Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Араб мемлекеті

ік  шағын  жайылым  ғана  болды.  Жері  егін  егуге мүлде жарамсыз, азын аулақ  түйе, ешкі, қой  сияқты  түлік  түрі  аяғынан  тозып, азық айырдан  демесең,  мал  ұстауға да  мейлінше  қолайсыз. Құдықтар  суы  өте  тереңнен  шығады.  Сондықтан  да Меккенің  тұрғындары  не мал  өсірумен, не егіншілікпен  айналыса алмады. Мекке  сауда  керуенінің  жолындағы  зәмзәм бұлағының  бойында  өмірге келген [35].  Зәмзәм  суының  шипалы қасиеті  бар.  Сондықтан  Мекке  бірден  қасиетті  мекенге айналды. Зәмзәм  бұлағында Каоба  Храмы араб  бедеуилерінің  атамзаманнан табынатын  орны  болған [13].  Ол  храмды   Абрам (Ибрахим)  мен оның египеттік күңі   Ажардан  туған  баласы  Исмайл  салғызған  деген  аңыз сақталған,  тек  Палестинаға  келгеннен  кейін,  пұшпағы  қанамаған  бедеу  әйелі  Сара  өз  қожасынан  бала  болмайды  деп  ойлаған  соң,  Египет  перғауыны  ханымына  тік тұрып қызмет  қылсын  деп  жанына  қосып  берген күні  Ажарды  құдай  қосқан  қосағы  Ибрахимге тоқалдыққа  алып береді.  Кешікпей  Ажар  Ибрахимге  Исмайлдай  ұл  тауып  береді.  Жасы  жетіп, үміті үзіле бастаған кезде шағында Сара құдіреті  күштінің  желеп-жебеуімен  жүкті  болып,  Исках  есімді  ұл туады.  Сара  Ибрахимді  Ажарды  қуып  жіберуге қимады.  Бірақ  жаратқан  Сараның  талабына  құлақ асты да,  Ажар мен  Исмайлды  құдіреті күшті  иллара  етке  Арабияның  бір  түкпіріне апарып  салуға Ибрахимді  мәжбүр етті....  Жалғыз  қалған  Исмайл  шырылдап  жылап,  жер тепкілей  бастады.... Баланың  тепкілеген жерінен тұп-тұщы  ауыз  судың көзі  ашылып,  бұрқ ете  қалды...  Пайда  болған  зәмзәм  қайнарының  жанында кейін  Исмайлдан тараған  арабтар  Қағба аталған  “Құдай  үйін”  салды.

     Қағбадағы  қара  тастың  құпиясы  әлі  күнге  дейін  жұмбақ.  Ол  басында әппақ  болған – мыс.   Кейін  пұтқа  табынушылар  көп  сипалай  берген  соң  қап-қара  болып  кетіпті.  Бірнеше  рет болған  су тасқыны  Қағбадағы  қара  тасты құлата  алмаған.

     Қала  осы  ежелгі  қасиетті  Храмның  төңірегіне орналасқан.  Ол  храмды Меккеліктер  “Алланың  үйі”  деп, ал  өздерін  “Алланың  көршісіміз”  деп атаған.  Голландық   ориенталист  К.Х. Снус  Хюргроанья:  Аллах  өзінің  көршілеріне  Зәмзәм  суы  мен  тастардан,  құм  мен  тастардан, құм мен аптап ыстықтан  басқа ештеңе де силаған жоқ  деп  жазыпты.  Мекке  сауда- саттық, алым-берімге  таптырмайтын  жер.  Қалтарыс, қаға  берісі мол  жолдар  мазасыз,  жыл он екі ай бойы  ұры-қарысы үзілмейді: Оңтүстік  Арабияға,  Иранға, Сирияға, Жерорта  теңізіне сапар  шеккен керуендер  осы  өңірді  басып өтеді. Алайда  Меккенің  атының  шығуы  оған байланысты  емес.  Онда  арабтың  көптепген   тайпалары  пір  тұтатын  көне  аруақтары мен әулиелі орындары  көп  еді.  Сондықтан    да  Мекке киелі  орын деп айырықша  дәріптелді. Арабияның  түкпір – түкпірінен  сабылып келіп,  әулиелі орындарға  түнеушілер жыл он екі ай  бойы бір үзілметін [14].  Солармен  алым-берім, сауда-саттық  шағын  шаһардың күнелтуіне  жарап  тұрды.  Меккеден  жылына  екі  рет қыста және жазда үлкен сауда  керуендері  шығатын.  Оның  біріншісі (қыста) – Иеменге,  ал екіншісі – Солтүстікке  қарай,  Палестина  мен Сирияға, Иракқа, тіпті  Египетке  бағытталған. 

     Ол  сауда  керуендерін  Меккеден  құдіретті  тайпа-курейштер  ұйымдастырылатын.  Ол  керуенге  кез  келген  Меккелік  кіре  алатын.  Керуендер  алып  шығатын  тауарлар  құны  әр   кезде,  әр  түрлі  болды.  Дегенмен  орта  есеппен  50 мың  алтын тиын  болатын. Курейштердің омейя  руы  ғана  5-6 мың  ақшалық  тауар   жөнелтетін  керуенді  де  сол  ең  қуатты Омейя  руының  өкілдері  басқаратын.

    Үлкен   керуендерді  жол  білетін серіктер  мен  қорғаушы  күзет  жасағы  алып  жүретін.  Түйелерді, оны  айдаушылар  мен  жүк  тиеушілерді   көшпелі  бедуиндерден  жалдайтын.  Тәжірибелі  жол  сілтеушілер  құдықтар  мен  түйе  жайылып, қоректене  алатын  жерлерді  жақсы  білетін.  Керуен басшысы  жүйрік  түйеге  мінген  пысық  жігіті  арқылы Меккемен  үзбей  байланыс жасап  отыратын  Хиджаздықтар  мен Недждіктер  Қағбаға  қажылыққа  келіп  отыратын  қасиетті  айлар  белгіленді.  Ол   айларда  кек  қайтарып, қан  төгуге  қатаң  тыйым салынды.  Мекке  мен  оның  төңірегі “Храм”  деп,  яғни  адам  өлтіру  сияқты  ауыр  қылмыстыларға  жол берілмейтін “қасиетті  мекен”  деп жарияланды.  Сауда  Мекке  тұрғындарының  басты  кәсібі  болды.  Бұл қалада  кім саудагер  болмаса,  оның  тамағын  тауып ішуі қиын  болатын.  Ислам  діні  шыққанға  дейін  Меккеде  өзінің  ақша  жасайтын  сарайы  болмады.  Саудада   Византия  мен Иран, Иемен  ақшалары (алтын, күміс монеталары)   пайдаланылды [29].

     Саудамен  қатар  Меккеде  өсімқорлық  та  кең  қанат  жайды (арабша –“риба”).  Әжептәуір  табыс  табуға  болатын  саудаға  қатысу  үшін шағын  және  орташа байқуатты  адамдар  өсімқорлардан  қарызға  ақша  алып  отырды.  Бай  көпестер  саудамен  де,  өсімқорлықпен де айналысты.  Айталық,  Вакыди: “Аббас өз  тайпасының   адамдарына  көп  ақша қарыз  берген”, - дейді. 

    Бір  диркен - бір диркемге, бір  динар - бір динарға  қарызға  берілетін, яғни  бір динар  қарызға  алған  адам  кейін екі динар  етіп  қайтаруы тиіс болған (100 %  өсіммен).

     Меккелік сауда  керуенінің  тұрақты  бір  мүшесі  Тайф қаласының  тұрғындары,  оның  ішіндегі қуатты  сакиф тайпасының  өкілдері  болды.  Меккемен  Тайфтың  экономикалық  байланысының  тығыз  болғандығы  соншалықты,  ол  қалаларды  “Маккатани” – яғни   “екі  Мекке”  деп атаған.

     Тайф  пен оның  маңындағы  ауыл  тұрғындары  бау  бақшасы, жоқ  меккеліктерді жеміс-жидекпен,  көкөніспен қамтамасыз  етіп отырған.  Тайфтың  маңында меккеліктердің   жазғы  ыстықтарда паналайтын дачалары болатын [10].

    Меккедегі  тайпалардың  ішіндегі  ең қуаттысы  Омейя  руы болды.  Осы  рудың  өкілдері бай  өсімқорлар болды.  Солардың арасынан  сауда керуен басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару тізгінін  қолында  ұстаушылар  шығып  отырды.  Олар  Қаабаның  төңірегінде,  ал-Батха  деп аталған тегіс жерлерде, алаңдарда  тұрды.

    Курейш  басшыларының  тек  ақшасы мен тауары  ғана болып  қойған жоқ,  сонымен қатар олардың  егістік жерлері,  малдары  мен құлдары да көп  болды.  Олар  асыл тұқымды  жылқылардың иесі болды.

    Меккеде, оған жақын  жерлерде  курейштен  басқа  хавазин, гатафан  тайпалары  қоныстанды.  Ал  тайфте скиф тайпасы тұрғанын   жоғарыда  айтып өттік.  Меккеде  сондай-ақ “одақтастар”  деп аталған “ахлафтар” да тұрды.   Бұлар  басқа  тайпалардан  келіп  қосылған  кірмелер  болса  керек.  Меккенің  шет  жағында  “завахир”  деп  аталған  кедейлер  тұрды.  Меккеде  христиан, иудей, зароастра  дініндегі  шетелдіктер  де

12345След.
скачать работу

Араб мемлекеті

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ