онша қиындыққа түспейді. Ең қиыны, біздің әндеріміз. Олар нені суреттеп тұр, қашан, қай заманда пайда болды, ол жағы зерттеліп жатқан жоқ. Өйткені, бұл қиын жұмыс. Мұнда тек абстракциялық ой, салыстырмалы ғылыми әдіс, шындыққа жақын, дәлелді болжамдар керек. Ән-күй де біздің тарихымыз дейміз. Олардың өзегі қай жерден тартылып тұр?

 

Бір кезде көшпелілер мәдениеттен жұрдай, жабайы халық деген ұғым бүкіл Батыс елдерінде басым болған. 1936 жылы Мәскеуде Қазақстан Республикасының Әдебиеті мен өнерінің он күндігі өткізілді. Оған Е.Брусиловский жазған “Қыз Жібек”, “ Ер Тарғын” операларын алып бардық. Бұл операларды тыңдаған мәскеуліктер есінен танғандай хал кешті. “Правда” газетінен бастап, барлық басылымдар таңдай қақты. Кешегі жабайы халық небәрі он тоғыз жылда қалай дамыған деп таңырқады. Бұл да шындық  Негізсіз емес. Өйткені, әлгі опералар бүтіндей қаймағы бұзылмаған, қазақ-ән күйлерінде жазылған болатын. Опералардағы әндер мен күйлер қазақ халқы мәдениетінің мыңнан бір бөлігі, ұшқыны ғана  деуге болады.

 

Біз тарихымызды білгіміз, басқаларға білдіргіміз келсе, сол әндерді тек жинақтап қана қоймай, олардың қай замандарды бейнелейтінін зерттеуіміз керек. Бұл да құнды мұра. Бізде 12 мыңдай ән, 6 мыңдай күй бар дейді мамандар. Сірә, бұл шындық  болар. Бірақ сол әндер мен күйлер қайда?

 

Қазақ радиосы 30-40 шақты ән-күйді, оның ішінде оншақтысын ұдайы қайталайды да жатады. Басқа әндер құрып қалғандай. Өйткені, пультте, микрофонда отырғандар дайын тұрған кассеталарды сала береді, ізденіс, талдау жоқ. Тіпті, ертеңгісін қандай ән, кешке қандай ән берілетініне әдеттенгеніміз сонша, айтпай-ақ  біліп отыратын болдық. Қайталай беретін әндер  бізді жалықтырды, құлағымызды әбден жауыр етті. Адам радиодан жанына күш беретін, рух беріп жі­герлендіретін ән-күй естігісі келеді.

 

Біз қазір ауылды көбірек айтамыз. Ол дұрыс. Иә, ауылды көркейту үшін күшті іс-әрекет, одан соң жігерлі, қуат беретін әндер керек. Үкіметіміздің патриоттық өлеңдер керектігі жайында қабылдаған құжатына да бір жылдай болды. Қандай әндер шықты? Айта алмаймын. Оның орнына “Қыздар, қыздар, сұлу қыздар” деген сияқты ешкімнің жүрегіне әсер бермейтін, қозғамайтын беймаза әндер қаулап барады. Әлгіндей әндер жастар махаббатын оятар ма екен? Ондай әндер бізге не бермек? Осыларға мән беретін, реттейтіндер бар ма, әлде бұл ешкімнің шаруасы емес пе, деген ой келеді. Әндер тек ермек емес. Қуат беретін құдіретті күш. Әсіресе көне заман әндеріне немқұрайлы қарау – тарихымызды түсінбеуге, жаны ашымастыққа итермелейді.

 

Досмұхамед КІШІБЕКОВ,  академик.

12
скачать работу

Алтын жүлге

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ