Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Арал теңізінің проблемалары

енде Африкандағы өлемге өйгілі Сахара шөлі көзге еріксіз елестейді.

Ол аймақ та кезінде егінді, малды, гүлденген өлке болған. Бірақ, кезінде сол жерді мекендеген халық табиғаттың заңымен санаспай, шаруашылықты қалай болса солай жүргізудің нөтижесінде ұланғайыр кең жер елсіз, сусыз шөлге айналған көрінеді.

Ал, біз болсақ, сол кайғылы төжірибені кайталауға бірте-бірте жакындап келеміз. Міне, осыған орай теңізді сумен толтырмағанмен оның кепкен ұлтанындағы құм, тұз, шаңды ұшырмаудың тезірек бір амалын жасаған жөн.

Арал теңізі Каспийден 74 метр биіктікте жатыр, ал Каспий Қара теңіз деңгейінен 26 метр төмен, демек Арал теңізінің айдын беті кезінде мұхит деңгейінен 48 метр биік болған. Аралдың түбінің ең терең жері мұхит бетінен 20 метр төмен, ал Каспий айдынынан 6 метр жоғары.

Сондай-ақ, Каспий теңізінің тереңдігі 944 метр, ал Арал теңізі ең терең жері небәрі 68 метр ғана. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін теңіз астының қүпия ағыстары мен иірімдерін ғана зерттеген ғылым үшін жер асты суларының өзара карым-қатынас ағыс иірімдері әлі жұмбақ. Алайда Арал мен Каспий егіз болғанымен, мінездері кереғар. Өйткені, Каспийде су көбейсе, Арал да азаяды. Ал, Аралда су көбейсе Каспий шегінеді. Демек, осы екі теңіз өзара тұтасып жатқан жоқ па деген сауал Қорқыт дәуірінен бері алға тартылып келеді.

Аралдың кайғылы тағдыры мен ызғарлы зардабы қазір аймақ шеңберінен асып, бүкіл әлем биігінен білінуде. Осыдан-ақ теңіздің казіргі жағдайы тым ауыр, келешегі тым күңгірт екенін түсінуге әбден болады.

Қазір Аралдың кебуі күнмен есептелуде. Демек, бүгінгі таңда кезек күттірмейтін мәселе — құрғаған теңіз табанындағы тұз, шаңның көбеюін қалайда бәсеңдету. Ол үшін жоғарыда сөз болғандай сол кепкен теңіз ұлтанындағы кұм, тұз шаңдарды жет үсті немесе жер асты суымен бастыру, сол сияқты өсімдік түрлерін егу жұмыстарын айрықша назарға алған жөн. Әлі де Арал теңізі бассейніндегі проблемаларға орай, халыкаралық қорлар мен ұйымдардың каржылары мен мумкіншіліктерін жұмылдыру қажет-ақ.

Егер де жоғарыда аталған жұмыс көлемдері толық іске асырылған жағдайда Арал өңірінің атмосфералық ауа қабаттары тазарып, сондай-ақ аймақта төтенше ауру түрлерінің қаңдай түрі болса да таралмауына оң жағдай туар еді.

 

Қолданған әдебиеттер:

1)   «Зерде» республикалық  ғылыми-көпшілік журнал. №9. 2002 ж.

2) «Атамекен» газеті 1 қаңтар 2001 ж.

12
скачать работу

Арал теңізінің проблемалары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ