Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Астана - бас қала, Астана - жас қала

nbsp;    Қазақ  елін тірегіміз, қазақ тілін жүрегіміз етсек екен.

 

       Байтерек –жер жаһанды  кейіптейтін әлем ағашы,Астана көркі, адамды  сүйсіндіретін ұлт  мақтанышы.

   

      Ел  мерейін өсірер  мындай жетістіктер Елбасымыздың ұстанған сы ндарлы саясатының  арқасында Астана  асқақтап еліміз қарыштап  қанатын  кеңге жаюда.

   

      Жылдан жылға  көркейіп, гүлденуге, егемен ел  болғанымыздың айғағы , өркендеуіміздің көрінісі.

 

       Астананың он жылдығы аталып  өтуі, оған өзге елдерден  қонақтардың келуі елімізге деген үлкен құрмет.

 

       Тәуелсіз Қазақстанның қол жеткізген табыстары ,түсінікте тату-тәтті өмір сүріп жатқан тұрғындардың достық қарым-қатынасы, ынтымақ –бірлігі, Отан сүйгіштігі, ел жандылық сезімдері ой арқауына айналған.

 

      Тарихымен табиғаты, сәулетімен бүкіл  тіршілігі дара, ғажап үлгілі күйіміздің күмбірі, көңіліміздің  жыр-гүлі жас қала Астана күн сайын енсесі биіктеген қалаға айналуы  өзімізді сүйсіндіріп , әлем жұртын көркімен тамсандырды.

      

      Ол көз алдымызда жыл санап емес, ай санап емес, күн санап, аңызға бергісіз шындықпен өсіп келе жатқан нұрлы қала.

 

       Оған бара қалсан , нешеме  көріністерге куә боласын да, қайтарда бір қимастық сезім билеп алады.

 

        Елбасымыз айтқандай, жана әлемдегі жаңа Қазақстанның  жаңа Астанасы әрі жас Астанасы қайсымыздың болса көкірімізде арайлы рухты оятады.

 

          Алыстан айбынды  көрінетін мәдениеттің қайнаған қазаны , жайнап тұрған  ажарлы  Ақорданы, қаланың қалыптасу жолдарын  бүгінгі  ұрпақ  сезініп,  әрбір  қазақстандық  мақтанышпен “Менің Астанам”  деп  айтады.

 

          Тарих  үшін 10 жыл - өте қысқа уақыт.

 

        Мереке  құшағындағы Астана қыз  жасауындай  құлпырып , сән-салтанатын асқақтата түскен.

    

        Бүгін көк аспанды кереукелеген ақшанқан бұлттар да ыдырап,   шілденің арайлы күні нұрлы шуағын жомарттана тойы тұр.

   

        Ел байтағынан тараған шаттық шұғыласына шомылған жұртшылық    алаңға өте көп жиналды.

 

        Олардың барлығы еліміз орталығының  төл  мерекесімен , Қазақстан атты жас мемлекеттің тағы бір тәуелсіздік тойымен  бір-бірін құттықтайды.

 

        Осы кеште ән де, жыр да түгел Астанаға арналады.

 

        Астана-шын мәніндегі жаңа дәуірдің қаласы.

 

        Елордамыздың тұнғыш мерейтойына орай әлемнің оншақты елінен мемлекет басшылары , беделді халықаралық ұйымдардың жетекшілері келді.

 

      Астана - қазақтың үшінші мынжылдыққа, жиырма бірінші ғасырға шаршамай жеткен, кірленбей жеткен, пассионарлық әулетің сақтаған  ұлт  екендігін айғағы.

 

      Астана-қазақтың достыққа адал, сертке берік салты барлық қазақстандықтардың ортақ  менталитетіне айналған.

 

      Осыдан дәл он жыл бұ рын  Астананың халықаралық тұсаукесері өткен жер- Қажымұқан атындағы стадион бұрынғы Ақмола бекінісінің дәл салынған еді.

 

      Енді бүгінде елі үшін ,жнрі үшін он жыл бойы аттан түспеген қазақтың  соңғы ханы ат ойнатқан күйі ерке Есілдің арғы жағынан сол жағалаудағы  жаңа қалаға қарап тұр.

 

     Астана дегеніміз- алдымен адамдар.

 

     Астана адамдарымен асқақбайды.

 

     Астананың көркеюі-ел  дамуының негізгі  көрсеткіштердің бірі.

 

     Астана тек қана әкімшілік қала емес ,халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орындары, ғылыми мекемелері, театрлары мен музейлері.

 

      Астана-келешектің қаласы болуы тиіс.

 

      Астана-толассыз түлеу, дамылсыз даму үстінде әсем қала.

 

      Бұл біздің Астанамыз жайқалған жас қаламыз ұрпақтан ұрпаққа айтылатын аңыз болып айтылар ардақты Астанамыз!

12
скачать работу

Астана - бас қала, Астана - жас қала

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ